
АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК, нағыз бейтарап бөлшек – бөлшекті антибөлшектен ажырататын бүкіл сипаттамалары (электр, бориондық, лептондық зарядтары, ғажаптылығы, т.б.) нөлге тең болатын қарапайым бөлшектер немесе қарапайым бөлшектердің байланысқан жүйесі Абсолют бейтарап бөлшек өзінің антибөлшегіне тепе-тең болады. Мысалы: фотон, π0-мезон, J/Ψ-мезон, ипсилонбөлшек.