АБСОЛЮТТІК ТЕМПЕРАТУРА

АБСОЛЮТТІК ТЕМПЕРАТУРА (латынша «абсолутус – салыстырмасыз, шартсыз»), термодинамикалық температура – термодинамикалық тепетеңдік (бүкіл кіші жүйелердің абсолюттік температуралары бірдей) күйдегі макроскопиялық жүйені сипаттайтын күйлер параметрі. Абсолюттік температураны термодинамиканың екінші бастамасы негізінде 1848 ж. ағылшын физигі Уильям Томсон (Кельвин) (1824 – 1907) енгізген. Абсолюттік температура T шартты белгісімен өрнектелген, кельвин өлшемімен (K) өлшенеді, абсолттік нөл температурадан басталып есептеледі. Абсолюттік температура термодинамикалық және халықаралық қолданбалық температуралық межемен (шкаламен) өлшенеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *