Жаңартылған білім – заман талабы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білімді ұрпақ тәрбиелеу, мемлекеті- мізді биік шыңдардан көрсету, дамыған елдің қатарына қосылу мақса- тында ұлы қадам басты. Болашақ ұрпақ білімді болсын десек, сол ұрпақ- қа өмірде адаспай өз орындарын табуға бағыттайтын ұлағатты ұстаздар- дың біліктілігін арттырудан бастағаны өте орынды деп білемін. Мұғалім мамандығының басқа мамандықтардан ерекшелігі, біз үнемі білімімізді тереңдетіп, толықтырып, әр уақытта ізденіс үстінде жүреміз.
«Ұстаздық-ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу – үлкен абырой,. елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу– абыройлы іс. Осы жазылған қасиеттер тренеріміз Абай Батырұлының бойынан айқын көре алдым.
Курска келгенге дейін үздік мұғалім болу үшін ең бастысы– оның бі- лімі деп білдім. Берген білімді оқушылардан талап ете білсең, балаларда білімді болады деп санадым. Алайда тренеріміз Абай Батырұлының бізге берген білімі мен жан-жақты ойлау дағдысын, барлық оқыту әдіс тәсіл- дерін тек теорияға ғана сүйенбей өмірмен тығыз байланыстырып откізген әр дәрістерінен өте керемет әсер алдым. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, жаттығулар мен тапсырмаларды жүйелі сапалы қолдана білуге үй- рендім. Сонымен қатар критериалды бағалау, жиынтық бағалау жайында алған мәліметтерімді практикада қолдана аламын деген сенімдемін.
Жаңартылған оқу бағдарламасын осы уақытқа дейн әріптестерім айт- қан кезде, түсіне алмау шедім. Осы Абай Батырұлының дәрісінен кейін барлық оқу прцестеріндегі жұмыстарды жүйелі анық етіп түсіндірген сон, өз алған білімімді студенттерге айтып үйретуге асықтым.
Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола ала- ды деп қытайлық дана ойшыл Конфуций айтқандай, бұған дейінгі қол жеткізілген табыстарым мен іс-тәжірибемді қазіргі білім саласындағы жаңашылдықпен ұштастыра отырып, бойымдағы жаңалыққа деген құл- шыныспен, қызығушылық түпкі нәтижеге қол жеткізуге және кәсіби құ- зіреттілігімді жетілдіруге жұмыс жасаймын. Жаңашылдыққа бағытталу- да ізденіс нәтижелерім білім берудегі тәжірибемді өзгертіп қана қоймай, көздеген мақсатыма жетелейтініне сенемін.
Курста жүріп «Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз» деген аталы сөздің мәнін терең түсіндім. Қазіргі уақытта осы курстың нәти- жесі десемде болар, түсінгенім-студеттердің білім сапасына ғана емес, сонымен қатар олардың өзіндік терең ұстанымдарын дамытуға, алған бі- лімдерін теория жүзінде ғана емес пратикада және өмірде тиімді қолда- нуға үйрету керек екенін түсіндім. Осы курста алған білімді студенттер- дің білімін жетілдіруге тиімді қолданамын. Сонымен бірге қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуына байланыс- ты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсінуі қажет.
«Оқушы жетістігі-мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс
– тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей осы үйренген жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді пайдаланамын.