Психологияны оқытудағы тексеруді ұйымдастыру мен бағалау

 

1.Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың негізгі функциясы.

2.Өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуының жүйелік тұрғысы. Өзіндік жұмыс құрылымы.   

3.Психология бойынша ғылыми әдебиетті оқу және кітаппен жұмыс. Психологиялық әдебиетпен жұмыс жасау әдістемесі.

Оқу іс-әрекеті туралы айтқанда, зерттеушілер дәстүрлі түрде оқушының сыныптағы жұмысын еске алады. Алайда, мектеп оқушысының оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы — сыныптық жұмысымен қатар, оқу пәні бойынша, оның сыныптан тыс және өзіндік жұмысын да қамтиды. Аз зерттелген және оқушының студенттің өзіндік жұмысы оқу іс-әрекетін психологиялық талдау тұрғысынан неғұрлым қызықты, өзіндік жұмысы болып табылады. Дәл осы өзіндік жұмыстан оның мотивациясы, мақсаттылығы және де өзіндік ұйымдасуы, өзіндік беті, өзін-өзі бақылауы және т.б. психологиялық сапалары байқалады. Үйренушінің өз бетінше жұмысы оның оқу процесіндегі позициясын қайта құрудың негізі ретінде қызмет етеді.

Өзіндік жұмыс, бұрыннан белгілі болғандай, мектепте, жоғары оқу орнында оқытудың маңызды және кеңінен талқыланатын проблемаларының бірі болып табылады. Мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың қазіргі күнгі әдістемелерінде ол міндетті түрде оқытушының ұйымдастырушы рөлімен теңестіріледі. Дидактикада өзіндік жұмыс деп оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс немесе мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмалары бойынша, даралық және ұжымдық іс-әрекетінің алуан түрлерін түсінеді (А.А. Миролюбов).

Осы проблеманың жалпы педагогикалық және әдістемелік сұрақтарын жеткілікті жан-жақты түсіндіруде оның психологиялық жағы оқу іс-әрекеті позициясынан ең азырақ көрсетілген болып қалады. Осы проблеманы қарастыру үшін бастапқы жағдайларды анықтайық.

Біріншіден, мектеп оқушысының өзіндік жұмысы оның сабақ үстінде оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдасуының салдары болады, оның өзі оны өз бетінше кеңейтуді, тереңдетуді және бос уақытта жалғастыруды мотивтендіреді. Осыған сәйкес, мұғалім ұйымдастыратын және басқаратын оқушының оқу жұмысы (мұғалім тапсырмасы бойынша сыныптық және сыныптан тыс) оқу пәнін игеру бойынша өзіне берілген, өз бетінше іс-әрекетінің бағдарламасы ретінде болуы керек. Бұл мұғалім үшін өзінің оқу әрекеттерінің жоспарын айқын саналау ғана емес, сондай-ақ оқушыларда оқу пәнін, жаңа оқу тапсырмаларын орындау барысында игерудің кейбір схемасы ретінде қалыптасуын саналы түрде ұғынуды білдіреді.

Екіншіден, берілген түсініктемеде өзіндік жұмыс — үй жұмысына қарағанда неғұрлым кең түсінік, яғни, мұғалімнің келесі сабаққа дайындауы: сыныпта, үйге берген тапсырмаларын орындауы. Өзіндік жұмыс оқушының мұғалім қандай да бір формада берген, сабақтан тыс жұмысын қамти алады. Бірақ тұтастай, бұл оқушының қандай да бір материалды меңгерудің дайын немесе өзі өндірген бағдарламасынан таңдап алып, қатарласа шұғылдануы.

Үшіншіден, өзіндік жұмыс үйренушінің оқу іс-әрекетінің өзгеше түрі ретінде қарастырылуы тиіс, ол оның жоғарыда аталған барлық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл оның оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы, оның сыныптағы жұмысымен байланысты өз-өзіне білім беру формасы.

Үйренушінің өзі үшін өзіндік оқу жұмысы психологиялық тұрғыдан нені білдіреді? Ең алдымен, ол таңдау бойынша еркін, іштей мотивтендірілген іс-әрекет ретінде саналы түсінілуі тиіс. Ол үйренуші тарапынан оған енетін бірқатар әрекеттердің орындалуын ұйғарады: өз іс-әрекетінің мақсатын саналы түсіну, оқу міндетін қабылдау, оған тұлғалық мағына беру (А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы терминдерінде), осы міндеттерді орындауға өзінің басқа қызығушылықтары мен шұғылдану формаларын бағындыру, оқу әрекеттерін уақыт бойынша бөлуді өз бетінше ұйымдастыру, оларды орындауды өз бетінше бақылау.

Енді өзіндік жұмыстың өзгешелігін сыныптан тыс жұмыспен салыстыра отырып қарастырайық (мектептен тыс, сабақтан тыс жұмыс). Оның анықтамасын оқытудағы сабақтан тыс жұмысты ұйымдастырудың негізгі талаптарымен салыстырайық. Бірінші талап оқушының сабақ үстінде алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тереңдетіп, кеңейтіп және жетілдіруі тиіс екені белгілі, бірақ жаңа білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды жеткізудің негізгі мақсаты емес. Екінші талап жұмыс материалының өзінің формаларының, процестерінің және материалының әуестігі болып табылады. Тағы да оқушылардың осы процесте өз еркімен және белсенді араласуы, бұқаралық ұйымдастырудың формасы ретінде маңызды талаптар болып табылады.

Егерде өзіндік жұмысты оқушының оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы өзгешелік түрі ретінде анықтаса, онда осы талаптардың әр қайсысымен салыстыра отырып, оның маңызды ерекшеліктерін айқындауға болады. Мысалы, нағыз өзіндік жұмыс өз бетінше оқу іс-әрекеті сияқты «ақпараттық вакуум» негізінде пайда болуы мүмкін. Ол оқушыда бір жаңа, белгісіз, өзі үшін маңызды, керек нәрсені білуге, игеруге деген қажеттілік қалыптасқан кезде пайда болады, ал оқу үрдісінде осындай қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі жоқ. Бұл, өз кезегінде, мұғалімнің жұмысының оларда осындай қажеттілік пайда болуына алғы шарт қалыптастыруға бағытталуын болжайды.

Басқаша айтканда, осылайша түсінілген өзіндік жұмыс бейнесінің сыныптан тыс, үй жұмысынан  ажырататын ерекшелік оның негізінде әрқашан да оқушы үшін жаңа материал, жаңа танымдық міндеттер жатады. Жоғарыда аталған сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардын екіншісі, сондай-ақ, өзіндік жұмыстың, іс-әрекеттің өзгеше түрі ретіндегі ерекшелігімен сәйкес келеді. Бұл жерде тек ұйымдастыру формасы ғана емес, жаңа материалды игерудің өзі, яғни, еңбек қауыртты, мақсатты бағытталған, оқушыны баурап алатын тартымды болуы керек.

Оқушылардың өз еркімен, белсенді қатысуын талап ету, пәнаралық байланысты енгізудің орындылығы сияқты, оқу іс-әрекетінің түрі ретінде өзіндік жұмысқа да қатысты. Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын бұқаралық талабы, яғни, оқушылардың мысалы, үйірмелерге, театр-студияларға қатысу сипаты өзіндік жұмыс үшін өзгеретіні көрсеткішті. Ол басым жағдайда оқушының даралық жұмысын ұсынуымен алмастырылады. Бірнеше балалардың өзара ауыз бірлігі бойынша, іштей келісім, тілегі бойынша, мұндай жұмыс ұжымдық та бола алады, мұның өзі оның пәндік, тұлғалық жақтарынан нәтижелілігін арттырады. Осылайша түсінілген өзіндік жұмыс — оқушының сыныпта және сыныптан тыс сабаққа дайындалу кезіндегі алған білімдерін толықтыратын, содан кейін кеңітетін және тереңдететін даралық жоспар бойынша жұмыс формасы деп ұйғаруға болады.

Жұмысты ұйымдастыру және өзін-өзі ұйымдастыру. Айтылғандардың барлығы арнайы осы құбылыстын психологиялық табиғатын есепке ала отырып өз бетінше жұмысты қаншалықты мұғалім қаншалықты ұйымдастырса оқушының де өзін-өзі соншалықты ұйымдастыруы қажеттілігін атап көрсетеді. Осындай ұйымдастыру процесінде оқу пәнінің өзгешелігі назарға алынуы тиіс: математика, тарих, шет тілі, т.б. Сонымен бірге, өзіндік жұмысты ұйымдастыру бірқатар сұрақтарды туындатады, олар оқушының өзінің осы іс-әрекет формасының субъекті ретіндегі дайындығын куәландырады.

М.И. Дьяченко мен Л.А. Кандыбовичтің жалпыланған мәліметтері бойынша, студенттердің 45,5% өзіндік жұмысты ұйымдастыра алмайтындарын мойындайды; 65,8% мүлдем өз уақыттарын дұрыс бөліп, пайдалана алмайды; 85% оны дұрыс бөліп, пайдалануға болатынын мүлдем ойламайды. Тіпті шамалы өзіндік жұмыс алғанның өзінде студенттер оқу материалын есту арқылы және оқу мәтіндерін оқығанда және конспектілегенде баяу қабылдайтындарын айтады. Қажетті оқу ақпаратын қабылдау, мағыналау, қайта өндеу, түсіндіру және белгілеу оларда елеулі қиындықтар тудырады. Олай болса, оқушыларда өз бетінше жұмысқа деген психологиялық дайындықтың қалыптаспағандығын, олардың ұйғарған әрекеттерді жүзеге асыра алмайтындығы жөнінде айтуға болады. Егер бұған бірқатар оқу пәндеріне деген жоғары деңгейдегі танымдық қызығушылықтың жеткіліксіздігін қоссақ, онда бірінші сұраққа теріс жауап алатынымыз айдан анық. Осы жерде екінші сұрак туындайды: — Тиімді өз бетінше жұмысқа дайындық, содан кейін қабілеттілік тек үй тапсырмасын орындау тәсілін ғана емес, іс-әрекеттің жаңа формасын анықтай ала ма? Оған оң, бірақ екі жақты  жауап  аламыз.   Себебі,  біріншіден,  ондай  қабілеттің қалыптасуы мақсатты ұйғаруды, өзіндік сана-сезімді, ойлаудың рефлексияланғандығы, өзіндік тәртіпті, өзін жалпы іс-әрекет (мысалы, мақсатты ажырату, қоя білу және жүзеге асыру іскерлігінің, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өндіру, нәтижелерді сәйкес бағалау іскерліктерінің қалыптасуы) субъекті ретінде дамытудың өзін-өзі жетілдірілу тұрғысынан жалпы тұлғалық дамуды ұйғарады. Екіншіден, бұл қабілеттілік тек жаратымды оқу мотивациясы мен оқуға қызығушылық танытқан оқушыларда ғана тиімді және өздігінен қалыптасады. Зерттеулердің нәтижелері тіпті студенттердің өздерінде (бірінші курс студенттерінің 77% және екінші курс студенттерінің 12,8%) оқуға деген көзқарас теріс екенін көрсетті.

Жалпы оқушылардың өзіндік жұмысы — оқу іс-әрекет тұрғысынан, сыныптық оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға негізделеді. Соның ішінде бұл мұғалімнің сыртқы қадағалауынан оқушының өзін-өзі қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның өзін-өзі бағалауының қалыптасуына өтуі мен олардың байланысына қатысты және бұл, өз кезегінде, мұғалімнің бақылау мен бағалауды жетілдіруін ұйғарады. Осыған сәйкес: — Мектеп оқушысында нағыз өз бетінше жұмысқа қабілеттілік қалыптасуы мүмкін бе? — деген сұраққа жауап педагог пен оқытылушының біріккен іс-әрекетінен, оның субъектіне ерекше талап қоятын және интеллектуалдық қанағаттану сезімін беретін іс-әрекеттің ерекше формасы ретіндегі осы жұмыстың ерекшелігін саналы аңғаруға байланысты.

 

Негізгі ұғымдар: өзіндік жұмыстың негізгі функциясы, өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы, өзіндік жұмыс құрылымы, ғылыми әдебиетті оқу және кітаппен жұмыс, психологиялық әдебиетпен жұмыс жасау әдістемесі, үй жұмысы, өзіндік жұмыстың түрлері (иллюстративті материалдың қатарына кіретін жұмыстар, өзіндік бақылау және өзіндік қорытынды, реферат жұмыстары).

 

Бақылау сұрақтары:

1.Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың негізгі функциясы.

2.Өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуының жүйелік тұрғысы. Өзіндік жұмыс құрылымы.   

3.Психология бойынша ғылыми әдебиетті оқу және кітаппен жұмыс. Психологиялық әдебиетпен жұмыс жасау әдістемесі.

 

Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б. Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы., 1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *