Білім берудің мазмұнын жаңарту – болашаққа бағыт

Білім берудің мазмұнын жаңарту – болашаққа бағыт

«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»
Ахмет Байтұрсынов Қазіргі ақпараттық технология жылдам дамып келе жатқан заманда біздің алдымызда кәсіби мамандарды болашақ өмірге дайындау, оқушы-

лардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндетін нақты қоя білуде берері мол курста білімімді жетілдіргеніме қуаныштымын. Білім берудің жаңартылған маз- мұнының мақсаты – әр баланың түрлі пәндерді оқуына көмектесіп және ойдың қырағылығын дамытады, тұлғалық сипаттамаларын қалыптасты- рады, бұл олардың жасөспірім кездерінде және ересек өмірлерінде керек болатыны белгілі.
Алғашқы күннен-ақ, керемет Тренеріміз Тлеуов Қайрат Қыпшақбай- ұлы өзінің мейірімді жүзімен бізді қарсы алып, осы курстың бағдарла- масымен, курстың мақсат-міндеттерімен толық таныстырып, күтілетін нәтижелерін айқындап берді. Курс барысының барлық кезеңдерінде Тре- неріміз өз білімін, тәжірибесін аямай бізбен бөлісіп отырды.
Тренеріміз күнделікті сабағында өзінің алдына нақты белгілі бір мақ- сатты қойып, соған жету жолында барынша талаптанса, жетістікке жетері сөзсіз екенін дәлелдеп жүрді. Яғни әрбір сабағында қызықты мәліметттер көп болды. Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін, білім кеңісті- гінде болып жатқан жаңалықтарды үнемі назардан тыс қалдырмай, тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, оны мейлінше меңгерумізге көп көмектес- ті. Маған ұнағаны интернет ресурстарын қалай қолдану, тест жүргізудің тиімді бағдарламаларын plickers.com, kachoot.com сияқты бағдарлама- ларда жасау мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Сонымен қатар Тренеріміздің
«Топқа бөліну», «ЖИГСО», «Кері дизайн» т.б. үйреткен әдіс-тәсілдерін өз сабақтарымда жиі қолданамын деп ойлаймын. Сондай-ақ жаңартыл- ған білім беру мазмұны бойынша критериалды бағалау, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, дескриптор, рубрика т.б. ұғымдарды бізге пре- зентация арқылы жеткілікті түрде баяндап берді.
Қорыта айтқанда, бұл курстан жаңартылған білім беру мазмұны бо- йынша толыққанды ақпарат алдық және алған білімдерімізді болашақ жастарымызға білім беру мен тәрбиелеуде қолданамын деп есептеймін.
«Шын ілім адамдарды биік ізгілікке үйретеді, ол – адамдардың жаңа- руы»– деп атап көрсеткен ойшылдың сөзімен аяқтағым келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *