Психология пәні бойынша оқу сабақтарының формалары мен оларды жүргізу әдістері

 

1.Психология курсындағы семинар сабақтар.

2.Оқу үрдісінде семинар сабақтарының негізгі функциясы мен сабақтардың типтері.

3.Психология бойынша семинар сабақтың дайындалу және жүргізілуі әдістемесі.

4.Психология бойынша практикалық сабақтың негізгі функциясы. 5.Практикалық сабақтың мақсаты мен құрылымы.

6.Психология бойынша практикалық сабақтың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі.

 

Тәжірибелік және семинарлық сабақтар – топтық сабақтар формаларының бірі. Оның негізгі мақсаты студенттерге өзбетінше әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету және шығармашылық шеберліктерін қалыптастыру. Бұл іс-әрекет түрінде студенттер ғылыми ізденушілік дағдыларын машықтандырады. Сонымен қатар, студенттер семинарлық және тәжірибелік сабақтарда өздерінің алған білімдерін іс жүзінде әртүрлі жағдайларда қодануға үйренеді.

Семинар сабақтары ежелгі грек және рим елдері мектептерінде кең қолданылған. Ондағы семинар сабақтарында пікірталас, оқушылардың ақпарат дайындауы, оны баяндауы мен қорытындылауы үйлестіріле өткізілген.

Семинар дәріс сабағында алынған білімді тереңдету және кеңейту мақсатында жүргізіледі, қиын материалдарды талдауды, талас туғызатын сұрақтарды анықтауды көздейді.

Тәжірибелік сабақтардың функциясы сабақ формаларына қарай әртүрлі болуы мүмкін: семинар-практикумдар, семинар-пікірсайыстар.

Студентер семинар-практикумдарда әртүрлі жағдайларға байланысты мәселелерді шешу жолдарын талқыға салып, жетекшінің көмегімен шешімді бағалайды.

Ал, семинар – пікірсайыста талқыға алынып отарған мәселелердің әдіс-тәсілдерін өз үлестеріне қарай қолдануға үйренеді.

Пікірсайыс интерактивтік әдістердің бірі болып саналады. Оқытушы дискуссияны ұйымдастыру үшін өз пәнін, талқыға салмақшы материалды жақсы білуі керек.

Пікірсайыс тақырыбы мен сұрақтары алдын-ала беріліп қойылады. Семинарлық сабақтың ұйымдастырылуы өте күрделі екендігін көптеген жас мұғалімдер  біле бермейді. Себебі семинар сабақты өткізудегі негізгі іс-әрекет студенттердің үлесіне тиеді. Ал, оқытушылардың міндеті сол сабақты тиімді қйымдастыру. Осы негізде мұғалімдерге төмендегі мәселелер бойынша әдістемелік көмек қажет:

  • Талқыға алынған мәселелерді қамтудың кең болуын және тиімді талдаудың ойластыру;
  • студенттердің материалды тек жаттап алмай, өз ойларын ортаға салуын және өз пікірлерін білдіруі;
  • бос әңгіменің төңірегінде студенттердің уақыт алмай, нақтылы мәселеге назар аударуын қалыптастыру;
  • мәселені дұрыс түсінбеген, шешпеген жағдайда не істеу қажеттігін ойластыру.

Осы мәселелерге байланысты мұғалімнің семинарды дайындау және өткізуінің жалпы жоба кестесі:

Семинар сабағына студенттің дайындалуы негізіне әдебиеттерді өз бетінше талдауы және талқылауға берілген сұрақтар бойынша баяндамалар дайындау кіреді.

Кейінгі кездері семинар сабағын өткізу әдістемесіне көптеген өзгерістер енгізілуде. Семинар сабағының сұрақтарының барлығына студенттердің бәрі тегістей дайындалуы көзделеді.. Бірақ қазіргі кезде мәселені толық ашу үшін және терең түсіну үшін  алдын-ала баяндама дайындау семинар сабағы жиі өткізіліп жүр. Баяндаманы (рефератты) талқылауға барлық студенттер қатысады. Сол сияқты арнайы оппоненттердің қатысуы, баяндама мазмұны бойынша сын пікір айтушылардың да қатысуы жиі қолданылады.

Оқытушы дайындалған баяндамаға сүйене отырып бандамашы студенттің мүмкіндігін, танымдық қабілетінің даму деңгейін, дербестігін, жұмысқа деген шығармашылық қатынасын бағалайды.

Семинараға қатысушылар семинар сабағынан өзіне қажетті күрделі әрі жаңа қызықты ақпараттарды ала алады.

Оқытушы ақпаратты белсенді талқылауды ұйымдастыру үшін әрқашан қосымша сұрақтар дайындауы қажет.семинар сабағын өткізуде маңызды рольді мәселені проблемелық етіп қою алады.

Семинар — бұл студенттердің конспект жасауға үйрету және әр түрлі бағыттағы және әр түрлі мәндегі әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету сабақ формасы болып табылады. Осы мақсатта оқытушы өзі кейбір студенттің конспектісін талқылауы мүмкін, нақты мысалдар негізінде конспект жасаудың дұрыс жақтары мен дұрыс емес, қате жақтарын көрсетіп, конспект жасауға қойылатын талаптарды түсіндіруі тиіс, мәселен, конспект жасалатын жұмыстардың библиографиялық мәліметтерін дұрыс жазу, абзацтағы негізгі ойды таба білу, оны өз сөзімен жеткізе білу және т.б.

    Семинар сабағына міндетті түрде берліген немесе өз бетімен тапқан әдебиеттері бойынша баяндама даярлау студенттің  ғылыми жұмысы болып табылады.

    Семинар сабағын өткізудің тиімділігінің негізгі шарттары:

  • дәріс курсы мен семинар сабағының бірізділікте болуы;
  • семинар сабағының жоспарының болуы;
  • студенттің белгілі бір тақырыпты терең игеруіне қатысты кеңес беру үшін оқытушының әдебиеттерді көп білуі;
  • семинар сабағында студенттер жұмысына қатаң бақылау жасау;
  • уақытты орынды пайдалану;
  • студенттердің жауабын толықтырып, әр сұрақтан кейін қорытындылап отыру.

Негізгі ұғымдар: семинар сабақтар, семинар сабақтарының негізгі функциясы, семинар сабақтардың типтері, семинар сабақтың дайындалу және жүргізілуі әдістемесі, семинар сабағын бағалау критерийлері,  практикалық сабақтың негізгі функциясы, практикалық сабақтың мақсаты мен құрылымы, практикалық сабақтың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі,  практикалық сабақтың талдану үлгісінің сұлбасы.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Психология курсындағы семинар сабақтар.

2.Оқу үрдісінде семинар сабақтарының негізгі функциясы мен сабақтардың типтері.

3.Психология бойынша семинар сабақтың дайындалу және жүргізілуі әдістемесі.

4.Психология бойынша практикалық сабақтың негізгі функциясы. 5.Практикалық сабақтың мақсаты мен құрылымы.

6.Психология бойынша практикалық сабақтың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі.

 

Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б  Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *