Сократтың тәлімдік сөздері

Сократтың тәлімдік сөздері
Әрбір адам, дарындысы да, дарынсызы да, өзі жеткісі келген жетістікке жетуі үшін оқып, жаттығуы тиіс.
Мейрамсыз өмір – бұл ат шалдырып демалатын ауласы жоқ ұзақ сапар.
Заңдар жақсы адамдарға да, жаман адамдарға да пайдасыз: біріншілері заңдарды қажет етпейді, екіншілері олардан жақсы болып кетпейді.
Біз достардың көмегіне зәру емеспіз, біз олардың көмегін аламыз деген сенімге зәруміз.
Ақымақтардың ұстазы сөз емес, бақытсыздық. Барлығында надан болмас үшін, барлығын білуге ұмтылма.
Адам тәнінің ауыратыны секілді, өмір сүру салтының да ауруы болады.
Әкелердің жақсы, жаман әдеттері балалардың кемістігіне айналады.
Досыңнан құпияны білген соң, ешкімге тіс жарма: дұшпанға айналып сен дұшпаныңа емес, достыққа соққы бересің.
Әдемілік үлкен еңбекпен, көп оқығандықтың арқасында келеді, ал жаман нәрсе өзімен- өзі еш күш салмастан қалыптасады.
Еркін деп мен, еш нәрсеге үміттенбейтін, еш нәрседен қорықпайтын адамды есептеймін.
Қалауы кедей адам, нағыз бай адам.
Ешбір зат себепсіз пайда болмайды, бірақ кез келген зат белгілі бір себептермен, қажеттілігіне қарай пайда болады.
Ерлік –істің басы, жағдаят – істің соңы.
Еш нәрсе шынайы емес, немесе шынайы бізге беймәлім.
Заттардың себебін іздеу, шексіздіктің басын іздегенмен тең.
Сөз – істің көлеңкесі.
Кедейлік пен байлық –қажеттілік пен асып кеткендікті білдіретін сөздің мағынасы. Сондықтан, қажеттілікті сезініп тұрған адам бай емес, ал қажеттілікті сезінген адам – кедей деген сөз емес.
Жоқ нәрсені ойлап қайғырмай, бар нәрсеге қуанышты адам – есті адам.
Жаман адамдар тығырыққа тірелген кезінде берген сөзін тығырықтан шыққан соң орындамайды.
Байлық қолға түспей тұрғанда оған деген құштарлық шаршатады, қолға түскен соң әуресі көп, ал келмеске кеткен соң сағындырады.
Бақыт – шалқыған дастарханды тарту етсе, естілік – жеткілікті дастарханды тарту етеді.
Айналаңда қоршаған әділетсіздіктен қорғана білу – ақылдың белгісі, өкпелегенің үшін кек қайтаруға құштар болмау – сезімсіздіктің белгісі.
Егер көп нәрсе қаламасаң , аз нәрсенің өзі көп болып көрінеді.
Ақшаға қанбайтын қызғаныш, қажеттіліктен де жаман, себебі қалауың өскен сайын, олар қажеттілік тудыра бастайды.
Ессіз, ұстамсыз, жаман өмір сүру – бұл жаман өмір сүру емес, бұл баяу өлу деген сөз.
Төлемді ойына ұстаған адам шын рақымшыл емес, жақсылық жасағысы келген адам шын рақымшыл.
Өзіңді өзің мақтағаннан, ел мақтағаны дұрыс.
Аз қаражатты ұстап жүріп, жақсы көңіл күйде жүрген адам – бақытты.
Көп қаражатты ұстап жүріп, жан қуанышын сезіне алмаған адам бақытсыз.
Асқазан рахатына батып, тамақты, шарапты есеппен жемеген, махаббат рахатын есепсіз көрген адамдардың көбінде олардың рахаты бір сәттік, ұзаққа созылмайды. Ал сол рахаттар нәтижесінде келетін қайғы — қасіреттер көп әрі ұзақ болады.
Пайдалы емес әрбір рахаттан бас тарт.
Ақжарқын әрі салмақты қарт сүйкімді.
Рахаттардың ішінен ең жақсысы, сирек болатыны.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *