МОДЕРНИЗМ

МОДЕРНИЗМ (франц. moderne ең жаңа, қазіргі) — XIX ғ.-дың соңы XX ғ.-дың ортасында әдебиет пен өнерде, мәдениетте қалыптасқан филос.-эстетикалық қозғалыс М. өнерде болып символизм (П. Верлен, А. Рембо, С. Малларме, О. Уайльд, В. Соловьев, А. Блок); эмпрессионизм (Г. Тракль, Ф.Кафка, Э. Мунк, А. Шенберг) және акмеизм (А. Ахматова, А. Гумилев, О. Мандельштам) арқылы көрініс тапты. М. реализмге қарсы қойылады. Бұл ретте М. өмір болмысты бейнелеуге емес, өз шындығын көрсетуге ұмтылады. Модернистер үшін өмір шындығы ұғымы — аллюзиялар, реминисценциялар. Мұнда негізгі ұғым цитаталар, реминисценциялармен толыға, ұлғая келе интермәтінге айналатын «мәтін» болып табылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *