
АЛҒЫРЛЫҚ – кейбір физикалық нысанның ерекше қасиетке ие болу сипаттамасы.
Диэлектрлік алғырлық – диэлектриктің электр өрісінде полярлану қасиетін көрсететін сипаттама.
Магниттік алғырлық – магнетиктің магнит өрісінде магниттелу қасиетін көрсететін сипаттама.
АЛЫСӘСЕР – денелер арасындағы өзараәсерлесу кеңістік арқылы лезде тікелей жүзеге асырылады делінетін түсінік.
АЛЬБЕДО (латынша – аппақтық) – кез келген дене бетінің өзіне түскен сәу- лені шағылыстыру (шашырату) қасиетімен сипатталатын шама.
АЛЬФА-БӨЛШЕК, α – бөлшек – 2 протоны және 2 нейтроны болатын гелийдің
4 –24
( Не) ядросы. Массасы 4,00273 массаның атомдық өлшеу бірлігіне тең – 6,644·10
2 грамм, спині мен магниттік моменті 0 (нөл).