Қоңыршұнақ

Қоңыршұнақ
Құдайбердінің Жаулыбайынан туған Қоңыр сопы деген кісі болған, өзінен тараған балашағасымен Шолаққорған жақты мекендеген. Бір шапқыншылықта жоңғарлар Қоңырдың әулетін түгел қырып кетеді. Сонда жалғыз қалған шал: «Шұнақ Құдай, мені де өзің сияқты қу шұнақ қылып қойдың ғой!»—деп жылаған екен. Қоңырдың «Қоңыршұнақ» атануы сонан.
Шал сөйтіп бала-шағасынан айрылып, боздап отырғанын да: «Ата, мен бармын!»—деп қазанның астынан кіші келіні шы ғып келе жатыр дейді.
Бұл Қоңырсопының ең кіші баласы Жананның әйелі екен, ішінде бес-алты айлық бала қалған. Мына соққыдан басын көтере алмаған шал келінін шақырып алып, былай депті: «Мен өлген соң Қылбелбеу, Құрбандарға бар, Жаманбайдың балалары ғой, шеттетпес»,—дейді.
Шалды жайғастырып болған соң, жесір келіншек Қылбелбеу, Құрбандардың ауылын іздеп шығады. Жолда Қырғызалылар дың аулына кездеседі. Бір қулар: «біз Қылбелбеудің балаларымыз» деп алдап, келіншекті ауылда қалдырады. Біреуіне қосады. ол адамның өлген әйелінен бала бар екен, бұл да көп ұзамай босанады.
Екі бала қатар жетіледі. Бірақ іште келген, әкесі бөлек балаға кім мейірін төге қойсын. Шын аты ұмытылып «Жетім малай» атанады.
Екі бала ержеткенде жақындарының бірі өліп, соңында жесірі қалады. Жесір таласы басталады. Әкесі өзінен туған балаға қосамын дейді, шешесі Жетіммалайға қосамын дейді. Әкесі бұған көнгісі келмейді. Сонда шешесі баласына айтыпты: «Сен бүйтіп жүре берсең, қатынсыз өтесің, мыналар сенің қамыңды ойлап жүрген жоқ. Қайтсең де осы жесірді алудың амалын жаса. Ертең інісінің жылын берген соң, мына шал жесірді өз баласына қоспақшы. Сен былай ет. Сенің жақындарың Қылбелбеу, Құрбан, ертең асқа олар да келеді. Сонда сен қолыңа сырық ұста да, жесір даулаудың белгісі солай болады: «Қылбелбеу-Құрбан бармысың, ақымды әперіңдер!» деп ұран таста»,—дейді.
Бала солай етеді. Мұның аяғы үлкен жанжалға ұласып, ақырында бала теңдік алады. Жесірді Жетіммалайға қосып, Қылбелбеу-Құрбандар ауылға әкеледі.
Таңатардың балаларының «Шоқпарлы» атанып кетуіне осы ұрыс себеп болған деген сөз бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *