Психология пәні бойынша  зертханалық сабақтар, тәжірибелер мен демонстрациялар

 

1.Психологияны  оқытудағы  зерханалық жұмыстардың функциясы.

2.Зерханалық жұмыстар мен олардың өзіндік ерекшеліктері. Зерханалық жұмыстың әртүрлілігі.

3.Психология сабағындағы тәжірибе мен демонстрация.

4.Психология пәні бойынша зерханалық сабақтарды жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптар.

Зертханалық сабақ міндеттері мен оларды іріктеуде үлкен қиындықтар тумайды, себебі көптеген әдебиеттерде алуан түрлі әдістемелердің,әсіресе тестердің жиынтығы бар, сондай-ақ практикум бойынша оқу құралдарында лабораториялық сабақтардың дайын сұрақтары мен тапсырмалары берілген.

Лабораториялық сабақтарға қойылатын талаптарға мыналар жатады:

Бірінші талап: сабақ үлкен қомақты болмауы тиіс. Сабақта міндетті түрде көп әдістемелерді қолданудың не күрделі, көлемі үлкен әдістемелерді және әр түрлі зерттеу процедурасын қолданудың қажеті жоқ. Тек қана студенттердің осының көмегімен сенімді мәлімет алу мүмкіндігі туралы немесе қандай да бір теорияның ақиқаттығына көз жеткізу үшін ғана қолданған жөн.

Екінші талап: оқытушының міндетті түрде студенттер алған тестік немесе басқа да фактілер жөнінде теориялық интерпретация жасауы. Егер тест студенттердің өздеріне жасалса, жекелеген студентер бойынша алынған көрсеткіштерді көпшілік алдында талдауға болмайды, бұл сол адамды кездесоқ ренжітуге не сол адамның өзінің бойындағы «кемшілікке» қатысты уайымдауына негіз болуы мүмкін. Тестілеу немесе сауалнама нәтижелері көпшілік алдында талдануы мүмкін, бірақ мұның барлығы жасырын болуы қажет. Студенттер онсыз да талдау барысына  өздері қорытынды шығара немесе оқытушыға сұрақ дайындай отырып зейін сала бақылайды.

Үшінші талап — оқытушы талдаудан қорытындыны осы зерттеу процедурасының мүмкіндіктеріне ғана қатысты жасамай, зертте объектісіне айналаған психологиялық феномендердің өзінің мазмұны бойынша жасауы тиіс. Басқаша айтсақ, студенттер әдістемелер мен зерттеу бағыттарын үйрене отырып, олар сонымен қатар психология теориясы бойынша да білім алуы тиіс.

 

Негізгі ұғымдар: зерханалық жұмыстардың функциясы, зерханалық жұмыстар, зерханалық жұмыстың әртүрлілігі, тәжірибе мен демонстрация, зерханалық сабақтарды жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптар.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Психологияны  оқытудағы  зерханалық жұмыстардың функциясы.

2.Зерханалық жұмыстар мен олардың өзіндік ерекшеліктері. Зерханалық жұмыстың әртүрлілігі.

3.Психология сабағындағы тәжірибе мен демонстрация.

4.Психология пәні бойынша зерханалық сабақтарды жүргізуге қойылатын әдістемелік талаптар.

 

Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б  Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *