Оқытудағы жаңа форматтың тиімділігі

Оқытудағы жаңа форматтың тиімділігі
«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім»
Strong, Ward & Grant, 2011 Бүгінгі таңда дүние жүзінде болып жатқан өзгерістердің білім беру жүйе- сіне де әсер етіп отырғаны сөзсіз. Осы орайда әр білім беру саласына қатысы бар тұлғаның санасында маңыздылығы зор, жауапты талап ететін сауалдар туындауы заңды құбылыс. Бұл қандай сауал болуы мүмкін? Ол – «Заманауи өзгеріске сай білім беру үрдісі қандай болу керек?» және «Білім беру үдерісін жүзеге асырушы тұлғаның, яғни ұстаздың оқушыны қалай дайындауы тиіс?» Осы сұрақтарға жауап алу үшін менің ойымша, «Педагог кадрларды ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру» курсының маңыздылығы өте зор. Себебі, қарқынды дамып жатқан заманда студент тек дайын бі- лімді алып қана қоймай, оны өз өмірінде пайдаға жарата алатындай болуы тиіс (функциональды сауатты) деген ойдамын. Ал ол үрдісті жүзеге асы- руға көмек беруші бірден-бір тұлға ол – оқытушы. Жай ғана «оқытушы» емес, кәсіби шыңдалған, заман талабына сай білімді меңгерген оқытушы деген пікірдемін. Бұл талаптарға сай оқытушы осы аталған бағдарлама
негізіндегі курстан білім ала отырып қалыптасады деп ойлаймын.
Менің былай ойлауымның да өзіндік себептері жоқ емес. Аталған курсқа келмес бұрын бір тұлға болсам, курстың бірінші күнінен-ақ өз бойымнан бір- шама өзгерістерді байқап, бойымда жаңа бір тұлға қалыптастырғандай бол- дым. Себебі, курс барысындағы әр меңгерілген теориялық білімді басқа әріп- тестеріңнің алдына шығып тәжірибе жүзінде іске асыру кезінде өзіңе деген сенімің нығая түсетіні сөзсіз. Күнделікті лекция барысында әр тақырыптың маңыздылығы мен мазмұндылығын жете түсініп, ой елегінен өткізе отырып, өзіме артылған жауапкершілікті терең сезіне білдім десем артық айтпас едім.

Алынған білімді тәжірибеде алғаш қолданған кезде бірден жеңіл екен деп айта алмаймын. Бірақ жемісті нәтижеге жету үшін талмай еңбек ету өте маңызды. Бүгінгі күні өз тәжірибемде алғаш кездегі қиындықтарға төтеп бере отырып, алынған теориялық білімім негізінде жұмыстар атқа- рамын. Мен студенттерімнің сабаққа аса қызығушылықпен белсене қа- тысатындықтарын, өз ойларын бұрынғыға қарағанда ашық айта білетін- дей дәрежеге жете бастағандарын байқағандай болдым. Қызметтес әріп- тестерімнің арасында жаңартылған білім беру мазмұнындағы курстарда әлі де оқымағандары болғандықтан, коучинг өткізу арқылы кәсіби көмек көрсете аламын деген ойдамын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *