Дәлелдеу. Сюжетте кездесетін композициялық элементтердің негізгі бірі – дәлелдеу (мотиви ровка). Оқиғаның неге олай болуы, кейіпкерлердің іс-әрекет, амал, айла, күрес, тартыстары, күйініш-сүйініштері, қайғылы халдерге ұшырауы – бәрі де көркем шығармада дәлелделініп отырады. Шын мәніндегі көркем шығармада дәлелделінбейтін бір амал, әрекет болмайды. Ең ақыры қатысушылардың сөйлеген сөздерінің өзі де дәлелденеді. Көркем шығармаларда біреудің жұпыны, қарапайым сөйлеушілігі, екінші бір қаһарманның әдемі, мәдениетті сөйлеушілігі кездейсоқ емес, белгілі себебі барлығын, автордың олай сөйлетуге дәлелі молдығын көреміз.
Көркемдік – шындықта. Қандай шығарма өмірдегі болған не болуға мүмкін шыңдықты дәл көрсетсе, сол шығарма көркем. Ал шындықтың негізі – іс-амал өмір құбылысына сай дәлелденуде. Қаһармандардың ісәрекетіне, күрес-тартысына, күйініш-сүйінішіне, мінез-құлқына, нанымсеніміне оқушылары шек келтірмей, сенерлік дәрежеде дәлелденбесе, оған ешкім нанбайды. Демек, ондай шығармада шындық жоқ, соңдықтан ол көркемдіктен де аулақ.
Қорыта айтқанда, шығарманың көркемдік ерекшелігін дұрыс түсіну оның мазмұнына сай дәлелдеулердің бар, жоқтығын дәл айқындай алғанда ғана мүмкін деуге болады.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