МЕНТАЛИТЕТ

МЕНТАЛИТЕТ, д і л (лат. menta — жан құрылымы) — әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, наным-иланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы. М. жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда М. — өзгеше ойлау типі. М. — табиғат және әлеум. жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық. М. терминінжанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р.Эмерсан (1856) енгізді. М. қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дөуірдің филос., діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін мета ұғым болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *