
АТМОСФЕРАЛЫҚ РЕФРАКЦИЯ (латынша «рефрактио – сыну») – жер бетіне жақындаған сайын ауа тығыздығы артатын болғандықтан, жарық сәуленің бастапқы таралу бағытынан ауытқуы себепті аспан шырақтарының (жұлдыздардың) және жер бетіндегі объектілердің көрінерлік қалпының ауытқып өзгеріп байқалуы. Жарық сәуленің атмосфера қабатындағы сы- ну құбылысы (рефракциясы) аспан шырақтарының көрінерлік қалпының «бұзылып» ығысып көрінуін тудырады, көрінерлік көкжиектің биіктігінің аласарып (төмендеп), қысыңқылы немесе көкжиектің биіктеп жоғарылап байқалуына, әртүрлі сағымның көрінуіне әкеп соғады. Жарық сәуленің рефракция- сы бұлардан өзге құбылыстарды – жұлдыздардың жыпылықтауын,
«Ойыс» және «дөңес» су беті: а – алыс
көкжиек; б – жақын көкжиек кездейсоқ рефракция түрлерін, жарық шоғының дақты (шұбарланған)
құрылымдарын тудырады. Көкжиекке жақындаған (шамамен 35° бұрышқа) көрініс барынша үлкен өзгеріске ұшырайды. Атмосфералық рефракцияның салдарынан аспан шырақтары көкжиектен біршама «көтеріліп» көрінетін болады. Күн мен Айдың дискілері күн батар және шығар кездері екі бүйірі томпайып шығып жалпайып (созылыққы) болып байқалады.