Абуев Қ.Қ., Киккаринов Е. Б.
Ш. Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау Мемлекеттік университеті, Кҿкшетау қ.
8702-123456789@mail.ru
Коммунистік қызыл империяның тарих қойнауына сіңіп кеткенімен, оның саяси, экономикалық, мҽдени мұрасы кҿп уақытқа дейін қоғамға ҽсерін тигізіп отырды. 1991 жылдан бастап посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер жаңа саяси-экономикалық қатынастарға бағыт алды. Марксистік-лениндік деп аталған, мызғымас догмаларға сүйенген идеология келмеске кетіп, қоғам ҿмірінде, мҽдениетте тектоникалық ҿзгерістер басталды. Бұрынғы социалистік мҽдениет қирап, тҽуелсіздік алған ел – Қазақстан, кеңестік қазақ мҽдениетінің негізінде жаңа мҽдени фундаменттің негізін қалай бастады. Осы орайда президент Нұрсұлтан Назарбаев: – «Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ мҽдениеті дегеніміз Мұқан Тҿлебаевтан Ғазиза Жұбановаға дейнгі ең бір тамаша сазгерлік мектеп, Ермек Серкебаевтан Ҽлібек Дінішевке дейінгі ҽлемнің кез келген театрының сҽні болар опера ҽншілері, бұл дегенің – жас Қазақстан суретшілерінің жаңалық ашулары мен қазақ философтарының тың ізденістері, бұл дегенің – Ҽлкей Марғұланның этнологиялық айқындамалары мен Алматының ҽсем сҽулет ансамблі, бұл дегенің – Мұқағали Мақатаевтың лирикасы мен Асқар Сүлейменовтың эсселері. Бір сҿзбен айтқанда, бұл дегенің сырты жылтырақ жаттанды бірдеңе емес, жаңасып кетсең, жаныңды байытар байтақ ҽлем – қазақ мҽдениеті» деп жазды [1, 133 б.].
КСРО-дан қалған мемлекеттік мҽдениет мекемелерінің жүйесі кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, мҽдени-демалыс орындарын, концерттік ұйымдарды, кино қондырғыларды, мҽдениет, демалыс парктерін жҽне т.б. қамтыды. Аталғанның түгелге жуығы мемлекеттік баланста тұрды. Кейінгі онжылдық кезеңде бұл саланы қаржыландыру жүйесі ҿзгере бастады:
— ұлттық маңызға ие болған мемлекеттік мҽдениет мекемелерін мемлекеттік қаржыландыру сақталынды;
— мҽдени жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін басқа қаржы кҿздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті;
— меншік формасының ҿзгеруіне байланысты мҽдени мекемелердің кҿпшілік бҿлігі, атап айтқанда, кинематография, телевизия саласы туризм, спорт, шоу, концерттік ұйымдар жіне т.б. ҿзін-ҿзі қаржыландыруға кҿшірілді.
Егемендіктің алғашқы жылдары бұл процесс күрделі жағдайда жүрді. Себебі, Қазақ мемлекеттілігінің орнауының қиындықтары мен қайшылықтары мҽдениетке ҽсері тимей қоймады. Жоспарлы экономиканың құлдырауы, социалистік емес экономикалық қатынастарға кҿшу, жаңа жағдайдағы негативті құбылыс ретінде мҽдениет саласының қызметкерлерінің ҽлеуметтік жағынан қорғалмағаның бірден кҿрсетті [2, 543 ,7].
ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан ҿзіндік мҽдениетін қалыптастыратын жолдар іздей бастады. Егемендіктің алғашқы қадамдары репрессияға ұшыраған мемлекеттік жҽне қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, жазушылардың аттарын ақтауға бағытталды. Атап айтқанда, М. Шоқай [3], М. Дулатұлы [4], Ақан сері [5, 242 б.] жҽне т.б. жаңа есімдер, олардың жасаған игілікті істері, қалам тартқан шығармалары қоғамға қайта оралды.
