Көтенші—Көктіңұлы аңызы

Көтенші—Көктіңұлы аңызы
(ІV нұсқа)
Қоңырат—Қара—Құдайберді, онан—Берді—Сүгір, оның баласы—Мелде би, оның үш баласы болған. Мелде би—отырарда би болған адам. оны жайлаған бұрынғы қарақалпақтар болған. Мелде бидің әкесінің қолынан қалған екі бала болған: Демен, Семен. Сонымен 32 балам бар деп отырады екен.
Қазақтан келген би деп Мелде биді қарақалпақтар өлтіргісі келеді. Мелде бидің төрт баласы: «мал айдап, тоқыма алам» деп Кабул қаласына кетті. Екі құл бала қарақалпақтың әйелінен туған, қарақалпақтар нағашысы болған. олар—қорғанның есігін ашып-жауып тұрушы. Мелде би екі құлдың баласын нағашылары на қалдырып, өзінің 26 баласымен отырардан қашып шығады.
отырардан қашып, Қоңырат қаласы деген жерге орнығады (Қоңырат қаласы қарақалпақтарға қарайды).
Төрт баласы әкесі өлді деп естігенсін, Жиделі-Байсын деген жерде қоныстап қалады (Самарқан облысына қарайды, сол жердегі өзбектер қоңыратпыз деп атайды, тегі олардың қазақ).
Шыңғыс тұқымының бірі қарақалпақтарды отырардан қуып, Төрткөлге қарай айдағанда Емен-Семен деген екі құлдың ауылы «қазақпыз» деп ажырап қалады. Емен батыр болып өтеді, бала болмаған. Семеннен жалғыз бала туады, ол— Көтенші. олардың жайлауы жазды күні Сарыарқаға көшеді, қыстағы—Қызылқұм. Бір күні «Қызылқұмнан көң табам» деп Емен батыр бір төбеге шыға келсе, төбенің астында жаңа көшіп кеткен үйдің жұртын көреді. Сол жерде ыңырсыған дауыс шығады. Жанындағы адамын ауылына жібереді (көшіртіп келуге). ыңырсыған нәрсе көңнің арасынан шығады. ол көкке ораған жас бала болып шығады. өзінің перзенті жоқ екен, әйелі бала тумайтын адам екен, сонда Емен батыр әйеліне соны туған етіп, бала туды ғып қояды. Сол баланың аты—Көкұлы деп аталады. Арыстың маңайы, Бақтыаралдың қазақтары «Емен, Семен, Көкұлы, Көтенші, Қоңырат боламыз» дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *