
АЙНЫҒАН ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШ – жылжымалы заряд тасушылар
(өткізгіштік электрондар және кемтіктер) көп шоғырланған жартылайөткізгіш. Айныған жартылайөткізгіштегі заряд тасушылар Ферми – Дирак статистикасына бағынады, Ферми деңгейі өткізгіштік зонада немесе валенттік зонада жатады. Әдеттегі (айнымаған) жартылайөткізгіште заряд тасушылардың шоғырлануы көп болмайды және олар Больцман статикасына бағынады, Ферми деңгейі тыйым салынған зонада орналасады. Заряд тасушылардың күшті инжекциясы жағда- йында электрондар мен кемтіктердің бірмезгілде айныуы мүмкін. Ферми деңгейі екі квазидеңгейге бөлшектенеді, ол деңгейдің біреуі өткізгіштік зонада, екін- шісі валенттік зонада жата алады.