
АЛЬФА-ЫДЫРАУ, α – ыдырау – атом ядросының α – бөлшек шығаруымен қабаттасып өтетін ыдырауы. Осы ыдырау кезінде ядроның заряды (қарапайым заряд бірлігімен) 2 бірлікке, ал массалық сан – 4 бірлікке кемиді, мысалы
226 222 4
Ra→ Rn+ He. Альфа-ыдырау кезінде бөлінетін энергия α-бөлшек пен ядро
88 86 2
арасында бұлардың массаларына кері пропорционал бөлінеді. Егер ең соңғы ядро қозған күйде пайда болса, онда α-бөлшектің энергиясы осы қозған энергияға кемитін және керісінше, егер қоздырылған ядро (ұзын еркін жол жүру α-бөлшек- тері деп аталатын) ыдырайтын болса, онда артатын болады.
Бөлшектердің потенциалдық бөгеуіл арқылы өтуінің кванттық-механикалық сипатталуына негізделген альфа-ыдырау теориясын 1928 ж. американ физигі Джордж (Георгий) Гамов (1904 – 1968) және ағылшын физигі Рональд Герни (1899 – 1953) мен американ физигі Эдвард Кондон (1902 – 1974) ашқан, α-бөлшек ядродан ұшып шыққанда потенциалдық бөгеуілден өтуі керек.