
АЛМАСУЛЫҚ ӨЗАРАӘСЕРЛЕСУ – бөлшектер координаттарының орын ауыстыруына қатысты жүйенің толқындық функциясының симметриялық қасиеттерімен байланысты кванттық жүйелердің құрамына енетін бірдей (тепе- тең) бөлшектердің ерекше өзара ықпалы. Алмасулық өзараәсерлесудің классика- лық физикада аналогы жоқ. Бірдей бөлшектердің (тепе-теңдік принцип) біріненбірінің айырмашылығының болмау принципі салдарынан әлгіндей екі бөлшек- тің орын ауыстыруына, яғни олардың координаттарын және спиндерінің проек- цияларына қатысты жүйенің толқындық функциясының белгілі бір симметрияға ие болуы қажет; бүтін спинді бөлшектер – бозондар осындай алмасуда симметриялы болуы үшін жүйенің толқындық функциясы өзгермейді, ал спині бүтіннің жартысына тең бөлшектер – фермиондар үшін таңбасын өзгертеді (антисиметриялы болады). Егер бөлшек арасындағы өзараәсерлеу күштері олардың спиндеріне тәуелсіз болса, онда жүйенің толқындық функциясын екі функцияның көбейтін- дісі түрінде өрнектеуге болады, бұлардың біреуі тек бөлшектердің координаттарына, ал екіншісі – тек олардың спиндеріне ғана тәуелді болады. Осы жағдайда тепе-теңдік принципінен бөлшектердің кеңістіктегі қозғалысын сипаттайтын толқындық функцияның координаттық бөлігі бірдей бөлшектердің координаттарын алмастыруға қатысты белгілі бір симметрияға ие болуы қажет. Осындай симметрияның болуы, жүйенің энергиясына (тіптен бөлшектер арасында күштік өзараәсерлесулер болмайтын жағдайда да) бірдей бөлшектердің қозғалысының өзара байланыстарының (қатынастарының) белгілі сәйкестіктері болатынын білдіреді (көрсетеді). Бөлшектердің біріне-бірінің ықпалы олардың арасында кез келген күштердің әсерінің нәтижесі болып табылады. Бірдей бөлшектердің өзара ықпалдары тепе-теңдік принципінен туындайды. Бұл жайт алмасулық өзараәсерлесудің ерекше өзараәсерлесуінің білінуі ретінде қабылданады.