Психология дегеніміз— психикалық құбылыстардың пайда болу, даму, қалыптасуын зерттейді.
Психологияның негізгі мазмұны— адамның психикалық еріктігін, іс әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді және адамның психологиялық ерекшелігін, іс әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді. Психологияның тұңғыш дүниеге келген жері- Греция. Термин екі сөзден тұрады. Псюхе-жан, логос-ілім. Сонда жан туралы ілім деген мағына береді. Адамның өмір сүріп отыратын әлеуметтік ортаға қарама-қатынасы психология мынандай салаларға бөлінеді.
- Еңбек психологиясы бұл салада адамның еңбек іс әрекеті, психологиялық ерекшелігін зерттейді. Өзіндік ерекшеліктері мен сипатына қарай бірнеше тараларға бөлінеді. Олардың әр қайсысы өз алдына инженерлік, авиациялық, космостық психология болып бөлінеді.
- Педагогикалық психология бұл салада адамда оқыту мен тәрбиелеу мәселесі қаралады. Баланың ойлау принципін дамыту мен оқу мативациясын меңгеруін жүйелі басқарып, баланың ақыл ойын дағдыларын қалыптастыру іздестірулер оқып тәрбие жұмысының болуына жол ашады. Педагогикалық психология — оқыту және тәрбиелеу психологиясы деген тараудан тұрады. Оқыту психологиясы жалпы дидактиканың жеке пәндері оқыту методика негізін басқарады. Ал тәрбие педагогикасы жас ұрпаққа тәрбие беру негізін және ақыл-ойы кем баланы оқыту, тәрбие мәселесімен шұғылданады.
- Арнаулы психология.
Патопсихологияда — адамның психологиясының зақымдану саласын, психика әр түрлі күйзеліске ұшырауын, соны бір жүйеге келтіріп, оқытып, тәрбиесі мәселесімен шұғылданады.
Олегрофренопсихология — бала іштен туылған кезде, психология ауытқуына байланысты өзгешеліктер болады. Осындай ақыл-ой кемтар бала мен оқыту мәселесімен шұғылданады.
Сурдопсихология — есту мүшесі кем балалардың саңыраулардың, мылқаулардың психологиясын бір жүйеге келтіріп, оқытып тәрбиелеу мәселемен шұғылданады.
Типлопсихология— нашар көретіндердің, соқырлардың, су қараңғылар психологиясын зерттейді.
Психологияның келесі саласы жас психологиясы. Бұл адамның тіршілігінің психикасы мен даралық ойлары мен даму заңдарын зерттейді. Жас психология өзі бірнеше салаға бөлінеді. Балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, геронтопсихологиясы.
Негізінде психологияның зерттейтін мәселесі топтан, біріктірсек мынандай 3 түрін көреміз:
- психикалық процестер
- психикалық қалп немесе жағдай
- психикалық қасиеттер
Психологиялық процестерге — түйсік пен қабылдау жатады.Осылар бойынша заттар мен құбылыстар сезім мүшесіне әсер етеді. Ал ес процесі арқылы болмыстағы бейнелер адам санасына тікелей танып білуге болмайтын заттар мен құбылыстарды мәнді және жанама түрде бейнелейді. Ал эмоциялық процестер арқылы адамда әр түрлі сезімдер пайда болып оның қажетін қанағаттандыруға қажет деп есептейді.
Психикалық жағдайға адам сезім көріністері, көңіл күйі афереттілер, ашуланып күйіп-пісу жатады. Адамның еркі, сенімі тартыншақтығы, ойлаудағы күмәндәнуі психикалық жағдайға жатады.
Әр адамның өзіне тән ерекшелігі психикалық қасиеті болады. Кейбір адам сурет салуға, психикаға кітап оқуға ықыласы күшті болады. Екінші 1 адамның әрекетінің басқа түріне қабілеті болады. Біреулер қызба темпераментті болады. Ал кейбіреуі бірқалыпты байсалды болады. Сонда ықылас, қабілет, темперамент, мінез адамның психикалық қасиеттер деп есептелінеді.. Үшеуінің жиынтығы психика деген ұғым береді.
Психология өз алдына дербес ғылым болып 1879 жылы 19 ғасырдан бастап бөлінді. Бұған себепші болған Вилгельм Вундтың Лейпсик қаласындағы тұңғыш рет лаборатория ұйымдастыруына байланысты. Өйткені Германияда өндірістік күштердің даму салаларына өндірістік күштердің талап тілектеріне сай эксперименталдық зерттеу әдістерінің жүргізілуі тарихта бірінші рет орын алды.