Мҽдениет саласындағы ҿзгерістер ҿз кезегінде оны басқаратын мемлекеттік мекеменің қалыптасу үрдісімен байланысты. Бұны біз Қазақстан Республикасының мҽдениет саласын басқаратын мемлекеттік орталық органның бірнеше рет құрылымдық ҿзгерістерде болғанынан кҿреміз. Егер 1990-1992 жылдары мҽдениет саласы – Мемлекеттік комитет қарамағында болса, 1992-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының Мҽдениет министрлігіне бағынды. Кейінгі жылдары мҽдениет саласын басқаратын мемлекеттік орган басқа министрліктермен біріктіріліп отырды [6 сайт мин культа]. Мҽдениет саласындағы мемлекетттік саясатты жүзеге асыру үшін оның заңнамалық негіздерін қалау керек еді. 1996 жылы «Мҽдениет туралы» заң қабылданды. Сонымен қатар, мемлекеттің мҽдени салада маңызды бағытары болып белгіленді:
— қазақ халқының мҽдениеті мен Қазақстанды мекендейтін ұлттар мен этностардың мҽдениетін сақтау жҽне дамыту;
— тарихи-мҽдени мұраны сақтау;
— Қазақстанның мҽдени-рухани дамуының ең жақсы жетістіктерінің үлгілерін насихаттауға бағытталған, кеңмасштабты мҽдени акциялар ҿткізу;
— алыс жҽне жақын шетелдерімен, халықаралық ұйымдармен (ЮНЕСКО) мҽдени байланысты тереңдету жҽне кеңейту;
— менеджметтің тиімді модельін таңдау;
— мұражайлар мен кітапханалар ашу;
— фестивальдар, конкурстар, айтыстар, кҿрмелер ҿткізу;
— симпозиумдар, конференциялар ұйымдастыру;
— ағартушылық, ақпараттық, баспагерлік қызметті жолға қою;
— мҽдениет пен ҿнер саласындағы қызметкерлерді ҽлеуметтік жағынан қорғау жҽне т.б.
Республиканың мҽдени ҿміріндегі елеулі оқиға – 1992 жылғы Қазақтардың халықаралық құрылтайы болды. Қыркүйек айында болған құрылтай ҽлемнің кҿптеген елдерінен келген жазушыларды, ғалымдарды, ақындарды, қоғамдық жҽне діни қайраткерлерді біріктірді [7, 372 б.]. Құрылтайға қатысушы қонақтар Қазақ елінің дамуына, тарихы мен мҽдениетіне қатысты пікірлерін білдірді.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дүниежүзілік, аймақтық ұйымдарға мүше бола бастады. Біріккен Ұлттар ұйымының білім, ғылым жҽне мҽдениет саласындағы халықаралық мекемесі ЮНЕСКО-ға Қазақстан 1992 жылы 22 мамырда мүше болып енді [8, 80 б.]. Ұйыммен тығыз қарым-қатынас орнатылып, гуманитарлық байланыстар кеңейді. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 150 жылдығын халықаралық деңгейде мерекелеу үшін үкімет дайындықты 1991 жылы бастады, арнайы қаулы қабылдады [9, 86 б.]. 1993 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 27-інші сессиясында бірауыздан Қазақстан Республикасы делегациясының ұсынысы қабыл алынып, мерейтойлар күнтізбесіне Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы енгізілді [10]. Халықаралық мҽдени кеңістікке жан-жақты қазақ мҽдениеті интеграциялана бастады. Осы уақытта Қазақстан
Республикасы ЮНЕСКО бастамасымен жасалынған халықаралық конвенциялар ратификациялады. Яғни, тҽуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекет мҽдениет саласындағы ішкі жҽне сыртқы бағыттармен айқындала бастаса (1991-1994 жж.), 1995 жылдан бастап халықаралық деңгейге шығуға, Қазақстанның бай мҽдениетін дүниежүзі елдеріне насихаттауға кҿше бастады. ЮНЕСКО ұйымы аясында: 1995 жылы кҿрнекті ақын Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы (1995 ж.), кейін белгілі жазушы М.Ҽуезовтің 100 жылдығы (1997 ж.), Мұхммед Хайдар Дулатидың 500 жылдығы (1998 ж.), Қаныш Сҽтпаевтың 100 жылдығы (1999 ж.), кҿне Түркістанның 1500 жылдығы (2000 ж.) ҽлемдік деңгейде ҿткізілді [11, 287 б.]. Ҽлемдегі ең беделді ұйымдардың бірі саналған ЮНЕСКО Абайдың 150 жылдығына арналған іс-шараларды ҿткізуге техникалық жҽне қаржылық кҿмек кҿрсетіп, «Абай туралы естелік» бағдарламасын жүзеге асыруға бар күшін салды [12, 192 б.]. Абай шығармалары Иран, Пакистан, Монғолия, Оңтүстік Кореяғ Түркия елдерінде аударылып, басылып шықты [13, 85 б.].
Планета халықтары қазақ мҽдениеті мен оның кҿрнекті ҿкілдерімен таныса бастады. Алматыда ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы тұңғыш жҽне жалғыз ҿкілеттілігі ашылды.
Қазақстанда Президент жанындағы Мемлекеттік саясат жҿніндегі ұлттық кеңес шешімдерінде (1993 ж.) қазақ мҽдениетіне зор кҿңіл бҿліне бастады. Қазақстан Республикасының ҽлеуметтік-мҽдени дамуы тұжырымдамасында: «қазақ мҽдениетіне, яғни мемлекетке атау берген мҽдениетке, дау жоқ, ең басты рҿл беру керек, ҿйткені бұл мҽдениет Қазақстаннан басқа еш жерде дами да, гүлдене де алмайды» [14, 359 б.]. — деп жазылған. Тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін мынадай шаралар орын алды: ақындар айтысы ҿткізіле бастады, қазақ драматургиясы тарихи тақырыптарға қалам тартты, ақындар ҿлеңдерінде басты тақырып тҽуелсіздік идеясы жырлана бастады [15, 112 б.], облыс орталықтарында қазақ драма театрлары ашылды [16, 286 б.]. Бұл ҿз кезегінде ұлттық мҽдениеттің дамуына, жаңа тыныс алуына леп берді. Қазақ мҽдениеті рухани жаңғыру жолына ден қойды.
Республикада орыс драма театрларымен қатар, ұйғыр, корей, неміс кҽсіби театрлары жұмыс істеді. Қазақстанды мекендейтін 120 ұлт ҿкілдері ҿздерінің ұлттық-мҽдени орталықтарын құра бастады [17, 36 б.]. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылып, барлық ұлттық-мҽдени орталықтар оған мүше болып енді. Басқа ұлттардың Қазақстан территориясында ҿзінің мҽдениетін сақтау мен дамыту жағдайы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарына айналды.
Осы жылдары Қазақстан ашық қоғам құруға кірісті, мҽдениеттен цензура алынып, ол кең тыныстап дем ала бастады. Жеке меншіктің кҿп формалары (қоғамдық қор, акционерлік қоғам жҽне т.б.) ар-ұждан, сҿз бостаңдығы, еркіндік эйфориясы қаламгерлерге, кинорежиссерлерге, суретшілерге жалпы шығармашыл адамдардың творчествосына тікелей ісер етті. Мҽдениет саласын коммерциялау кең кҿлемде жүре бастады. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда Шҽкен Айманов атындағы 1 кинофильм студиясы болса, нарықтық қатынастарға кҿшу, коммерциялизациялау кезеңінде 22 жекеменшік киностудия пайда болды. Республика астанасы – Алматыда 14 кҿркем сурет галереялары ашылды. Дүниежүзі мҽдениетіндегі ҿзгерістер, жергілікті мҽдениетке ықпалын тигізбей қоймады. Коммунистік идеология орнына жаңа идеология мҽселелері күн тҽртібіңе шықты. Экономикадағы, білім, мҽдениет саласындағы ҿзгерістер бұқаралық ақпарат құралдарында жиі талқыланатын тақырыптар еді. Олардың қатарында: мҽдениет, білім, ғылым мекемелерін қаржыландыру, кей жағдайларда мүлдем тоқтату мҽселесі, коммерциялау, ҽлеуметтік пакеттің азаюы жҽне т.б. болды. Сонымен қатар, халықтың санасын улайтын арзанқол ҿнімдер таралды. Бұл ҿз кезегінде қоғамды демократияландыру деп түсіндірілді.
Тҽуелсіздіктің ҽр жылын қоғамға маңызды бір салаға арнау дҽстүрі қалыптаса бастады. Президент Н.Назарбаевтың жарлығымен 1997 жыл – «Ұлтаралық келісім жҽне саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жыл – «Халықтардың бірлігі жҽне ұлттық тарих жылы», 1999 жыл – «Ұрпақтардың бірлігі жҽне сабақтастығы жылы», 2000 жыл – «Мҽдениетті қолдау жылы», ал 2001 жыл – «Қазақстан Республикасы егемендігі мен тҽуелсіздігінің 10 жылдығы» деп жарияланды. 1998-2000 жылдарға арналаған мҽдениетті қолдау жҿніндегі мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылды. Бұл жылдары жүзеге асырылған шаралар мҽдениеттің дамуына серпін берді.
Президент Н.Назарбаевтың жарлығымен 2000 жыл – Мҽдениетті қолдау жылы деп жарияланды [18, 250 б.]. Егер оңтайландыру, яғни оптимизация желеумен, 1991-1999 жылдары аралығында музейлер саны 97-ден 88-ге дейін азайса, киноқондырғылар 10 мыңнан 500-ге, кітапханалар 9,5 мыңннан 2,5 мыңға, клубтар саны 9 мыңнан 1 мың 200 –ге дейін азайды [19, 68 б.]. Мҽдениет жылы ауқымында материалдық техникалық базаны нығайтуға, күрделі жҿндеуге қомақты қаржы бҿлінді. 727 мҽдениет мекемесі жаңадан ашылып немесе жұмысын қайта бастады. Олардың қатарында 468 кітапхана, 239 клуб, 5 жаңа театр мен 5 мұражай бар. Театрлар Астанада, Петропавлда, Оралда, Ҿскеменде жҽне Түркістан қаласында ашылды. Корей музыкалық драма театры, Республикалық неміс драма театры, Н.Сац атындағы орыс академиялық балалар жҽне жасҿспірімдер театры жеке ғимараттарға кҿшті. Мҽдениетті қолдау жылы аясында барлығы 2368 мҽдени объекті: 1449 кітапхана, 681 клуб үйі, 49 мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония жҿндеуден ҿтті. Жабылып қалған ауыл кітапханалары мен ҿнер мекемелері қайта жұмыс істей бастады [20, 293 б.].
Тҽуелсіздіктің алғашқы онжылдығы мҽдениет саласы үшін қарама-қайшылықты кезең болды. Қазақстан мҽдениеті бірталай жетістіктерге жеткенімен, осы кезеңде кері кеткен кемшін жағдайлар орын алды. Мҽдениетті мемлекеттік қаржыландыру күрт азайды. Республика астанасы – Алматыда, 1998 жылдан Астанада жаңа мҽдени ошақтар ашылып жатса, аймақтарда, ауылды мекендерде мҽдениет үйлері жабылып жатты. Қазақстан мҽдениеті халықаралық деңгейге шығып, ҿзіндік ерекшелігі бар мҽдениетін ҽлемге паш етсе, оңтайландыру ұранымен кітапханалар мен мҽдени клубтар саны азайып, халықтың мҽдени деңгейі тҿмендей бастады. Мҽдениет министрлігі жанынан күрделі мҽдениет мҽселелері бойынша Ғылыми орталық ашылды. Қазақ елінде халықаралық этномҽдени фестивальдар ҿткізіле бастап, ҿнердегі менеджмент қалыптаса бастады. Тҽуелсіздіктің басты жетістіктерінің бірі қазақ халқының, сонымен қатар Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлттардың мҽдениеттері, салт-дҽстүрлері қайта жаңғырды, дами бастады.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы, «Атамұра». 2003. 285 бет.
2. Қазақстан тарихы 5 том Алматы, Атамұра. 2010.
3. Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры. Құрастырған Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай. Алматы, «Жалын», 1992. 183 б.
4. Қайсар Ҽлім. Мұңды сапар. Алматы, «Ана тілі», 1997. 135 б.
5. Жигалов К.В., Султанов Б.К. Первый президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности (1.12.1991 – 31.05.1993). Алматы. «Фонд политических исследований «Казахстан – ХХІ век». 1993. 285 б.
6. Қазақстан Республикасы Мҽдениет жҽне спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсы. www.mks.gov.kz
7. Кузембайулы А., Абиль Е. История Казахстана. Санкт-Петербург. «Соларт». 2004. 415 б.
8. Жигалов К.В., Султанов Б.К. Первый президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности (1.12.1991 – 31.05.1993). Алматы. Фонд политических исследований «Казахстан – ХХІ век». 1993. 285 б.
9. Қайнар Олжай. Президент пырағы. Алматы, Атамұра. 1994. 206 б.
10. Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО жҽне ИСЕСКО жҿніндегі ұлттық комиссия мҽліметі. www.natcom.unesco.kz
11. Қаражан Қ.С. Қазақстанның жаңа жҽне қазіргі заман тарихы.Алматы, «Қазақ университеті», 2005.
12. Калиева Р.М. Республика Казахстан и современный мир. Астана, «Елорда». 2000. 280 б.
13. Назарбаев Н. Тҽуелсіздік дҽуірі. Астана, 2017. 508 б.
14 Ҽминов Т.М. Қазіргі Қазақстан тарихы. Алматы, 2017.
15. Становление и развитие независимого Казахстана:
социогуманитарный анализ. Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 2011. 368 б.
16. Қаражан Қ.С. Қазақстанның жаңа жҽне қазіргі заман тарихы.Алматы, «Қазақ университеті», 2005.17. Современный Казахстан: цифры и факты. Алматы, «Полиграфия комбинаты». 1998.
18. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Алматы, «Қарасай» 2007
19. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). Алматы,
Юрист, 2003.240 б.
20. Жұмақаева Б.Д. Қазақстан тарихы. Алматы, 2010.