
Тагаева С.К. –ҚарМТУ студенті (ПО-14-2 тобы)
Тамбетова Қ.Қ. – ҚарМТУ студенті (ПО-14-2 тобы)
Ғыл. жетек. – п.ғ.к., проф. Султанова Б.К.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарымқатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында көрсеткен жаңа кезеңнің негізгі міндеттерін атап көрсеткен болатын: «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту».
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог мамандардың кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін анықтай отырып, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзіреттіліктерді игеру міндетті деп көрсетті.
1. Арнайы құзіреттілік — өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет.
2. Әлеуметтік құзіреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
3. Білім беру құзіреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Бұл қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді [1].
Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған [2].
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру [3].
Қорыта айтатын болсақ, ақпараттық технология негізінде студенттердің құзіреттілігін қалыптастыру дегеніміз студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдық белсенділігін арттыруға жоғары деңгейге шығуына, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелері болып табылмақ. Ақпараттықтехнологиялық құзіреттілік ақпараттық технологиялармен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
4. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2013 жыл
5. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр
Баспа», 2014 ж.
6. Қазақстан Республикасында білім беруді 2013-2016 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Астана.-2015 ж.