Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
Ақпараттық жүйелердің дамуы бизнестің талабын және динамикасын бейнелейді. Басқару сапасының өсуіне қажеттілік бизнесімен, нақты бизнес-процестермен ақпараттық процестердің сәйкестігі, соның ішінде құжат айналымының жылдамдығы мен басқару шешімдерін қабылдауға дайындық қазіргі ақпараттық жүйенің дамуына арналған кілт болып табылады.
Қазіргі бизнесте табыс факторы бизнес стратегиясы, еңбек ресурстары, ақпараттық жүйелер болып табылады.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) бизнес стратегиясын өндіру кезінде байланыстырушы түйіні ретінде, басқаруды өзгерту, қызметшілер мен кәсіпорын стратегиясын табысты іске асыруында белгілі бір рөль ойнайды. Бизнесті басқаруды қолдауға негізделген интегралданған автоматтандырылған жүйелерді дамыту концепциясы да маңызды.
Интегралданған басқармалы ААЖ концепциясы
Ақпараттық стратегияның құрылуы бизнестің тиімділігін жоғарлатуға, оның бизнесінің барлық жағын стратегиялы үйлестіруіне бәсеке қабілеттілігі негізделген. Бұл бизнесті оптимизациялауға, сонымен қатар жұмыс нәтижесін комплексті жақсарту үшін ақпараттық технологияларды, еңбек ресурстарын және басқару қызметінің мүмкіншіліктерін біріктіруге қабілеттілігін көрсетеді. Кәсіпорын қызметінің басты мәселесі:
өнімнің күрделілігі мен алуан түрлілігі және қызметі;
клиенттерге қызмет көрсетуі бойынша алуан түрлі талаптар;
нарықтардың масштабы және күрделілігі;
заңдардың динамикалық өзгеруі;
капиталды өсіру және еңбек ресурстарының дамуы;
өзгермелі жағдайларға оперативті реакциясындағы қажеттілік
болып табылады.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану өндірістердің бәсеке қабілеттілігін жоғарлататын факторларға негізделген:
әдістерді тиімді орналастыру;
өнімнің өзіндік құнының азаюы және шығындарды реттеу;
маркетингтің тиімділігін жоғарлату;
нарықтық қауіп-қатерді реттеу және т.б.
Концепцияның жүйелі бағдары
Ақпараттық жүйелерді құру жүйенің өмірлік циклінің барлық кезеңінде өңдеушінің жүйелі бағдарын талап етеді. Жүйелі үйлесім мыналарды қарастырады:
ААЖ дамуының концепциясын анықтау;
жүйенің даму концепциясы негізінде технологиялық платформаларды өңдіру;
бизнес-процестер жүйесінің моделі мен бизнес-ережені өңдіруді қалыптастыру;
бизнес және бизнес-ережені басқару жүйесінің жұмыс істеу ережесін (регламентін) жаңарту;
комплекстік компьютерлеу нәтижесінде барлық өндірістер мен қызметшілер жұмысының жаңа кезеңдерін сапалы ендіруі бойынша арнайы жұмыстар жүйесін құру.
Табыс көбінесе өндірістердің арнайы жұмыстарына байланысты болады, оларды өткізуге жауапкершілікті және бақылауды бөлу бойынша фирманың мақсаты мен міндеттерін негіздеу кезінде күш сала отырып, жоғарғы басшылық дайын болуы керек.
Келесі жүйелі үйлесімді пайдалану:
концепцияны жетілдіруді және бекітуді;
пәндік облыстағыдай компьютерлік жүйелер құру облысында білімді қажет ететін архитектуралық шешімдер қабылдауды;
технологиялық платформалар таңдауды, жүйелі техникалық әдістер мен жобалау технологияларын;
«жоғарыдан төменге» әдісімен ақпараттық жүйелерді жобалауды;
Технологиямен бірге құжатнаманы параллель құруды;
Ендіру және дамыту жоспарларын құруды ;
қажет етеді.
Интегралданған ААЖ-не негізгі талаптар
Интегралданған ААЖ-ге қойылатын негізгі талап ретінде мыналарды қарастыруға болады:
1) ААЖ-ң ашықтығы, сонымен қатар:
қосымшалардың масштабталынуы (басқа объектілерге тасымалдау, мобильділік);
нақты тұтынушылар мен нақты техникалық платформаларға қосымшаларды сәйкестендіру (есептеуіш және операциялық жүйелерге);
бөлінген құрылымда тұтынушылар интерфейсі мен функционалды мүмкіндіктерінің бапталуы;
2) бизнестің негізгі принциптеріне сәйкес:
регламенттелетін автоматтандырылған құжат айналым;
құжаттарды есептеу, бақылау және сақтау бірлігі;
мазмұнды және формальды есептің бірлігі;
аналитикалық есептің бірлігі;
мультивалюталық және батыс нормативтеріне бапталу;
3) бірдей ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ету:
тұтынушылардың кеңістікті бөлінуі;
нақтылы уақыт режимінде ақпараттық жүйені функционалдау;
кеңейтілген ауқымды телекоммуникациялық мүмкіндіктер;
ішкі жүйелік ақпараттық байланыс;
интерфейстердің көптігі; олардың техникалық өңдеуінің виртуалдылығы мен біртектілігі
4) нақты қосымшалар мен тұтынушаларға бапталу, сонымен қатар спецификацияның бапталуы:
құрылымның, құрамның, функцияның және өкілеттіктің сипатталуы;
пайдаланушы интерфейсі (формалар, есептер, менюлер);
коммуникацияның әр түрлі схемалары үшін интегралданған жүйелерде мәліметтерді беру (жергілікті, корпоративті және ауқымды есептеуіш желілері, on-line және off-line сеанстары, электронды пошта);
сервистер (ақпаратты қорғауды және әрекеттестік регламенттерін қоса);
жүйеаралық интерфейстер;
5) бизнесті басқаруды қамтамасыз ету:
дамудың стратегиясы мен тактикасын басқару;
ішкі және сыртқы орталардың ахуалын болжау (нарықтар мен қорлар);
филиалдар жүйесінің мен қосалқы өндірістер нысанасы және олардың басқарылуы;
қорлармен, активтер мен пассивтер портфельдерімен басқару;
электронды құжат айналымды, құқықты және өкілеттікті билеу;
6) сенімділік, қорғаныс және қауіпсіздік:
бөліктермен сақтау, сонымен қатар техникалық және ақпараттық көшірмесін алу (резервті ақпараттық орталықты құруды қоса);
қорғаныс деңгейлерінің көптілігі;
жеке операциялар мен функциялар өткізуге арналған жүйелеріне енуге бақылау және авторизация;
операция және құжат айналым журналын жүргізу;
7) құжаттаудың біркелкі регламенті, техникалық қамтамасыз ету және модификация.
8) анализдің көпдеңгейлі және көпаспектілі жүйесі мен иілгіш және жетілген графикалық тұтынушылық интерфейспен шешім қабылдауға дайындық.
Жоғарыдағы талаптарды іске асыру және интегралданған ААЖ-ң құрылымдық, функционалдық толықтығын қамтамасыз ету үшін жобалаудың бірнеше принциптерін сақтаумен жобаны іске асыру керек.
1) бірінші басқарушының принципі, ол мыналарды қарастырады:
концепцияны қарастыру мен бекіту және даму стратегиясы кезінде нақты өкілеттіктің жоба басшысында болуы;
жобаның мерзіміне, технологиясына және толықтығына бақылау жасау;
өкілеттікті қайта бөлу мүмкіндігі;
жобаға қатысатын қызметшілерді дайындау және қайталап дайындау;
жоба жүйесінің өмірлік циклінің барлық сатыларында бөлімшелер күшінің координациясы;
2) ААЖ-ді құруға, модификациялауға жүйелі ықпал жасау келесілерді білдіреді:
бизнесті дамыту концепциясы мен стратегиясының келісуін және жетілдіруін;
АЖ концепциясын құруды;
АЖ жобалау (құрылым, құрам және функция) технологиясын бірыңғайлауды, оның ендірілуі және жүйенің бөліну есебімен пайдалануды;
жобаның комплекстілігі мен интерактивтілігін;
3) жобалық спецификация мен технологияның ашықтығы;
4)Қазақстанда және шет елдердегі өнімдер мен қазіргі бизнес және ақпараттық технологиялар бойынша комплексті маркетингтік зерттеулер жүргізу;
5) экономикалық мақсатқа лайықты жобалар принципімен қоса:
ұсынылып отырған шешімдердің үнемділігі мен өнімділігінің анализі;
ішкі және сыртқы ортада өзгеріліп отыратын шарттарға бейімделіну;
жаңа өнімдер мен қызметтерге қолданылатын жүйелердің даму мүмкіндігі; алда келетін бизнес-технологиялар мен өнімдерге негізделу;
тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру;
6) жобалау және құжаттау процестерін интсрументальды қолдау, сонымен қатар:
өмірлік циклдің барлық сатыларында ААЖ жобасын автоматтандырылған құжаттық қамтамасыз ету;
электронды құжат айналым;
шешім мен технологияны стандарттау және бірыңғайлау;
7) концепция стандартымен сәйкес келетін жоба стандартын құру және қолдауымен қоса:
ашық жүйелердің негізгі стандартын қолдау;
берілген басқа жүйелерге өзара әсері мен енуінің иілгіштігі, сонымен қатар интегралданған жүйелер ортасында;
жобалау және баптау, бейімделу, көшірілу иілгіштігі;
оперативті жәрдем, соңғы тұтынушының пайдалану қарапайымдылығы.
Басқармалы есептерді комплексті шешудің факторлары
Интегралданған ААЖ құру стратегиясын жетілдіру кезінде төрт факторды атап өту керек.
Уақыт факторы. Барлық қызмет түрлері үшін қазіргі ақпараттық қамтамасыз етудің стратегиялық маңыздылығы есебі мен бәсекелестіктің өспелі деңгейін АЖ құрудың бірінші сатыларында аяқталып, оның эксплуатациясының бірінші нәтижелері жүйені жетілдіру туралы шешім қабылдаудан кейін және оны қаржыландыру бастамасын қысқа мерзімде алу қажет. Жетілдірудің өзі максималды қысқа мерзімде аяқталу керек.
Уақыт факторы жүйені эксплуатациялау процесінде назарға алыну керек, өйткені шешімді қабылдау және оның анализі үшін пайдаланушыға ақпаратты уақытында жеткізу және бизнесті басқару сапасы бәсекелестердің өсу шарттарында табыстың стратегиялық факторы болып табылады.
Экономикалық фактор. Жоспарды қаржыландыруға салу маңызды болуы мүмкін, бірақ олар:
жоспардың мақсатына жету және ААЖ ендіру;
жоспардан максималды түрде пайда (табыс) табу;
іске асырудың басқа варианттарына қарағанда оптималды болуы керек.
Жобаны негіздеу үшін бизнес-жоспар құрылу керек. Сонымен қатар Қазақстанда орын алатын экономикалық тенденцияны ескеру керек: білікті мамандар еңбектерінің біршама тез қымбаттауы, ЭЕМ және ақпараттық технологияның техникалық жабдықтардың нарықта интенсивті дамуы. Бүкіл дүниежүзіндегідей Қазақстанда техникалық жабдықтардың біршама арзандауы орын алады. Бір жағынан, негізінен жаңа техникалық платформалар үшін программалық әдістерді пайдалануда ресми емес немесе пираттық үлестің бірте-бірте азаюы интегралданған ААЖ құру кезінде программалық әдістердің бағасын өсіруге әкеледі.
Потенциалды өзгерту және дамыту факторы. Қазақстанда бизнес сферасы тез, кейде өзгерістерге (заңдар, саяси өзгерістер мен шешімдер, макроэкономикалық шешімдер, өзгермелі әдістемелер мен әр түрлі есептер параметрлерінің мағынасы және жаңа көрсеткіштерді енгізу, жаңа сфералар мен қызмет түрлерінің пайда болуы және т.б.) алуан түрлі жағдайға душар болғандықтан бұл өзгерістер модификация жолын бейнелеу мен ААЖ функционалды мүмкіндіктерін кеңейтуді тез және оперативті табу керек. Сонымен қатар, шешімдерді жаңа есептеуіш платформаларға, жаңа технологиялық және программалық әдістерге тасымалдауды қамтамасыз етуді қажет етеді.
Сабақтастық факторы. Ақпараттық қамтамасыз ету әрқашан өндірісте бар және функционалды әдістерді пайдаланады, сонымен қатар жалпы жағдай және «ноу-хау». Бұл жаңа технологияларға бірте-бірте көшуімен және алдын-ала болған әрбір шешімдердің жағымды компоненттері барымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, сабақтастық бизнестің шексіз анализі үшін аналитикалық жүйелерде маңызды және жаңа ақпаратты алу мен шешім қабылдау кластарын кеңейту мақсатымен сыртқы көзден ақпарат елестету.
Ақпараттық жүйе архитектурасының кейбір ерекшеліктері.
Компьютерлік архитектура басқа архитектуралар сияқты – бұл жүйелер құрылымына пайдаланушы талаптарын анықтайтын өнер, одан кейін оны жобалау, пайдаланушы көзқарасы бойынша, әрбір бөлшегі бүтіннің функциясы сияқты анықталады.
Ақпараттық қамтамасыз ету тұтынушылардың тиімді жұмысы үшін қажетті барлық ақпаратты жүйеде беру және сақтау керек. Жобалау процесінде бизнестің ақпараттық моделі құрылу керек, ол мынаны сипаттайды:
басқару жүйесі ретінде жүйенің нақты объектілері;
объектілер мен сыртқы орта арасындағы ақпараттық байланыс;
құжаттарды, мәліметтерді, ақпаратты ақпараттық байланыспен сәйкестендіріліп берілетінін;
берілетін ақпарат көлемі мен алмастыру сеансының жиілігі;
жүйеде классификациялау және кодтау.
Тиімді басқару үшін негізінде классификация мен кодтау принциптері ұсынылады, олар мынаны ескереді:
олардың құжатта орналасуынан көрсеткіштерді теңестіру тәуелсіздігі;
жеке белгілер бойынша көрсеткіштердің топтауын жүргізу мүмкіндігі;
берілген пәндік облыста кездесетін кез келген объектілерге қолданушылық;
классификация толықтығын (барлық қасиеті бойынша);
кодтауды оңайлататын келісімдердің бары;
халықаралық стандарттарды пайдалану;
әрбір белгі мағынасының санын өсіру мүмкіндігі.
Жүйенің функционалды толықтығы сыртқы ортамен ара қатысында автоматтандырылған өндірістік жүйелерге негізделеді.
Модельдер – жетілдірудің барлық сатыларының байланыстырушы звеносы. Олар уақыт ішінде (зерттеу, жобалау, ендіру, эксплуатациялау, даму процесінде) ААЖ динамикасы туралы түсінік береді. Модельдер жобаға қатысушылардың: тапсырыс берушінің, жобалаушының, бағдарламашы, жүйені басқарушының өзіндік тілде сөйлесуі болып табылады. Сонымен қатар модельдер жүйелік интегратор үшін шешімдер жиналуының әдісі қызметін атқарады. Ол шешімдерді оңай бизнестің бір түрінен келесісіне алмастыруға мүмкіндік береді.
Модельдер, адамзаттық фактормен, бизнес-спецификасымен байланысқан маңызды ерекшеліктерді біртіндеп сіңіру ақпараттық инфрақұрылымның толық есебін алуға жағдай жасайды.