Ойлау

 

 

Ойлау дегеніміз -сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі .

Адамға тән ойлау процесі әртүрлі формада жүзеге асады. Ойлау процесінің негізгі формаларына ұғым-пікір, ой қортындылары жатады.

Ұғым дегеніміз — заттар мен құбылыстар туралы, оның жалпы және мәндік қасиеттері туралы бейнелейтін ой ұғымдар дара және жалпы болып екіге бөлінеді. Мысалы: Алматы қаласы, Мұхтар Әуезов десек дара ұғым деп елестетеді. Адам, жұлдыз, кітап десек бұл жалпы ұғым. Кейде бұлардан басқа жинақтаушы да ұғымдар болады. Мысалы:студенттер жатаханасы, балалар емханасы, деген сияқты.

 Дара ұғым — бір затпен обьектіге ғана қатысы бар заттың аталу ұғымын айтамыз.

 Жалпы ұғым дегеніміз — тектес заттардың тобына, класына, түріне арналған ұғымдарды айтамыз. Бірақ та жалпы ұғым –жеке образдарға сүйеніп отырады.

Пікір дегеніміз — бұл да ойлау формасы. Мұның міндеті, құбылыстар арасында байланыс орнату. Пікірде адам белгілі бір зат туралы өз ойын айтады. Олардың заттар арасындағы бойынын немесе құбылысқа деген қарым-қатынасын білдіреді. Сондықтан да пікірде бір ғана ой танымдық процесс белгіленбейді. Бірақта осы пікірдің ақиқаттығын дәлелдеу  үшін, адам екі түрлі ой қорытындысының әдісін қолданады.

Индуктивтік ой қорытынды — жекеден жалпыға қарай жалпылап ой қорытындысы. Мысалы: оттегі болатын ауада, оттегі жоқ ауада адам да тіршілік ете алмайды. Осы айырмашылын пікірлерді жалпылап, ендеше оттегі жоқ ауада барлық тірі организм тіршілік ете алмайды деп қорытынды шығаруға болады.

Дидуктивтік ой қорытынды — жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мысалы: барлық тірі организм оттегі жоқ д\жерде тіршілік ете алады дедік. Барлық та тірі организмнің біреуі. Ендеше балық та оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды. Осы дидактикалық ой қорытынды деп аталады.

Аналогиялық — ұқсастық деген мағына береді.

            Адамға тән ойлау процесі әртүрлі болып келеді. Мәні мен мазмұны жағынан әртүрлі мәселелер мен міндетті шешіп отыратын болғандықтан ойлау процесі 3 түрге бөлінеді: а)практикалық ойлау, б)нақты бейнелік ойлау, в)теориялық ойлау.

Практикалық ойлау дегеніміз— адамның практикалық ой-әрекеті барысында сонымен қабаттасып, қосарласып, туып жатқан заттар мен құбылыстың байланысын немесе қатесін білдіруді айтады. Мысалы: жүріп келе жатқан машинаның, неліктен тоқтап қалуын білу үшін жүргізуші матор мен немесе басқа сайыстармен тікелей әрекет етеді. Мойын өлшеп, су құяды, бір бөлігін ауыстырады. Қажет болса, 1бөлшек орнына 2 бөлшек салып, жүрмелеу себебін іздейді. Адамның ойының осы түрін, практикалық немесе әрекеттік ойлау дейді. Бұл нақты сенімдік, сезімдік танымға сүйене отырып жүзеге асатын ойлау. Яғни затпен тікелей практика жүзінде әрекет етуге байланысты.

Нақты бейнелеп ойлау дегеніміз— адам белгілі міндет пен мәселені шешіп отыртын кезде өзінде бар көрнекі бейнелер қолданса, нақты бейнелік ойлау көрініс береді. Мысалы: адам бір жерге бару үшін, бару керектін ойластырады. Яғни мәселені белгілі мәселелерге сүйеніп, ойша шешуде айтамыз.

Теориялық ойлау — адам сезім танымын анықталмайтын, процесс және бейнелік ойлаумен бейнені алмайтын заттар мен құбылыстың өзара қарым-қатынасы. Оларға тән заңдылықтырды бейнелейді. Теориялық ойлауда заттар мен құбылыстарда басқа ерекшеліктермен жеке сипатымен бейнелеп отыруға мүмкіндік туғызады. Теориялық ойлауды, ұғымдық ойлау деп те айтады.  Сонда ойлаудың үш түрі де адамға тән қасиет.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *