Психологияның зерттеу әдістері

 

 

Психикалық процестер пайда болған шарттарын ойлау үшін әртүрлі негізгі және қосалқы әдістер қолданылады. Психологияда адамның психикасын зерттейтін бірнеше әдістер бар. Оның бірінші тобы негізгі әдіс, екіншісі қосалқы әдіс.

Байқау әдісі — белгілі бір жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойынша зерттеуші адамның іс-әрекетіне тікелей араласпай-ақ жүреді. Бақылауға алған адам ол туралы білмеуі керек. Егер де өзін зерттеп жүретін білсе адам өзінің қасиетін жасады. Байқаудың арнайы жоспары болады. Жоспар бақылаушылардың барысымен сәйкестігін салыстыру керек. Міндетті түрде байқау күнделікті жүргізеді. Байқау күнделігінде тек факторлар емес, болып жататын жағдайлардың бәрі тіркелеуі керек. Күнделікті жазылмаса фактілерді қорытындылап бағалауға және әр түрлі себепті ажыратуға болмайды. Сонымен қатар зерттеушынің қимыл қозғалысы, мимикасы, сөз реакциясы, мінез-құлқы түгелдей байқалады. Бақылауды жаппай немесе ішінара жүргізуге болады.

Жаппай бақылау кезінде жалпы психологиялық процестер мінез-құлқының көптеген жақтары қамтылады. Әсіресе бақылаушыға маңызды назар аударлық болып есептелетін баланың жаңа сапалары мен мүлігі жазылып отырады. Бала қалай киінеді, жазады, ойлайды осының бәрін тіркеп жүріп мінездеме жасағанда тіркеуге болады.

Ішінара байқауда баланың мінез-құлқының бір жағы ғана немесе іс-әрекет кездегі қарым-қатынас және бала мінез-құлқы есепке алынады. Ол үшін дәптерді бөлімдерге бөліп, бірін құрдас қатынас, 2-нін үлкендермен қатынасын, 3-іне семьядағы қатынасын жазады.

            Бақылаудан кейінгі көп қолданылатын әдіс — эксперементтік әдіс. Бақылауға қарағанда біраз артықшылығы бар. Эксперименттік әдістін 2 түрі бар.

           1)Табиғи эксперимент 2) лабораториялық эксперимент

          Арнайы лабараториялық апараттармен жабдықталған қабинетте өтілетін зерттеу лабораториялық эксперимент делінеді. Лабораториялық эксперименттің ерекшелігі – тек онда адам сөзі қимыл қозғалысы, сыртқы ым-ишарасы байқалып қана қоймайды, адам ішіндегі көрінбей тұрған жастын физиологиялық ерекшеліктерін айтады.Мысалы: күрделі эмоциялық өзгерісте қан тамырының соғуы, жүрегінің жұмысы, арнайы апараттармен жазылып отырады.

            Табиғи эксперимент — зерттейтін адам өзін күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында оқу, ойын, еңбек, әрекет үстінде зерттеп біледі. Бала өзін зерттеп жататын білмегендіктен, табиғи жағдай көреді. Өйткені бала өзінің  сөзін жазып жататын біледі. Немесе зерттеуші мен зерттелуші ортада қабырға айнана тәрізді. Эксперименттің мынандай тиімді жерлері бар зерттеуші өзіне қажетті құбылысты қашан пайда болған деп сырттан бақылауын күтпейді. Қажет процесті өзіне қажет уақыт арасында жасауды қолданатының тудырыды. Мысалы: математикадан бала есіне түсіру үшін жеке сұрақ қолданады немесе белгілі қысқа мерзімде есеп шығартады, тақпақ жаттатқызады, оны қайта айтады. Зерттеуші зерттеу барысында психологиялық процестер үстінде мақсатты түрде жағдайларды өзгертеді. Балаға практика жүзінде ортаға тапсырма береді. Зерттеу мен бетпе-бет әрекет жасайды. Бір эксперимент өзін бірнеше қайталынады. Ал эксперименттің тиімді жері— бала өзінің зерттеп жататын біледі де жасанды қылық көрсетеді. Эксперимент жүргізудің өзі үш түрде жүзеге асады.

            1)Констанциялау эксперимент. Мұның мақсаты тексеретін жұмыстың мақсатын бағытын алдын — ала біледі.

            2) Қалыптастыру экспериментте арнайы ұйымдасқан оқу-тәрбие жұмысында жеке адамға тән салаларды қалыптастыру барысында жүреді. Ол үшін арнайы програмаға сәйкес, оқу программалары беріледі.

            3) Қорытынды эксперимент— бірінші және екінші эксперимент нәтижесін қалпын ілгері басу нәтижесін байқатады. Оған көз жеткізу үшін бастапқыдай эксперимент жасайды.

Әңгіме әдісі — бұл да алдына мақсат қойып жоспарлы түрде дұрыс жауап алу үшін күні-бұрын сұрақтарды дайындайды. Көбінесе баланың білімін, қызығушылығын әрекетке бейімділігі үшін жүргізеді. Әңгіменің барысында негізгі мақсаты көздей отырып сабақтың мазмұны мен болғанын сақтап берген жауапқа қарай сұрақтарды түрлендіруге болады. Әңгіме барысында зерттеуші өзін жайма шуақ еркін ұстауы керек. Әңгімелесудің бір кемшілігі сыналатын адамның психикалық ерекшелігіне қорытынды жасау өзі берген жауабы негізінде жүзеге асады. Сондықтан да әңгімелесу әдісінің жеке түрін жүргізеді, басқа әдістер арқылы алынған мәліметтермен толтырылып отырады. Әңгіме барысында қолданылатын сұрақ қою тәсілі пайдаланады. Ондағы мақсат бала шындықты келмесе де қолданылған сұраққа қалай  жауап беретінін білмегені қалады. Әңгімені әңгіме барысында бала жауабы түгел жазылады. Соған орай зерттеуші қорытынды жасайды.

Анкеталық әдісі — зерттелетін адамға арнап құрылған бірқатар мазмұнды сұрақтарға жауап жаздырады да, сол жазбаша жазылатын жауаптарға белгілі қорытынды жасап тиянақты пікірге келуге болады. Бұл әдістің бір ерекшелігі сұрақты  құрмас бұрын баланың жас ерекшелігін ескеру керек және  сұрақтың мазмұнын айқын дұрыс жауап беретіндей құрылуы керек. Анкетаны жазбас бұрын қалай толтыру керегі жөнінде, балаға нақты түсінік беру керек. Артықшылығы бірнеше сұрақтар беріліп тсол сұрақтарға алынатын жауап көп сол заңдылықтармен алдынғы және көлемі үлкен материал алуға болады.

Тесттік әдіс — сынау, яғни тексеру, көру мағынасын береді. Бұл арқылы тексеріп отыратын адамның билігін, іскерлік жағынан, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесін психикалық процестердей сапаларын қатынасын анықтау үшін мамандыққа деген қабілетін арнау үшін жүргізуге болады. Яғни мұнда белгілі жағдайды қатаң сақтай отырып, балаларға ұсынылатын арнайы есеп немесе бір топтама мазмұнды сұрақ белгілі бір уақыт аралығында беріледі де, соған жауап алу жұмысы жүгізеді. Әр тапсырманы орындағаны үшін белгілі мөлшерде балды есептеп баға береді. Әр тапсырманы әр түрлі вариантта орындауға болады. Өйткені кейбір балалар кейбір себептермен тапсырманы орындай алмай қалуы мүмкін. Оның орындалу уақыты, сапасы, қабілеті мен сапалық қасиеті уақыт мөлшері негізінде айтады. Көптеген жолда баланың білімі көлем сапасын анықтау үшін жүргізеді. Дұрыс ұйымдастырған тесттік әдіс арқылы адамның қабілетіне, бейімділігіне қарсы белгілі мамандыққа бейімділігін анықтап, әр класқа бөледі де әр қайсысының программалық өтуіне қарай оқу программасын зерттеп бөлді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *