Есентемір

Есентемір
(V нұсқа)
Есентемір Қыдырқожа байға жылқышы болған. Сауыт-
сайман асынып, батыр атанған. Төрт баланың үлкені Есенте мір екен. Қыдырқожа бай жұтқа ұшырайды. ол кезде Есентемір дің аты Темір көрінеді. Темір жылқыға жайлы қоныс іздеп, оны «Шетпе» маңынан тапқан екен. Бай Темірдің тапқан қонысына бар жылқысын айдатып жібереді. Қыс өте қатты болады. Төрт жігіт қыстан жылқыны шығынсыз, аман-есен алып шығады. Жылқыларды елге айдап келе жатқанда Темірдің астындағы қаракөк ат жер танып, кісінеп жібереді. Қыдырқожаның қызы Темірдің қаракөк атының дауысын естігенде: «Бай өзімнен туған бала емес қой, малдан да, баладан да айрылдым ғой!»— деп уайымдап, қыр басыңда отырады екен.
Байға малдың келе жатқанын хабарлайды. Бай Темірге риза болып, аман-есен келгендіктен «Есентемір» деп атақ береді. Солай Темір енді «Есентемір» атанады. Есентемірдің жоқтығын пайдаланып, Алқожа байдың бел балалары: Ата, Елтай, Естай Қалпаққа енші бермей, оны бөлек қондырады.
Мұны естіген Есентемір үшеуін бір пәлеге—«барса, келмеске» жіберу үшін, ұрындыру үшін: «Күміс құйрық күрең айғырдың үйірі бар, соны айдап келіңдер!»—депті. үшеуі барғалы жатқанда, Қыдырқожа бұл Есентемірдің ісі деп, туысының балаларын жібермейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *