Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады

«Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады»
«Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат».
К.Д. Ушинский

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жаса- лып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проб- лема – әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.

Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономика- лық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты со- ған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесінде- гі көзқарастардан айқындалары даусыз.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқы- ту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті, шығармашыл, зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Бұл мәселелерден шығудың бірден-бір жолы – заманауи технология- ларды меңгерген, өзгермелі еңбек нарығына бейім жаңа сипаттағы маман даярлау.
Бұған негіз Елбасымыздың жолдауындағы «… Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекеме- лерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет» – деген сөзі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *