АЙНУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ

АЙНУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ – газ бөлшектерінің бірдей және тепе-тең болуы себепті оның кванттық қасиеттері біліне бастайтын төменгі температура. Бозе-газ үшін айну температурасы абсолют нөлге жақын осы температурада Бозе – Эйнштейн конденсациясы – бөлшектердің бірқатар үлесі нөлдік импульс күйіне ауысуы жүзеге аса бастайды. Ферми-газ үшін айну температурасы фазалық ауысумен байланысты емес, бұл температура бөлшектердің фермилік энергиясының абсолюттік нөл температура кезіндегі максимал (ең жоғары) энергиясына тең.
Айну температурасы кезінде ферми-газдың бүкіл төменгі энергетикалық деңгейлері толтырылған болады. Металдардағы өткізгіштік электрондар үшін
Т0~104 К.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *