Психология пәні бойынша дәрісті дайындау мен жүргізу әдістемесі

 

1.Дәрістің негізгі функциясы (ақпараттық, жүйелілік,баяндаушы, дамытушы).

2.Дәріс түрлері. Дәріс материалдарының жинақталуы мен жүйеленуі.

3.Психология пәні бойынша оқу дәрісінің талдану үлгісінің сұлбасы.

 

Қазіргі оқыту процесінде дәріс сабағын негізгі оқыту формасы деп есептейді. Оның негізгі дидактикалық мақсаты студенттердің келесі оқу материалын меңгеруі үшін бағдарлаушы негіз қалыптастыру. Дәрістің тиімділігінің мәнін ашқан көптеген ғалымдар болды, сонын ішінде көрнекті орынды С.И. Зиновьев пен Г.А. Ильина алады.

«Лекция» латын тілінен аударғанда оқу деген мағына береді. Дәріс алғаш Ежелгі Грецияда пайда болып Ежелгі Римде дами түсті. Баспа қызметінің дамығанына және кітаптардың кеңінен таралғанына қарамастан дәріс өз мәнін жойған жоқ. Университтерде дәріс сабақтар кеңінен қолданылды. Ресейде дәріс сабағының дамуына үлкен үлес қосқан М.В. Ломоносов болды.

XIX ғасырдың ортасында ғылыми және техникалық білімдердің өсуіне байланысты практикалық сабақты оқу процесіне енгізу қажеттілігі туды. Практикалық сабақ студенттердің белсенділігі мен дербестігін дамыта түсті. Осы кезде дәріс сабағына деген көзқарастар өзгере бастады. Дәріс сабағын азайтып студенттерге өз бетінше кітаппен дайындалу керек деген пікірлер айтыла бастады. 60-шы жылдары дәрі сабағын оқыту процесінен мүлде алып тастау керек деген пікірлер де болды. Бұл пікірдің иесі атақты хирург және педагог И.И.Пирогов болды. Ол егер оқытушыда бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа материал болса және лектор ерекше сөйлеу өнерін меңгерген болса ғана дәріс оқуға болады дегенді айтты.

1896 ж техникалық және кәсіптік білім берудің орыс қайраткерлерінің ІІ съезінде дәріс сабағының мәні жоғары қойды. Жанды сөз – бұл ғылыми білімді хабарлаудың керемет қуатты құралы және ол материалдың анағұрлым мәнді жақтарын есте қалдырады деген пікірлер айтылады.

Дәріс – тақырып мазмұны бойынша көпшілік алдында бір ғана адамның сөйлеуі негізінде өтеді. Тақырыпты пікірталас түрінде берген дұрыс, тыңдаушының өмірімен байланыстыра отырып, тақырып мазмұнын ашып қана қоймай, қосымша түрде негізгі проблеманы айтқан дұрыс.

Дәрістің негізгі функциялары. ЖОО дәріс оқу сабақтарының негізгі түрі болып табылады. Дәріс оқу әдетте ең тәжірбиелі және теориялық жағынан дайын ғылымға – профессор, доцент, доктор және ғылым кандидаттарына беріледі.

Неге ЖОО дәріске сонша көңіл бөлінеді? Себебі ЖОО студентке өзінің өз бетімен жұмысына дәріс ең рационалды жолын таңдауға бағдар береді. Осыдан келіп оның функциялары туындайды.

Ақпараттық функциясы. Дәріс студентке ғылым жетістіктері, оқу пәнінің негізгі жағдайлары туралы, нақты тақырыптар, қазір ғылымда шешілген немесе шешілу үстіндегі мәселелер жөнінде ақпарат береді.

Дәріскер өз тыңдаушыларына ақпаратты компьютер секілді бейтараптық көзқараспен емес, эмоционалды түрде, қызық етеп жеткізеді. Студент үшін дәріс – бұл оларға бейімделген ғылыми ақпарат көзі. Оны беретін дәріскер студенттердің аталған ақпаратты өзі сияқты сезініп, оның ақиқат екендігіне сеніп, өзінің өзіндік жұмысында кеңейтіп, дамытқанын қаламайды.

Дәрістің екінші функциясыбағдар берушілік. Дәріс ғылыми әдебиетте бағдар береді. Ол теория генезисін, идеясын, қашан және кімдердің қарастырылғанын, қандай өмірлік объективті қажеттіліктермен шартталғандығын көрсетеді.

Дәрістің үшінші функциясытүсіндіруші. Бұл негізінен беріліп отырған теория немесе гипотезаның негізгі ғылыми түсініктерінің мағынасын ашумен байланысты.

Төртінші функциясысендіруші. Ол негізінен дәріскердің пайымдаулары арқылы жүзеге асады.

Дәрісте беріліп тұрған жаңа материал егер студенттердің ой әрекетін белсенді етеді, есте жақсы сақтайды. Сондықтан, дәріс сабағындағы маңызды нәрсе тыңдаушылардың белсенді зейінін ояту, лектор ойынан қалыспай ойлануға баулау.

Кейбір оқытушылардың пікірінше дәрісті оқу дидактикасы деп өз пәнін жақсы білу және оны анық жеткізе білу.

Материалды жеткізудің анықтылығы, нақтылығы талабынан өзі күрделі педагогикалық мәселе болып табылады. Нақтылық көптеген шарттарды ескергенде ғана жүзеге асады, оның ішіндегі маңыздылары оқушылардың саналылығы мен белсенділігі, оқыту процесіндегі көрнекілік және бірізділік, оқу материалын меңгеру беріктігі.

Қазіргі кезде дәріске ортақ талаптар қойылады:

  • оқытудың идеялық бағыттылығын қамтамасыз ету;
  • ғылымилығы мен ақпаратылығы, яғни студенттерге белгілі бір ғылыми ақпараттарды хабарлау;
  • дәлелділігі және деректілігі, яғни жеткілікті көлемде анық, сенімді мысалдар, деректердің, ғылыми дәлелдердің болуы;
  • дәрістің эмоционалдылығы;
  • тыңдаушылардың ойлауын белсенді ету, яғни ойландыратын мәселені тыңдаушылар алдына тарту.
  • нақты құрылым мен бірізділікпен мәселелерді ашудың логикасының болуы;
  • әдістемелік талдау — негізгі ойлар мен тұжырымдарды бөліп көрсету, қорытынды жасау, оларды әр түрлі сөз тіркестерінде бере білу;
  • түсінікті және анық тілімен жеткізе білу, жаңа терминдер мен атауларға түсініктеме беру;
  • мүмкіндігінше аудиовизуалдық дидактилық материалдарды қолдану.

Дәрістің құрылымы материалдың мазмұны мен сипаты жағына байланысты болады. Бірақ ортақ әдістемелік ережелерді еске ұстаған дұрыс. Ең алдымен тыңдаушыларға дәріс жоспарын хабарлау және міндетті түрде жоспар бойынша жеткізу. Дәріс жоспарына әдетте дәрістің негізгі мәселелері кіреді. Кейін бұл мәселелер емтихан билеттерін құрғанда қолданылуы мүмкін.

Студенттерге өткен дәрісте қарастырылған мәселелерді естеріне салып, оны жаңа материалмен байланыстырған жөн және бұл материалдың осы пәнде, сонымен қатар басқа ғылымдар жүйісінде алатын орны мен мәнін көрсеткен дұрыс. Тақырыпты  мысалдар мен деректерге сүйіне отырып ашады, сөйтіп тыңдаушыларды ғылыми қорытындыларға жетелейді. Талданған мәселе бойынша қорытынды жасап, оны интонациямен, қайталаумен бөліп көрсету қажет. Дәріс соңында студенттердің осы дәріс бойынша түсінгендеріне қорытында жасау қажет.

Оқыту процесіндегі  дәріске жеке талаптар қойылады. Мысалы кіріспе сипаттағы дәріс студенттерді курстын мақсатымен, оның алатын орны мен рөлін таныстырудан тұрады. Дәріскер мұндай дәрісте айтылған, осы ғылымның пәні мен әдістерін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар ғылыми проблемалар қояды, болжамдар айтады, ғылымының даму перспективасы мен практикаға шығу жолдары туралы айтады. Кіріспе дәрісте теориялық материалды қоғамдық практикамен байланыстырған өте маңызды. Қазіргі ғылым даму денгейіне сәйкес дәріс мазмұны ғылыми сипатта болуы керек. Идеялық бағыттылығының болуы — айтылатын материал мазмұнын іріктеп алу; дүниетанымдық көзқарастарды арнайы бөліп көрсету, оларды дұрыс түсіндіре білу, өз отандас ғалымдар мен шетел ғалымдардың ілімдерін салыстыру және т.б. Ойлауды белсенді ету, проблема туғызу-дәрісті проблемадан бастау, проблемалық мәселелерді қозғап олардағы қарама-қайшылықты көрсету; ғылыми ізденістер тарихымен таныстыру; дербес (өз бетімен) жұмысында проблемалық мәселелерді қойып өз бетінше шешуге баулу. Өмірімен байланыстыру практикада қолданғанда бұл салалардың маңызын көрсету.

Дәріскер көрнекіліктерді алдын ала дайындап қоюы қажет. Дәрістің құрылымы оның тіліне, мазмұны мен айтылатын материалдың сипатына байланысты әр түрлі құрылуы тиіс. Дегенмен кейбір ортақ әдістемелік қағидаларды ұстану қажет. Дәріс барысында оның жоспарымен таныстыру (міндетті түрде жоспар болу қажет). Жоспарға әдетте негізгі өзекті мәселелер. Көрнектіліктерді қабылдау техникалық заңдылықтар мен құбылыстар туралы нақты түсініктерін қалыптастыруға үлкен әсер етеді.

  Көрнекіліктің мазмұны теориялық негізді нақты бейнелеуі керек. Мысалы: қабылдау өту барысында бөлшек пен тұтастың өзара қатынасын тоқталуып, оны кестемен бейнеленген жөн.

Бастауыш  дәріскерге қойылатын талаптар:

  • Бастамас бұрын тыңдаушы құрамын білу; (кәсіптік әлеуметтік).
  • Ең негізгісі материалдың анықтылығы. Нақты мақсатын қоя білу;
  • Конспект болу;
  • Ізденіс тудыратын сөйлемдерге әуестенбеу;
  • Қағаз бойынша айтуға әуестенбеу;
  • Сөзді тәпіштеу қажет емес;
  • Тыңдаушының қызығуын арттыру;
  • Аудиторияға қарап сөйлеу;
  • Дауыс ырғағын сақтау.

Негізгі ұғымдар: Дәрістің функциясы, ақпараттық, жүйелілік, баяндаушы, дамытушы, дәріс түрлері, конспектінің дайындалуы, Аудиовизуальды және көрнекі құралдар, баяндау стилі, оқу дәрісінің талдану үлгісінің сұлбасы.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Дәрістің негізгі функциясы (ақпараттық, жүйелілік,баяндаушы, дамытушы).

2.Дәріс түрлері. Дәріс материалдарының жинақталуы мен жүйеленуі.

3.Психология пәні бойынша оқу дәрісінің талдану үлгісінің сұлбасы.

 

Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б  Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *