Образдардың жасалу жолдары

Образдардың жасалу жолдары. III-тарауда образ–тип дегеніміз не, олардың мәні қандай, т.б. бірнеше мәселелердің бетін ашуға тырыстық; енді сол образ–тип қандай жол, қандай әдістермен жасалады деген сұраққа тұжырымды жауап беруге біз міндеттіміз. Бұл – бір.

Екінші, шығармалардағы кейіпкерлер композиция, сюжет мәселелерімен байланысты тарауда көп сөз болады, сондықтан адам образдарын жасауда ақын-жазушылар қандай әдіс, қандай шеберліктер қолданады, осы мәселенің сырын ашуымыз керек. Сонда біз жоғарғы екі тараудың тілегінен туатын сұрақтарға да жауап береміз.

Образдың жасалу жолдары сан алуан, бірақ солардың ішіндегі ең негізгілері: портрет, мінездеу, адамның күйініш-сүйініштерін суреттеу, қатысушылардың сөздері және жанама мінездеу. Бұлар бір-бірімен нық байланысты. Шығармалардың құрылысында бірі ол жерде, бірі бұл жерде келсе де, жиынтығында кейіпкерлердің бейнесін айқындап, оларды ерекше көзге түсерлік образ–тип дерлік дәрежеге жеткізу жұмыстарын атқарады.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *