Абдрахманова С.А., Жапарова К.Г.
Кҿкшетау қ., Ш.Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті
abdraxmanova_s@mail.ru
Білім – адамзаттың терең жҽне үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестің, ҽлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Осыған орай бұрынғы мҽдени тҽжірибені жеткізуге бағытталған, үлгі бойынша оқытатын репродуктивті, жеке адамның қызығушылықтарынан мемлекеттік мүддені жоғары қоятын білімнен адамның ҿзін танымның биік баспалдақтарына қарай жетектеп отыратын «ҿмір бойы» алатын білімге бағытталу жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта білім берудің теориясы мен практикасында, ғылыми зерттеулерде мұғалімдердің шығармашылық ҽлеуетін біліктілікті арттыру
жағдайында дамыту үшін, ондағы оқыту үрдісінің жаңаша ұйымдастырылуы, білім алу жұмысын ғылыми дҽрежеге кҿтеру жҽне ҽр адамның маман ретінде дамуына педагогикалық ҽсер ету ісін қолға алу қажет екендігі аталып ҿтіледі.
Бүгінгі күнде қолданылып жүрген белсенді оқыту ҽдістері мен педагогикалық технологиялар қорынан мұғалімдердің біліктілігін арттыру үрдісінде қолдану үшін саналы таңдай алу «дидактика», «белсенділік», «инноватика», «ҽдіс», «педагогикалық технология», ұғымдарының мҽнін жете түсіну қажеттілігін туындатады.
«Дидактика» ұғымын ең алғаш қолданысқа енгізген неміс педагогы В.Ратке (1571-1635), одан кейін жарық кҿрген «Ұлы дидактикада» Я.А.Коменский кҿтерген «ҽр адам ҿз тамырынан бастау алады» деген түйінді ой білім берудің қазіргі кездегі жаңа басымдылықтары мен мақсаттарына қарай ҿзектілігі арта түсуде. Дидактиканың дҽстүрлі жҽне қазіргі немесе жаңа деп бҿлінуі оқу-тҽрбие үрдісіндегі мұғалімнің рҿліне байланысты. Дҽстүрлі дидактикадағы оқытушының жетекші рҿлде болуы білім алушының танымдық белсенділігін тҿмендетіп, дамуына кері ҽсерін тигізді. Сондықтан қазіргі дидактика мұғалім білім алушының ҿзін-ҿзі дамытуына қолайлы жағдай туғызуын кҿздейді. Бұл тұлғаның ҿз бетінше ҽрекет ете алу қабілетін, еркіндігін қалыптастырып, шығармашылығын жетілдіреді. Білім алу үрдісін дҽл осындай жағдайда ұйымдастыру – оны технологияландырудың негізі болып есептеледі. Қай салада болмасын технология – ғылым мен практика арасындағы аралық құрылым болып есептелінеді. Оқыту теориясы мұғалімніңшығармашылығының негізі болса, ал педагогикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы ҽрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сҽйкес оқыту үрдісін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады.
«Педагогикалық технология» ұғымын эволюциялық тұрғыдан қарастыру барысында оның мазмұнының кезеңдермен ҿзгеріске ұшырағанын байқауға болады.
Бірінші кезең (ҿткен ХХ ғасырдың 40-50 жылдары).
«Білімдегі технологиялар» термині қолданысқа еніп, ол оқытуда инженерлік ойдың жетістіктерін пайдалануды білдірген. ( аудиовизуалдық құралдар – магнитофон, проектор, теледидар, үн таспа т.б.) Бұл бізге техникалық құралдарды қолдану (О.Т.Қ.- оқытудың техникалық құралдары) деген атпен белгілі.
Екінші кезең ( ҿткен ХХ ғасырдағы 50-60 – жылдардың аралығы).
«Педагогикалық технология» деп жоспарланған нҽтижеге ҽкелетін ҽдістер мен тҽсілдер жиынтығының ғылыми сипаттамасы қарастырылды. Бұл лингафон кластары, оқыту машиналары, программалап оқыту т.б. кеңінен қолданыла бастаған кезең.
Үшінші кезеңде ( ХХ ғасырдың 70 – жылдардан бастап) «педагогикалық технологияға» байланысты ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, оқыту үрдісін жетілдіру деген түсініктер қалыптасты.
Отандық педагогиканы технологияландырудың бастауында «педагогикалық техника» ұғымын алғаш рет қолданған А.С.Макаренко тұрды деп айтуға толық негіз бар. Бүгінгі күнгі ғылыми — теориялық ҽдебиеттерде педагогикалық технологияларға ҽртүрлі анықтамалар беріледі.
Технология – қайсы бір істе, ҿнерде, шеберлікте қолданылатын тҽсілдер жиынтығы.
Педагогикалық технология – Б.Т.Лихачев бойынша оқыту мен тҽрбиелеу құралдарын, формаларын, ҽдістерін анықтаудағы психологиялық – педагогикалық талаптар жиынтығы. Ғалым педагогикалық технологияны – оқыту үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы, практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба ретінде қарастырады.
Профессор Ж.А.Караев пен Ж.У.Кобдикованың пікірінше технология дегеніміз — ҽдістемелік жүйе мен сҽйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тҽжірибеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын ҽдістер, тҽсілдер оның құрамды бҿлігі болып табылады. Технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру үшін олардың негізі болып табылатын философиялық жҽне психологиялық категорияларды жете түсіну қажет.
Біліктілікті арттыру жүйесін технологиялар мен белсенді оқыту ҽдістері арқылы жобалауда олардың мына тҿмендегідей қызметтері есепке алынады:
педагогикалық мақсаттарға жету құралы қызметі; білім мазмұнының ҽрекеттік компоненті қызметі; оқу ҽрекеті жобасының қалыптасу, ҿзін-ҿзі дамытуға қабілеттілікті дамыту қызметі;
«білім алу – оқыту» бірлескен ҽрекетін ұйымдастыру қызметі;
Сонымен білімдік үрдісті технологиялық амалға кҿшіру — оның педагогикалық жҽне ҽлеуметтік мүмкіндіктерін ашады, педагогикалық үрдістің болашағын болжап, нҽтижеге жетуді тиімді басқаруды, білімдік, тҽрбиелік мҽселелерді кешенді шешу, тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Ал білім кҿтеру ісін технологияландыру ұстаздардың кҽсіби құзырлылықтарын қалыптастырып, шығармашылығын арттырады.
Қазіргі замандағы ұстаздың жаңашыл рҿлі – білім берудің тиімділігін арттыру жолдарын іздеуде болып тұр. Кҽсіби шығармашықты қазіргі технологиялар жҽне белсенді оқыту ҽдістері негізінде дамытуда мына тҿменгі талаптардың басшылыққа алынуы тиіс деп есептейміз: 1)
технологияны қолдану барысында тыңдаушылардың ҽрекетінде баламалылықтың болуы (технологияны ҿзі таңдау еркі); 2) технологияларды меңгеруді технологиялық жағдайда ұйымдастыру; 3) технологиямен жұмыс жасауға оны толық меңгергеннен кейін кірісу; 4) ҿз ҽрекетіне үнемі сын баға беріп отыру.
Біліктілікті арттыру жұмыстары білімдегі үздіксіздікті қамтамасыз етіп, оның тиімділігі ұстаздың кҽсіби ҽрекетіндегі нҽтижелілікте кҿрінетін болады. Ұстаздың біліктіліктілігін арттыру негіздері еліміздегі білім беру саласындағы басты нысанаға алып отырған сапаның дамуына ҽсер етуі үшін, сол жүйені инновациялау, технологияландыру қажет деп есептейміз. Оқытудың дҽстүрлі ҽдістерінен педагогикалық технологияларға кҿшу инновациялық жұмыстардың негізі болып табылады.
Тҽуелсіз еліміздің болашағы – бүгінгі бүлдіршіндер. Оларды жан-жақты білімді, интеллектуалды жастар етіп қалыптастырғанда ғана қазақ елі бҽсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан кҿрінбек. «Мектептің жүрегі – мұғалім» деп Ыбырай Алтынсарин бабамыз айтқандай, алдымен мұғалімді жан-жақты, білімді жҽне рухани бай тұлға етіп ҿсіруіміз керек. Баланың кҿзін білімге мұғалім ашады. Сонда ұстазды қалай даярлаймыз? Ең бастысы, ұстаз бүгінгі ҿмір ағымына ілесуі керек. Қазіргі мұғалім жаңа білім беру парадигмасы негізінде инновациялық технологиялар мен интерактивті ҽдіс-тҽсілдерді терең меңгерулері тиіс.
Әдебиеттер:
1. Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық. Шығармашылық. А., 2007.
2. Қабдырқайырұлы Б. Оқыту педагогикасының жаңа технологиясы. А., 1999.
3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.-М., Педагогика, 1989.
4. Кукушкин В.С. Педагогические технологии.-М,. Ростов-на-Дону, 2006.-329 б.
5. Егоров В.В Иннформационные технологии в подготовке .А: Ғылым. 1994.