Көтенші
(V нұсқа)
Жаманбайдың балалары: Құрбан, Ноғай, Шоқпарлы, Жауғашты, Қыйра. Құрбан—мүсәпір, момын адам, оның қалған төрт інісі—Жауғашты, Ноғай, Шоқпарлы, Қыйра, бұлардың көзі ұрлықпен өткен.
Інілерінің ұрлығын ағасы Құрбан айта берген. ұры інілері қылдан белбеу буынып ұрлыққа аттанған. Біреулер малын іздеп келсе: «Біздің мына қыл буынған белбеулерің әкелді»,— деп отырған. Сондықтан кейінгі төрт ағайынды ұры інілері «Қылбелбеулі жаманбаймыз» деп атайды.
ұры төрт інісі Құрбанды «өлтірейік» деп мәсілихат құрады. Соны Құрбан естиді де өзінің інілеріне айтады: «Сендердің пиғылдарың бұзылды, мені өлтіресіңдер. Мені өлтіріп қанымды мойындарыңа жүктемеңдер, менің өтініп сұрайтыным бар. ол мені тірідей Шудың бойына тастап кетіңдер, маған бір балта, бір қақпан, екі қармақ балыққа салатын және бір керме беріңдер! Мен сөйтіп Шудың бойында аң аулап күнімді көрейін, сендердің ұрлықтарыңды айтпайын».
Інілері айтқанын істейді. Құрбан күнін көріп жүре береді. Сол кезде Құрбанға жарымжан, бір ақсақ соқыр әйел кездеседі. Әйелдің мүгедектігі болмаса, жасты болған. Жолаушы есекке мінген бір қария адам кездесіп, осы екеуін көріп, некесін қиып, қосып кетеді. Бір күні қақпанына киік түсіп үйіне келсе, мүгедек әйелі ұл тауып отыр. Сол баланың атын «Киікші» деп қойған. Әлгі мүгедек әйел келесі жылы басы сеніп, жарты бас болып бір бала туады. оның аты «Жарықбас» қойылады. Мүгедек әйелден тағы үш бала туылады. 1.Түней (Тіней)—түнде күркеде туған бала, 2. Жары (балаға жарып қалдық қой дегеннен шыққан), 3. Сасық (бала көбейіп, тіпті балаға сасып кеттік қой дегеннен шыққан). үлкен баласы Киікшіге Арғыннан Анар деген қыз әпереді. Кейін келе Киікші өледі. Сонан кейін басқаларына шеше болып тәрбиелеген Анар болған.
Бір күні мүгедек әйел өліп, Құрбан қартайып 80-ге келеді. Сонда келіні күтуге атасын ұялып, қалың мал беріп, Құрбанға күтуші, бір жағы әйел етіп бір қазақтың қызын алып береді. Бір күні ол жүкті болып, еркек бала табады. Сонда Анар келіп, шалды қуантып, шүйінші сұрайды. Сонда шал айтады: «Егер бала менен болса, оның белгісі болады. Ал басқадан болса, белгі болмайды. Егер әлсіз адам менің балам болса, көтенінің жиек бауы болмайды, қызарып еңіреп жатады. Ал басқа жігіттен туған болса, ол белгі болмайды».
Баланы қарап жіберсе, бала шалдікі болып шығады. Көтенінің жиек бауы болмайды. Сонда шал «баламды Көтен» деп атаңдар деген. 