«Құйысқансыз» атанып жүрген Қожамберді туралы

«Құйысқансыз» атанып жүрген Қожамберді туралы
«Құйысқансыз» атанып жүрген—Қожамберді. осыған байланысты мынадай аңыз бар. Құдайберді Қанымкүл деген қарындасын көрші жатқан Қаракерей найман Есбайдың баласы Жантуға берген. Қанымкүл құрсақ көтермеген. Сосын ағасының баласы Аманбайды тәрбиелеп алады. Аманбай ер жетеді. Жанту оны өз баласындай бағып-қағып өсіреді, үйлендіреді, одан Қожамберді туады. Көп ұзамай Аманбай қайтыс болады. Жетім қалған Қожамбердіні Қанымкүл бетінен қақпай өсіреді. ол ірі, батыр тұлғалы болып ер жетеді. Қанымкүл оған сол өңірге белгілі бір байдың қызын алып береді. одан Шоқай, Шонық, Сарымсақ, Ақбадырақ туады.
Бір көкпарда Қожамберді қарсы келгенін тізеден қағып аударып кете береді, басқаларға көкпар бермейді. Сонда наймандар: «Мына қаңғырып келген неме қайтеді-ей?»—деген екен. осы сөз Қожамбердінің құлағына шалынады.
Қожамберді Қанымкүлден мұның мәнісін сұрайды. Айтпасқа лажы болмайды, бар болған жағдайды айтып береді. «Анық бұлардың арасында сондай сөз шығып қалған болса, онда есің барда, еліңді тап! руың—Қоңырат. Сауран маңында әкеңнің Жаманбай деген інісі бар, соны тауып ал!»—дейді.
Арқаның жері тегіс болғандықтан, ондағылар атты құйысқансыз мінеді. Ал қаратаулықтар ылдиға түскенде ер аттың мойнына кетіп қалмасы үшін ерді аттың құйрығының астына құйысқанмен тартып қояды.
Арқадан келген Қожамберді атты арқалықтарша құйыс қансыз мінеді. Бір жанжалда көзге түскен Қожамбердіні бір дуалы ауыз қария: «Мына құйысқансызың кім?»—деп қапты. Содан Қожамберді, одан тараған ұрпақ «Құйысқансыз» атанып кеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *