Есентемір

Есентемір
(VІ нұсқа)
Арғында Құбаның баласы Темір деген кісі болған. Түбі— Төлеңгіт. Темір еліне симай, Қыдырқожаға келіп паналайды. Қыдырқожа бай болған екен. Темір осы байдың жылқысын бағады. Байдың қызы Күміспен Темір жақындасып қояды. Күміс жүкті болып, түнде босанады. Әкесі қой өргізетін жолға туған баласын шүберекке орап, талға іліп кетеді. Қыдырқожа нәрестені етегіне салып, үйіне әкеледі де, бәйбішесіне: «Не ұлдан, не қыздан болды. Мына баланы бақ!»—деген екен, бәйбіше тілін алмайды. «Қыдырқожаға—Моншақты қара күңге апарып бер!»—дейді.
Күң Таз бен Адайды қатар емізеді. Екеуі бір-біріне тете екен. «Таз бен Адай—егіз, Егіздетіп еміз» деген мәтел содан қалған екен.
Темір байдың жылқысын жұттан аман алып шығады. отардан жылқыны елге айдап келе жатқанда байдың қызы Қоңыр айғырдың даусын естиді. Бай: «Темір өзімнен туған бала емес, малдан айрылдым-ау!»—деп уайымдап, төбенің үстінде отырса керек. Темір Сары жорғаға мініп, қыздың қара жорғасын жетегіне алып, төбеде отырған байға келіп, сәлем береді. Бай Темірге:
—Аман-есен келдің бе, Қарағым!—депті. Темір:
Алшыншара мінген ат өлді. Қақшеке мінген тай өлді, кәрі бие өлді. Басқа жылқы аман,—депті. Бай қуанып, дін риза болыпты. Байдың бәйбішесі қызы Күмістің некесін қидырып, Темірге қосады. Тағы да жүкті болып, ұл туады. Жылқы аманесен келген жылы туған бала еді деп, атын Есен қояды. Әкелібалалы екеуінің аты қатар айтылып, Есентемір деген ру атына ие болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *