Қазақстан Республикасындағы психология ғылымының дамуы.

 

Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасындағы психология ғылымының дамуы.

 

   Қазіргі кезде біздің республикада өзекті психологиялық мәселелерді анықтауға деген қажеттілік, қызығушылық өсу үстінде. Ғылыми зерттеулер шыға бастады, психологиялық білімдерді насихаттау кеңейе түсті, бірнеше ғылыми-теоретикалық конференциялар өтті (1990, 1994, 1996, 1998 жж.) монографиялар, оқу пособиялары, оқулықтар басылымдары шыға бастады. Әдістемелік  өңдеулер биографиялық көрсеткіштер терминологиялық сөздіктер пайда болды. «Ұлттықбілім беру мен тәрбиелеу» атты Алматы облыстық ассоциациясына кірісті психологтардың іс-әрекеттері белсенді болу да.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де этнопсихология және этнопедагогика орталығы қайтадан жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ғылыми және практикалық іс-әрекетпен айналысатын психологтардың саны 300-ден асты. Оның 30-дан астамы кандидат, 5-уі ғылым докторлары.

 Біздің ойымызша, Қазақстандағы психология ғылымының мәселелерінің бірі осы үлкен аймақтың экологиялық, демографиялық,  этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, осы білімнің теоретикалық, методологиялық негіздірен құру. Себебі Батыста жүргізілген психологиялық зерттеулердің негіздеріне сүйенген әдістер теріс нәтижеге әкелуі мүмкін. Психология саласындағы басты бағыттардың бірі біздің ойымызша этикалық жеке адамның құрылуы мен дамуының жолдарын зерттеу, психиканың туғаннан кәрі шаққа дейінгі дамуының жоғарғы рухани адамгершілік жүйесіне тәрбиеленуінің, Қазақстандық патриотизм сезімінің құрылу механизмдерінің заңдылықтарын ашу. Сонымен қатар нарықтық қатынасқа, коммерциялық саудаға өту жағдайындағы жеке адамның психологиялық жаңа құрылымдарының қалыптасу механизмдерін, экономикалық реформалардың аспектілерін зерттеу маңызды болып табылады.

Көп ұлтты Қазақстан этнопсихологиялық зерттеулердің алып орталығы болуы керек.  Бүгінгі таңда экологиялық кризистен шығудың тиімді жолдарын іздеу өзекті болуда. Бұл жерде экологиялық жүріс-тұрыстың мотивациясын зерттеу қоршаған ортаға тигізген кері әсерінің себептерін анықтау үшін адамдардың іс-әрекетін анықтау. Арал теңізінің , Семей ядролық полигандағы экологиялық кризистің психологиялық зардаптарын (психологиялық денсаулық бұзылуы, суицид феномені, т.б.) зерттеу.

 Ғасырлар бойы көшіп – қонып жүрген  халық өзі өмір сүрген ортаның   әлеуметтік–экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына   орайлас жас  буынға тәлім – тәрбие берудің айрықша талап тілектерін    дүниеге әкелді.  Мәселен,  бұлар жас адамның  жұртқа    танымал     моральдық   – психологиялық  нормасын «сегіз  қырлы,   бір   сырлы»   делінетін   қанатты   нақыл сөздермен   қисындады. Осынау   аталы   сөздің  мән– мағынасы   мыналар еді: көшпелі   мал шаруашылығын жете игеру; еңбек   сүйгіштікпен қиыншылыққа   төзе   білу;   ел  намысын  қорғау; жаудан беті  қайтпау; ата тегін  жадында сақтау; сөз   асылын     қастерлеу; тапқырлық   пен  алғырлық,  ат  құлағында   ойнау;   ата   салтын    бұзбау. Көшпелі өмір тіршілігі    қара    күшке мығым,  қиыншылыққа төзімді,    құбылмалы    табиғат    жағдайына тез    икемделгіш     болумен бірге,   жан  –   жүйесі жағынан да  жан–жақты жетілген, кемел адамдарды    қалыптастырды.  

 Психология ғылымына тікелей қатысты болғанымен, адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой – пікірлер Қазақстанда өте ерте кездерден бастау алып, XV-XIX ғасырлардағы қазақ халқы ғұламаларының , ағартушы-демократтарының туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде ақын-жыраулардың өлең-толғауларында,билердің шешендік сөздері мен халықтық нақылдарда, ел намысын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесінің жұмбақтарына терең бойлап, болашақ ұрпаққа тағылым берердей мол рухани қазына жатқандығы қазіргі кезде әр тарауы зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.

    Аса көрнекті ғалым Шоқан Уәлиханов шығармаларында халықтың рухы , оның таным-наным түсініктерімен тығыз ұштастырылады.Ыбырай Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясының қыр-сырына толы деуге болады. Сондай-ақ, Абай туындылары да туған халқының жан дүниесіне тән қарапайым сезімнен бастап кемеңгерлік ақыл-ой шыңына дейінгі мәселелерді  егжей-тегжейлі қамтиды. Ал Сұлтанмахмұт Торайғыров жан мен тән ылғи да бірлікте, байланысты болады деген орынды сөз қалдырып, «Дене азыққа тоюдан жан ержетер, жан ержетіп, дүниенің сырын табар» дейді. Ол адамның тәнімен бірге оның жанын да, өмір де жоқ, яғни бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды деген реалистік қорытынды жасады. Осы бағыттағы психологияялық ой-толғаулар мен пайымдау-түсініктер Шәкәрім Құдайбердіұлы мен өзге де ағартушы-демократтарда, ақын- жырауларда көп кездеседі.

   Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы психология ғылымының өрісі кеңейіп, оның аясы халыққа білім беру, тәлім-тәрбие істерінің мақсат-міндеттерімен сабақтасты. Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» оқулығы мен «Жан жүйесі және өнет таңдау» деген туындысы – психология пәні бойынша таза ана тілімізде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920 – 1930 жылдары Ахмет Байтұрсынов ,Мағжан Жұмабаев , Міржақып Дулатовтардың оқу-ағарту, тәлім-тәрбие істерімен өзара ұштастырылған ұлттық сипаттағы психологиялық ой-пікірге толы терең мәнді еңбектер жазғаны мәлім. Сонымен қатар, С.Балаубаев, Е.Тәжібаев, М.Мұқанов, А.Темірбеков, Ә.Ситдықов, Е.Суфиев тәрізді психолог мамандарының ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырыптары сан алуан. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы психология ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырыптары салаларға тарамдалып, қанатын кеңінен жайып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.

 

Әдебиеттер:

  1. Селье Г. От мечты к открытию. М. 1987.

2.Феофраст. Психология личности. М.1982

3.Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы    жөнінде. А.,1981 ж.

4.Немов Р.С. Психология в 3-х книгах. Кн.1. Психология образования. М.       Владос,1998 ж.

5.Столяренко Л.Д. Основы психологии. –Ростов-на-Дону, 1996.

  1. 6. Джемс У. Многообразие религиозного опыта. М. 1992.

7.Гамезо М.И., Домашенко И.А. Атлас по психологии. – М., 1996.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *