Заң психологиясының терминдері

 

 

Анықтау – алдын ала тергеуден зерттеу субъектісі және затына байланысты ерекшеленетін зерттеу нысаны.

Аномия – қоғамның бағалық – ережелік жүйесіндегі кемшіліктер ретінде құқықтың беделінің түсуін, әлеуметтік ережелердің даралықтың мінез – қылығына ықпал етуінің тым төмен дәрежесін, қоғамның әлеуметтік тұрақсыздығына байланысты әлеуметтік ережелердің реттеушілік қызметінің бұзылуын көрсетеді. Аномия түсінігін Э.Дюркгейм енгізген.

Делинквентті мінез – қылық – қателікті мінез – қылық.

Ақиқат – пікірдің дәлелділігі, оның шындыққа сайлығы.

Дәлелдерді зерттеу —  дәлелдердің мазмұнын, шындығын және дәлелдік құндылығын анықтау.

Жеке адамды зерттеудің әдістері – жеке адамның психикалық сапаларын зерттеудің жолдарының, тәсілдерінің, процедураларының жиынтығы.

Тінту — қылмысты ашуға дәлелдік маңызы бар заттар мен құжаттарды табуға және көндіріп алуға бағытталған тергеу әрекеті.

Оқиға орнын қарау — бұл оқиға орнының жағдайын оқиғаның материалдық іздерін табу мен бекіту үшін, тергеу болжамдарын жасау мен қылмыстың құрамдық белгілерінің бар немесе жоқ еккендігін анықтау үшін қажетті мәліметтерді тікелей тануға бағытталған тергеу әрекеті. Оқиға орнын қарау бұл өткен оқиғаның ойлық моделін қазіргінің фактыларын қабылдау арқылы қалпына келтіру, қайта жасау процессі. Бұл процесс сол объектілердің материалдық модельдерін қазіргі уақытта қабылдау арқылы жеңілдетіледі. Оқиға орнын қарау аса қажетті  және ауыстыруға келмейтін тергеу әрекеті болып табылады.

Тергеуші – ішкі істер органдарының, прокуратураның, ҰҚК – нің алдын ала тергеуді жүзеге асырушы лауазымды қызметкері.

Өмірбаяндық әдіс – даралықтың психикалық ерекшеліктерін оның өмір жолын талдай отырып зерттеудің тәсілі.

Болжам (версия) – құбылыстың себебін тікелей зерттеу мүмкіндігі жоқ кезде, бірақ оның салдарларын зерттеу мүмкіндігін пайдалана отырып, бастапқы деректерді түбірлі салыстыру арқылы жүргізу. Тергеу және сот әрекетінде болжам барлық мүмкін салдарларды тауып, оларды тексеру үшін ұсынылады.

Дәлелдеу – қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға қажетті дәлелдерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдаланудың процессі ретінде екі жағымен көзге түседі: танымдық және куәлендіруші.

Жауап алу – азаматтық және қылмыстық процесстердегі істі дұрыс шешу үшін маңызды жағдайлар туралы мәліметтерді алуға, бекітуге байланысты соған өкілетті адамдар (тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот) жүзеге асыра алатын тергеу мен сот әрекеті.

Жанама жауап алу – «бейтарап» сұрақтар жүйесін қоя отырып жауап берушінің сақтану – қорғану реакциясын туғызбай деректер алуға мүмкіндік беретін тактикалық тәсіл.

Криминальдық психология – қылмыскердің, қылмыстық топтың  және қылмыстық әрекеттің психологиясы мен құқық бұзушы мінез – қылықтың психологиялық механизмдерін зерттейтін заң психологиясының саласы.

Криптография – хатты бөтен адамдар оқи алмайтындай етіп өзгерістер енгізуден көзге түсетін құпия жазу, қылмыскерлердің құпия араласу құралдарының бір түрі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *