Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады»
К.Д. Ушинский Қазіргі таңда қоғамның білімге деген талабы жоғары. Білім саласы сан тараулы ақпараттарға толы. Болашақ білімді ұрпақты даярлайтын мұғалімдер қауымы болғандықтан, олар ешбір жаңалықтарды қалт жі- бермеуі тиіс. Соның дәлелі бүгінгі таңда Астана қаласындағы Педаго- гикалық шеберлікті арттыру орталығында ұйымдастырылған «Педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы профес- сор құрамы мен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы. Аталған курста оқытудың заманауи әдіс тәсілдерін, критериалды бағалау тәсілдері, қалыптастырушы және жиынтық бағалау тәсілдері, белсенді оқыту әдістері, Блум таксономиясы, қысқа және орта мерзімді жоспар,
Case Study және Lesson Study, тиімді оқыту әдістері, дифференциалды оқыту сынды қолданыста жүрген терминдерді толық түсініп, меңгердік.
Сонымен қатар, білім саласына қатысты нормативті құқықтық құжат- тармен, оның ішінде стандарт, әдістемелік нұсқау хат, оқу бағдарламала- ры, оқу жоспарлары мен жоспарлар кешенімен қалай жұмыс жасау керек- тігі, оқу мақсаттарының дұрыс қойылуы және үлестірмелі ресурстардың сараланып таңдап алынуы сынды өзекті тақырыптар әрбір күнде жоспар- ға сай өткізілді. Мұғалімнің жаңартылған жүйемен жұмыс жасауы, өз са- бақтарына үнемі өзгерістер ендіріп отыруды қажет етеді.
Осы орайда «Ақылдың алты қалпағы», «5 жолды өлең», «Ыстық орын- дық», «Автор орындығы», «Джигсо», «Бағдаршам», «Спираль», «Веер»,
«Дұрыс – бұрыс», «Болжамдық әдіс» әдістер жиі қолданыста болды.
Қорытынды кезеңде сабаққа рефлексия жасауда төмендегідей стра- тегиялар қолданылды: «Бас бармақ», «Бес бармақ», «Бағдаршам», «Блоб ағашы», «БББ» стратегиялары.