АТМОСФЕРИКТЕР

АТМОСФЕРИКТЕР (ағылшынша – атмосфералық) – атмосферадағы (мысалы, найзағайда) электр разрядтар кезінде шығарылатын радиосигналдар. Радиоқабылдауға бөгеуіл жасайды, әсіресе аса ұзын және ұзын толқындарда жиірек байқалады.
Ысқырғыш атмосфериктер – найзағайдың разрядталуы кезінде жер атмо- сферасында туатын импульстік сигналдар. Бұл атмосфериктердің максимумы ω ~1 – 10 кГц (кило Герц) жиілік аймағында болатын кең алқапты алып жатады. Жер бетінде туатын әлгіндей жиілікті радиотолқындар Жердің магнит өрісінің күш сызықтары бойымен таралып, ионсфера арқылы өтіп, түйіндес нүктеде қайтадан Жер бетіне жетеді. Сол себепті кеңалқапты қабылдағыштарда алдымен жоғарыжиілікті сигнал, сонан соң едәуір төменгі жиілікті сигнал естіледі. Осы сигналдар жиілігі біртіндеп бәсеңдейтін «ысқырық» секілді дыбыс болып естіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *