Сөйлеу

 

 

Сөйлеу дегеніміз — тіл арқылы арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді айтамыз.

Сөйлеу түрлері: адамның сөйлеуі, әртүрлі жағдайға сәйкес өзіндік ерекшеліктерді табады. Осыған байланысты сөйлеудің бірнеше түрлерін анықтайды.

Сөйлеу – сыртқы және іштей. Сыртқы — ауызша, жазбаша. Ауызша-монологты,диалогты.

Сыртқы сөйлеу— қарым-қатынас, қызметін атқарады, сондықтан оның негізгі белгісі басқа  адамдар қабағына түсінікті болуымен сипатталады. Дыбыстың немесе жазба белгілерді пайдалануға байланысты сыртқы сөйлеу 2-ге бөлінеді (ауызша, жазбаша). Ауызша және жазбаша сөйлеудің өзіндік психикалық ерекшеліктері бар. Ауызша сөйлеу кезінде адамның тыңдаушысы болады және олар өзінің сөзіне деген көптеген реакциясын сезеді. Сонда ауызша сөйлеу деп дыбыс арқылы сөйлеуді айтады. Жазбаша сөйлеу бұл— графикалық белгілер арқылы сөйлеу. Жазбаша сөйлеу кезінде біршама қисықтар кездеседі. Онда гентоноция, мимика, жест қолдану болмайды. Оның орнына өз ойын түсінікті әрі дәл беру үшін тыныс белгілерін қолданады. Ауызша сөйлеуге қарағанда, жазбаша сөйлеу мәнерсіз. Жазбаша сөйлеу, ауызша сөйлегеннен соң пайда болады. Жазбаша сөйлеу нәтижесінде бүкіл адамзат жиыннан білімді тарихи қоғамдық заңдылықтарды игересіз. Сол сияқты жазбаша сөйлеу нәтижесінде, ұрпақтан ұрпақтан ұрпаққа берілетін мұра, мәдениет өнер-ғылым жер еді. Ауызша сөйлеу (монологты, диалогты).

Диалогты сөйлеу деп— екі немесе адам да көп адамдардың өзара пікір алысуы. Диалогты сөйлеу сол диалогты сөйлеуге қатысып отыратын адамдарға түсінікті әрі қысқа, нақты сөздермен сұрақ-жауап ретінде өтеді. Диалогты сөйлеу тосынан келген адамдарға түсініксіз болады. Себебі әңгіме барысы талқыланып жататын проблеманың түсіну тосынан келген адамдарға біраз уақыт тыңдап тұруына тура келеді.

Монологты сөйлеу— тек бір адамның ғана баяндауы. Монологты сөйлеу мысалы: лектордың, баяндамашының белгілі бір спектакельден бір актердің ұзақ сөйлеуі. Монологты сөйлеудің қызықты, түсінікті болуы немесе мағынасыз мәнерсіз қызықсыз өтуі адамның өзіндік ерекшелігіне байланысты.1)адам темпераменті. 2) мінез-құлқына байланысты. 3)білімкөлеміне. 4)өмір тәжірбиесіне. 5)қызығушылығына байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *