1.Ұйымдастырылған оқыту формасы ретіндегі сабақтың ерекшелігі.
2.Сабақ құрылымы.
3.Әртүрлі сабақ типтерінің ерекшеліктері. Жаңа материалды меңгеру сабақтары. Аралас сабақтар. Білім, білік, дағдыны бақылау және түзету сабақтары.
4.Психология пәніне оқытушының дайындалуы.
5.Сабақ конспектісі.Сабақтағы білім алушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы (фронтальді, жекелік, топтық)
6.Сабақты психологиялық талдау.
Оқытуды ұйымдастыру жүйесіндегі сыныптың — сабақтың форманың негізгі компоненті сабақ. Сабақ — бұл мағыналық, уақыттың және ұйымдастырылуы қатынысында аяақталған оқу процесінің кесіндісі (қиындысы).
Аз ұзақтығына қарамастан сабақ оқу процесінің күрделі және жауапты этапты — әрбір сабақтың сапасына соңғы нәтижедегі жалпы мектептің даярлық сапасы тәуелді.
Жақсы сабақ беру — бұл тәжірибені мұғалім үшін де өте қиын. Көбі педагогтың сабаққа қойылатын талаптарында түсінуімен орындауына байланысты, ол әлеуметтік тапсырыспен, оқушылардың жеке қажеттіліктерімен, оқытудың мақсаттарымен міндеттерімен, оқу процесінің заңдылықтары мен прициптерімен анықталады.
Жалпы талаптар сабаққа қойылатын:
- Жаңа ғылым жетістіктерді, алдыңғы озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалану, оқыту-тәрбиелеу процесінің заңдылықтарын негізінде сабақты құру;
- Барлық дидактикалық прицип пен ережелерді сабақта өзара сәйкестікті жүзеге асыру;
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетіне жағдай жасау (олардың қызығушылықтарын, икемділіктерін және қажеттіліктерін ескере отырып)
- Пән аралық байланысты орнату;
- Оқушылырдың жеткен даму деңгейіне сүйену, алдында оқылған білім және іскерлікпен байланыс;
- Жеке бастың барлық саласының дамуын белсендіру;
- Педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;
- Өмірмен, өндірістік іс әрекетпен, жеке тәжірибемен байланыс;
- Оқыту-тәрбиелеу іс-әрекеті этаптарының жүйелілігі;
- Практикалық қажетті білім, іскерлік дағды, ойлаудын ұтымды тәсілдерін және іс-әрекетті қалыптастыру;
- Білім көлемін үнемі толықтыру қажеттілігін, оқу іскерлігіне қалыптастыру;
- Әр бір сабақты тиянақты диогиосникалау, болжау, құру және жоспарлау.
Әр бір сабақ үш бірліктегі, мақсатқа бағытталған: оқыту, тәрбиелеу, дамыту.Сабақты жалпы талаптар мен бірге нақты дидактикалық ,тәрбиелік, дамытушы талаптар өойылады.
Дидактикалық талаптар:
- әр бір сабақтың білім беру міндетін нақты анықтау;
- сабақтың ұтымды хабарламалық толықтырылуы;
- танымдық іс-әрекеттің жаңа технологиясын енгізу;
- әр түрлі түрлер, формалар және әдістерді ұтымды байланыстыру;
- сабақ құрылымын құруға шығармашылық бағыт;
- оқушылардың жеке іс-әрекеті мен ұтымдық іс-әрекет формаларын байланыстыру;
- оперативті кері байланысты қамтамасыз ету, бақылау және басқару;
- сабақты өткізу шеберлігі және ғылыми есеп.
Сабаққа қойылатын тәрбиелік талаптар:
- оқу материалының тәрбиелік мүмкіншілігін анықтау;
- оқу жұмысы мазмұны және маөсатынан шығатын тәрбиелік міндеттерді қою;
- оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу, өмірлік қажетті қасиеттерді қалыптастыру, жинақылық, жауапкершілік, өзбеттілік еңбекке қабілеттілік, мейірімділік, шыншылдық, ұжымдылық т.б.
- оқушыларға мейірімді қатынас, педагогикалық такт талаптарын сақтау, оқушылармен ынтымақтастық және олардың жетістіктеріне қызығушылық..
Дамытушы талаптар:
- оқушыларда жағымды оқу танымдық іс — әрекет мотквтерін қалыптастыру және дамытру;
- оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін және даму деңгейін оқу және есепке алу;
- оқу сабақтарын «озып шығыу» днңгейінде өткізу, дамуда жаңа сапалық өзгерулерді тудыру;
- оқушылардың ақыл-ой, сезімдік, әлеуметтік дамуларындағы «секірісті» болжау.
Аталған талаптармен қатар сабаққа басқа да талаптар қойылады. Ұйымдастарылу, психологиялық, басқарушылық, ынтымақтастық, сигненалық, этикалық т.б.
