
АЙНЫҒАН ГАЗ – кванттық механикада бірдей бөлшектердің айырма- шылығының болмауы себепті, газ бөлшектерінің кванттық-механикалық өза- раәсерлесуінің салдарынан қасиеттері классикалық идеал газдың қасиеттерінен өзгеше болатын газ (Tene-теңдік принципі). Бөлшектердің мүмкін болатын энергия деңгейлерінің толтырылу әсерінің нәтижесінде өзге бөлшектердің берілген деңгейлеріне тәуелді болады. Сондықтан айныған газдың жылу сыйымдылығы және қысымдарының температураға (Т) тәуелділігі классикалық идеал газдікі- нен өзгеше болады; энтропия, термодинамикалық потенциалдар және басқа параметрлер өзгеше өрнектеледі.
Айныған газ температурасының бірқатар төменгі температураға дейін төмендеген кездегі мәні айну температурасы деп аталған. Толық айну абсолют- тік нөл температураға сәйкес болады.