
Цицеронның айтқандары
Шешеннің ең басты қасиетінің бірі – айту керек нәрсені айтып қана қоймай, айтпайтын нәрсені де айтпау.
Қылмысты мадақтаудың ең ұлы жолы – жазаламау.
Өз-өзіне ғашық адамның қарсыласы жоқ.
Ақылы мен жасы кемеліне толған кездегі достық қана берік болмақ.
Кітапқа құмарлық – жас кезіңде қуат береді, қартайғанда көңіл сыйлайды, бақытты кезіңде сұлулық береді, бақытсыз кезіңде жайлы орының, алданышың болады, үйіңдегі қуанышыңа айналады, ал басқа уақытта саған кедергі келтірмейді…
Шынайы достыққа тән қасиет – кеңес беру және оны тыңдау.
Сымбаттылық пен сұлулық – денсаулықтың бейнесі.
Әрбір адам – өзінің ішкі әлемінің айнасы. Адам қалай ойласа, ол сондай болғаны.
Сүрінбейтін, адаспайтын тұяқ жоқ, бірақ бір сүрінген жерге құлай беру– ақымақтық.
Жеңілтектік – жапырағын жаңа жайған жастық кезге ерекше тән.
Махаббат – өзінің сұлулығымен жүректі жаулаған адамның достық сеніміне ие болуға тырысу.
Махаббатты жастар сияқты құштарлықпен емес, адалдығына және беріктігіне қарай бағалау керек.
Бейбітшілік – әрбір адамның құқығын құрметтеуге негізделген еркіндік.
Даналық – барлық ғылымның көзі.
Кәрілік адамды жұмыс істеу қабілетінен айырады деуге бола ма? Дәлірек, қандай жұмысқа деген қабілетінен айырады? Жастарға тән және жастардың күш-жігерін қажет ететін жұмыстардан… Ақыл-есі түзу, денесі әлсіз қарт адамға бұл әлемде лайықты ешқандай жұмыс жоқ па сонда?
Егер біздің көмегімізге зәру адам болса, сол адамға қолымыздан келгенше қол ұшын беру – саналы адам баласының басты парызы осы.
Тарихты білмеу деген сөз– мәңгілік бала болып қалу деген сөз.
Даналыққа үйрену аз, оны қолдана да білу керек.
Қайырымды болудан артық еш нәрсе жоқ, себебі бұл– ұлы қасиет қана емес, басқа да асыл қасиеттердің анасы.
Артқан үмітті ақтамағаннан қиын ештеңе жоқ.
Қалжыңның да шегін білу керек.
Дана адамдардың әрекетін ақыл басқарады, олардан ақылсыздау адамдардың әрекетін тәжірибе, тіпті ақылсыз адамдардың әрекетін қажеттілік, ал хайуандардың әрекетін табиғат басқарады.
Оқығысы келетін адамдарға оқитын адамдардың беделі зиянын көбірек тигізеді.
Жас адамның денесі еңбекпен шынығады.