Сабақ түрлері және құрылымы. Сабақты жіктеген кеңес дидактигі И.Н.Казанцев болды, ол мазмұны, өткізу тәсіліне байланысты жіктеді.
Мазмұны бойынша, мысалы математика сабағы – арифметика, алгебра, геометрия және тригонометрия бөлінсе, өткізу тәсілі бойынша сабақ былай жіктеледі: экскрусия (саяхат) – сабақтар, кино сабақтар, дербес жұмыс сабақтары және т.б.
Жұмыстың мазмұны мен танымдық іс-әрекеттің сипатына байланысты сабақ түрлері былай жіктеледі:
- кіріспе;
- материалмен алғаш таныстыру сабағы;
- жаңа білімді игеру;
- алынған білімді практикада қолдану;
- дағдылар сабағы;
- бекіту,қайталау және талдау;
- бақылау;
- аралас немесе комбинирован.
Негізгі сабақ түрлері мыналар:
- аралас;
- жаңа білімді оқу сабағы;
- жаңа іскерліктерді қалыптастыру сабағы;
- өткенді талдау және жүйелеу сабағы;
- бақылау және білім, іскерлікті түзету сабағы;
- білім, іскерлікті практикалық қолдану сабағы.
(Г.И Шукина, В.А Онищук, М.И Махмутов)
Сбақ құрылымы — оның ішкі құрлысы, жеке этаптарының жүйелілігі. Каменский мен Гербарт классикалық төрт бөлікті сабақ құрылымының негізін салушылыр.
- оқылғанды қайталау;
- жаңа білімді алу, жаңа іскерліктерді қалыптастыру;
- бекіту, жүйелеу, қолдану;
- үйге тапсырма.
Сабкақ түрлерінің құрылымы үш бөлімнен тұрады:
- ұйымдастыру жұмысы (1-3 мин)
- негізгі бөлік (қалыптастыру, игеру, қайталау, бекіту, бақылау, қолдану) (35-40 мин)
- қорытынды жасау және үйге тапсырма (2-3 мин)
4.Дәстүрлі емес сабақтар
Сабақты даярлау. Сабақтың тиімділігі формуласы екі құрамды бөліктен тұрады: тиянақты даярлық және өткізу шеберлігі.
Сабаққа даярлық – соңғы нәтижені қамтамасыз ететін нақты жағдай, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тұрін таңдау, комлексті шарлар жасау.Мқғалімнің сабаққа даярлығының үш этапы: диогностика, болжау, жоспарлау.
Диагиностика – сабақ өткізудің барлық жағдайларын анықтау оқушылардың мүмкіншіліктері, олардың іс-әрекеті мен мінез-құлықының себептер, сұраныстары мен юейімділіктер, қызығушылықтары мен қабілеттері, оқу деңгейі, оқу материалының сипаты, оның ерекшеліктері мен практикалақ мәні, сабақ құрылымы және т.б.
Болжау – болжау сабақты өткізудің әр түрлі варианттарын бағалауға және тиімдісін таңдауға бағытталған.
Жоспарлау- сабаққа даярлықтың аяқталушы стадиясы, және ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару бағдарламасының жасауымен аяқталады.
Басқару бағдарламасы- бұл қысқа және нақты ерікті құрылған құжат, онда педогог өзі үшін процестің басқарудың негізгі сәттерін тіркейді: кімді және қашан сұрайды, қацй жерде проблема тудырады, сабақтың келесі этапына қалай өту керек және т.б.
Жас педогогтар нақты жоспар сабақ конспектісін жазуы керек: Жоспарда келесі сәттер бейнеленуі керек:
- Сабақ өткізу күні және тақырыптың жоспар бойынша оның рет саны;
- Сабақ өтетін сынып және сабақ тақырыбы жазылады;
- Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсат,міндеттері;
- Сабақ құрылымы оның этаптарының кезектесуі көрсетіледі және осы этаптар;
- бойынша уақыттың бөлінуі;
- Оқу материалының мазмұны;
- Сабақтың әрбір бөлігіндегі мұғалім жқмысының әдістері мен тәсілдері;
- Сабақты өткізуге қажетті оқу жабдықтары;
- Үйге тапсырма.
Негізгі ұғымдар: сабақ, сабақ құрылымы, сабақ типтері, жаңа материалды меңгеру сабағы, білім, білік, дағдының жүзеге асырылу сабақтар, жалпыланған және жүйелендіру сабақтар, аралас сабақтар, білім, білік, дағдыны бақылау және түзету сабақтар, оқытушының дайындалуы, сабақ конспектісі, оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы, фронтальді, жекелік, топтық, сабақты психологиялық талдау.
Әдебиеттер:
1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.
2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.
3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.
4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.
5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.
6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.
7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.