
АБСОРБЦИЯ (латынша «абсорбео – сіңіремін, жұтамын») – газ қоспасынан сұйықпен (абсорбенттің) заттарды жұту үрдісі. Абсорбция – белгілі газды сұйық еріткіште ерітудің бір тәсілі; абсорбцияның шамасы осы газдың ерігіштігімен, ал ерітілу жылдамдығы – оның газ қоспасындағы және сұйықтың шоғырла- нуының (концентрацияларының) айырымымен анықталады. Егер сұйықтағы газдың концентрациясы, газ коспасындағыдан артық болса, онда ол ерітіндіден бөлінеді (десорбция). Абсорбция газдарды ажырату үшін қолданылады. Абсорбцияға кері үрдіс – газсыздандыру (газдан арылу) болып табылады.
Жарық абсорбциясы, ж а р ы қ т ы ң ж ұ т ы л у ы – зат арқылы өткен опти- калық сәуленің қарқындылығының кемуі.