АЙНУ

АЙНУ, к в а н т т ы қ м е х а н и к а д а – берілген жүйені (атомдық, молеку- лалық, т.б.) сипаттайтын кейбір физикалық шаманың (L) жүйенің әрқилы күй- лері үшін бірдей мәндерінің болуы. Осындай әртүрлі күйлерге арналған физи- калық шамалардың (L-дің) саны берілген шаманың айну еселігі деп аталады. Кванттық механикада жүйе энергиясының белгілі бір ғана мәні бола тұра ол бірнеше әртүрлі күйлерде болуы жүйе күйінің айнуы деп аталады. Мысалы, еркін бөлшектер үшін шексіз еселік айну энергиясы болады: бөлшектердің энергиясы импульстің тек сан мәндерімен анықталады, импульс кез келген бағытта (яғни шексіз сан тәсілімен таңдала алынады) болады. Осы мысалдан айну мен жүйе- нің физикалық симмерия арасындағы байланыс анық байқалады; осы симметрия жазықтықтағы барлық бағыттардың теңдігін білдіреді.
Энергияның айну деңгейі бірнеше мәнге (деңгейлерге) [мысалы, электрлік (Штарк эффектісі) немесе магниттік (Зееман эффектісі) өрістер әсер еткен кезде] жіктеліп кетеді. Осы жағдайда әртүрлі күйлердің саны өзгермейді, бірақ олардағы энергияның әртүрлі мәндері – кіші деңгейлерге бөлшектенеді. Осы құбылыс шамалардың айнудың ішінара немесе түгелдей тыйым салынуы деп аталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *