1.Оқу іс-әрекеті арнайы іс-әрекет түрі ретінде.
2.Оқу іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы.
3.Оқыту процесінің сипаттамасы және оның оқумен байланысы.
4.Оқыту және даму.
5.Білім алушының белсенді танымдық іс-әрекеті, оқытудың психологиялық теориясының негізі ретінде.
Ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы,оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізі ретінде (П.Я.Гальперин). Мәселелік оқыту психологиясы, білім алушының танымдық іс-әрекеттерінің белсендіруге бағытталған оқу үрдісін ұйымдастырудың әдістерінің жүйесі ретінде. Мәселелік оқытудың негізгі ұғымдары (А.М.Матюшки, И.А Даниалов).
Дамыта оқыту – кеңестік білім беру жүйесінде. Дамыта оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен формалары. Дамыта оқыту тұжырымдамасының психологияны оқыту әдістемесі үшін маңыздылығы (Л.И.Занков, Д.Б.Эльконин).
Инновациялық білім беру оқу-тәрбие процестерінің қайтадан құрылуын көздейді. Б.Ц.Бадмаев бойынша қайта құрылу төрт компонентте қарастырылған:
1.Педагогтың өз тұлғасы. Педагог пәндік білімнің, ақпаратың тасымалдаушысы, нормалар мен дәстүрлерді сақтаушы ғана емес, оқушыдағы білім көлеміне, оны түсіну не түсінбеу деңгейіне қарамастан, ондағы тұлғаны сыйлайтын, оның қалыптасуының және дамуының көмекшісі. Демократиялық өзара әрекет, ынтымақтастық, көмек, шабыт, оқушының бағытына және талпыныстарына, тұлғалық өсуіне назар аудару бағыты бекітілген. Оқушының өзі де өзгеріске түскен, мұнда білімінің нәтижесі мен алынған бағасы емес, оқушының мұғаліммен және басқа балалармен белсенді әрекеті бағаланады.
- ЖОО меңгерілетін білімнің құрылымы мен қызметі, оларды меңгеруді ұйымдастыру әдістерінің өзгеруі. Қазіргі кездегі білім қоғамның жаңа ақпараттандырылған деңгейіне сай жүйелі, пәнаралық, жалпыланған сипатта беріледі. Оларды игеру процесінің өзі сан алуан формада – ізденімпаздық, сындарлы ой әрекеті, өнімді шығармашылық процесс ретінде беріледі.
- Даралап оқу емес, топтық оқу формасына, бірлескен әрекетке, өзара әрекет пен қарым-қатынастың алуан түрлі формаларына, күнделікті ынтымақтастық пен бірлескен шығармашылықтан туындайтын қуанышқа толы «ұжымдық субъект ішінен» даралықты «өсіруге» бағдарлану.
- Оқу мен тәрбиенің бағалау өлшемін қолдана отырып қадағалау мен бағалаудың басымды, деструктивті ролінен бас тарту.
Шыныменен барлық осы компоненттер оқу-тәрбие процесін сипаттайды, бірақ олардың бәрімен келісе беруге болмайды. Әзірше білім беруді басқарудың дәстүрлі статегиясының инновациялық стратегиямен үйлесімі оқу-тәрбие процесінде едәуір өнімді нәтиже береді деп сенеміз, себебі оқытудың топтық формасы «ұжымдық субъект ішінен» даралықты «өсіру» құралы болып табылатыны әлі де болса нақты емес. Қадағалау мен бағалаудың да рөлі өзінің бастапқы мәнін жойған жоқ, тек соңғы жылдарда ғалым-педагогтар студенттердің едәуір маңызды болып саналатын танымдық белсенділігін қалыптастыруы мақсатында талай зерттеулер жүргізген болатын.
ЖОО-да психология оқытушысы алдында ең бірінші міндет тұрады, бұл- студенттің оқу әрекетін қалыптастыру немесе оны психологияны оқуға үйрету. Осы мәселені шешуде әр түрлі зерттеушілер оқу барысында студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселенге тәжірибелік тұрғыдан келуді қарастырады.
1.Өзіндік жұмысты ұйымдастыру арқылы (Н.Я.Голант, В.К.Майборада, Б.П.Есипов, М.И.Скаткин және т.б.);
- Танымдық әрекетті ұйымдастыру әдістері арқылы (Б.Н.Богоявленский, Е.Н.Кабанова- Меллер, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин);
3.Іс-әрекеттің бағдарлы негізін құрайтын жалпы білімді енгшізу арқылы (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина);
- Әдістемелік білімді оқытуға кіргізу арқылы ( М.Я. Ленер, Б. И. Коротяев);
5.Оқу әрекетін өзіндік қадағалауды шешу арқылы (Л.И.Рувинсий).
В.И.Лозовая алғашқылардың бірі болып тұлғаның танымдық белсенділігі мәселесін көтерген болатын. Ол тұлғаның мәнін және осы ұғымның іс-әрекет ұғымына қатынасын ашуда түрлі көзқарастар бар екенін атап өтеді.
А.Абылқасымованың пікірінше танымдық белсенділік пен танымдық дербестік әлеуметтік белсенділік пен әлеуметтік дербестіктің түрлері болып табылады. Оның пікірінше белсенділік пен дербестіктің қайнар көзі танмдық қажеттілік болып табылады, оның мындай ерекшеліктері бар:
- танымдық қажеттілік – бұл ең алдымен ақпаратқа деген қажеттілік;
- танымдық қажеттіліктің негізгі еркшелігі ретінде оның ақпаратқа деген «аштығы»;
- танымдық қажеттілік ең алдымен таным процесінің өзіне бағытталған;
- жағымды эмоциямен тығыз байланысты.
Осыған байланысты А.Абылқасымова танымдық дербестікті үш компонентке бөледі:
- мотивациялық;
- мазмұндық-амалдық;
- еріктік.
Сөз жоқ, аталған компоненттер студенттердің танымдық өзіндік жұмыстарын қалыптастырудың негізі тірегі болады. Бірақ автор студенттің өзінің белсенділігі деп аталатын факторға ерекше назар аударуды атап өтеді. Себебі адамның өзінің белсенділігі — бұл адамзаттың қандай да бір жетістікке жетуінің негізі болып табылады.
Демек, осыған байланысты кәсіби дербестікті тұлғаның жинақталған қасиеті деп қарастыру керек, өйткені ол танымдық, эмоционалдық процестер мен мотивтердің, өз бетінше әрекет ету тәсілдердің, қажеттіліктердің бірігуінен қалыптасады.
Негізгі ұғымдар: Оқу іс-әрекеті, оқу іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы, оқыту және даму, Білім алушының белсенді танымдық іс-әрекеті, ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин), мәселелік оқыту психологиясы, мәселелік оқытудың негізгі ұғымдары (А.М.Матюшки, И.А Даниалов), дамыта оқыту, дамыта оқыту тұжырымдамасы(Л.И.Занков, Д.Б.Эльконин).
Бақылау сұрақтары:
1.Оқу іс-әрекеті арнайы іс-әрекет түрі ретінде.
2.Оқу іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы.
3.Оқыту процесінің сипаттамасы және оның оқумен байланысы.
4.Оқыту және даму.
5.Білім алушының белсенді танымдық іс-әрекеті, оқытудың психологиялық теориясының негізі ретінде.
Әдебиеттер:
1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.
2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.
3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.
4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.
5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.
6.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.