Ес процесі

 

 

Ес дегеніміз— сыртқы дүние  заттары мен құбылыстарының мида сақталып және керек кезінде қайтадан жаңғыртылуын айтады.

            Естің мынандай түрлері бар:

  1. Қимыл есі
  2. Сөз-логикалық ес
  3. Бейнелік ес нмесе образдық ес
  4. Эмоциолық ес

Қимыл есі арқылы сан алуан қимыл әрекеттің соның жасалу тәсілін есімізде сақтаймыз, керекті  кезінде есімізге түсіреміз. Қимыл есі өте күрделі өтеді. Мысалы: жас бала ең әдемі қимыл әрекеттің алғашқы көрінісі қол-алғын қимылдатуға, сонан басын ұстауға, еңбектеуге, жүруге бірте-бірте жүгіруге сонан жазуға үйрене бастады, яғни белгілі бір қимыл әрекеттермен шұғылдана бастайды.

   Сөз-логикалық ес деп — жеке сөзді, күрделі ойды, ой қортындыларын немесе дыбыстарды сезу, ажырату оны құрастыру жолын айтады. Адамның миының маңдай бөлігі-сөз логикалық естің орталығы болып табылады.

Сөз- логикалық ес мидың құрылысындағы ерекше жетілген құрылысына байланысты. Мидың маңдай бөлігі жақсы жетілген  адам өте жақсы сөз шебері болуы мүмкін. Мысалы: ақын, шешен болуы.

            Бейнелік ес деп— түрлі заттың көріністерді есте қалдыру және соны еске түсіру жолын айтады. Ми қабығының астыңғы бөлігінің жұмысы бейнелік естің орталығы болып табылады, осыған байланысты мынандай тұжырым бар. Егер мидың желке бөлігі жақсы жетілсе өте жақсы суретші болуы, ал егер самай жақсы жетілсе онда жақсы музыка маманы болуы, егер ми төбе бөлігі жақсы жетілсе, онда жақсы қолөнер шебері болуы мүмкін. Ал 1-ші сигналдық системаның жақсы жетілуі, әсіресе көру орталығы жақсы жетілген болса, жазушы болып келуі мүкін.

            Эмоциялық ес деп— алуан түрлі сезім көріністерін адамның көңіл күйін, қуаныш, реніш, қорқыныш көріністерін есте қалдыру, қажет кезінде еске түсіру жолын айтады. Эмоциялық ес адамның күнделікті өміріне өте қажет, өйткені эмоциялық ес адамның энергиялық ресурсы. 

Еске түсіру түрлері: ерікті еске түсіру, еріксіз еске түсіру.

Ерікті еске түсіру деп— адамның алға қойған мақсатына байланысты еске түсіру. Осы арқылы адам күнделікті өміріндегі оқиғаларды, заттың көріністерді еске түсіре алады, бұлардың өзі әр адамның темпераментімен тығыз байланысты. мысалы: халерик-тез есіне түсіреді. Ал флегматик тез ұмытады.

Еріксіз еске түсіру өзі мынандай 3 заңдылыққа негізделген:

  1. іргелестік
  2. ұқсатық
  3. қарама-қарсылық

Егер нерв клеткасының біреуі ерекше қарқынмен жұмыс істеп жатса. Мысалы: оқу процесі кезінде, сол клетка өзінен белгілі бір қуатты биоток шығарады, содан кейін 2-ші бір клетка жұмыс істесе онда 1мен 2-ші клеткада ауыспалы индукциялық нерв байланысы болады. Егер мидағы бір клетка өте қуатты биоток бөлсе, онда оның әсері көршілес клеткаларға тарап, сол клеткалардағы бұрыннан қалыптасқан іздерге әсер етіп соның нәтижесінде ұмыт болған. Оқиғалар біртіндеп еске түсе бастайды.

Есте қалдырудың мынандай түрлері бар:

  1. ерікті
  2. еріксіз
  3. мағынасына түсіріп, есте қалдыру
  4. механикалық есте қалдыру
  5. қысқа мерзімді есте қалдыру
  6. ұзақ есте қалдыру
  7. мнемононикалық есте қалдыру

Ерікті есте қалдыру— өзі механикалық және мағынасына түсініп, барып еске қалдыру арқылы пайда болады. Алдына мақсат қойып, арқылы есте қалдырсақ немесе тәсілдер қолдану арқылы, бұл ерікті есте қалдырудың мазмұны болып табылады. Ерікті есте қалдыру-ұғып алу мақсатына байланысты әрекет. Белгілі бір оқу материалының, анықтаманы, заңдылықтарды формулаларды есте қалдыруға үйреніп алуға, ұмытпауға алдына мақсат қойса, есте қалдыру нәтижелі болады. Яғни адам нені есіне қалдырғысы келсе, соған мән беріп бағыт алады.

Еріксіз есте қалдыру— адамның өмір тәжірибесінде кездесетін құбылыстар, күнделікті оқғалар, адаммен сөйлесетін сөз мазмұны, көрген фильмдері үйренетін деп, мақсат етпеген. Оқу кітаптар мазмұны есінде еріксіз қалады.

Адамның өміріне қажет мүддесіне, мақсат тілегіне байланысы жоқ. Оқиғалардың есте қалуы аз болады. Сонда еріксіз есте қалдыру деп жалпы түйсіну мүшесінің қандай-да болмасын сигналды қабылдауға дайын тұруына байланысты олардың көбінесе өздігінен есте сақталуын айтады.

Механикалық есте қалдыру— бұл мағынаның жеке бөліктерінің арасындағы мағынасына көзін аудармай рет-ретімен жаттау, яғни ішкі мазмұнын қадағаламай, сыртқы байланысын түсінбей есте қалдыру. Мысалы оқушы сабаққа дайындау барысында тапсырманы 5-6 рет оқып шығып, сабақ үстінде оқулықта не жазғанын рет-ретімен айтып, тосынан берілген сұрақтарға жауап бере алмайтын кездер жиі болады. Сонымен қатар шет тілі ғылымының қиын атаулары, телефон номері, көше, кісі аттары механикалық есте қалады. Кейде тілді үйрену жолы немесе сан түрлі симвоникалық белгілерді жаттау кезінде, көптеген жағдайда мағына түсінбей есте қалдырады.

Мағынасына түсініп есте қалдыру— материалды жақсы ұғынып, терең түсініп, мағыналы байланыстарын, маңызды қатынастарын анықтай отырып, еске түйіп алу. Қандай да болмасын оқиғаларды есте қалдыру үшін оны бұрыннан білетін оқиғалармен байқау тиімді.

Мнемоникалық есте қалдыру- мнемоника деген сөз грек сөзін алатын ес деген мағына береді. Мнемоникалық есте қалдыру деп- материалды жасанды әдіс тәсіл арқылы есте қалдыру жолын айтады.

Қысқа мерзімді есте қалдыру — белгілі бір уақыт аралығында дәл осы мерзімде болып жататын оқиға, құбылыс пән заттар қатесіз дәлдікпен есте сақтау жолын айтады. Мысалы: бірнеше уақыт өткеннен кейін, ондап әлгі оқиғалар жөнінде хабарлар жойылып бітіп отырады. Оларға тексті басуда- секретарь машинистер есі яғни ол әр сөзді фразалық дәл есінде ұстайды. Бірақ бірнеше уақыттан соң ұмытылып кетіп отырады. Сол сияқты аудармашылар текстің фразаларын тек аудару үстінде есінде дәл сақтайды. Жаңа фразаларға ауысқанда алғашқысы біртінділеп ұмытылып отырады. Сонымен қатар қысқа мерзімді есте қалдыру-стеногрофискалардан операторлар жұмысының бақылауында байқалады. Бұл құбылыстың өзіндік мақсаттылығы бар. Егер ескі бұрынғы цифрлар адамның есінде, қалса, үнемі тұратын болса, онда зейін жаңа цифрларды қабылдауға, ұстауға мүмкіндік болмас еді.

Ұзақ мерзімді есте қалдыру-қабылданған материалды ұзақ әрі тұжырымды түрде есте сақтаумен сипатталады. Ұзақ мерзімде есте қалдыру әсіресе оқу процесінде өте қажет. Бұл    адамның білім көлеміне, өмір тәжірибесіне, мінез,темпераментіне байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *