1.Психология ғылыми және оқу пәні ретінде.
2.Психология салалары оқу пәні ретінде.
3.Психология бойынша оқу пәндері.
4.Психологияны оқу пәнінің пәндік мазмұнының құрастырылу міндеттері.
5.Психологияның оқу курсының тұжырымдамасының құрастырылуы мен ғылымның қазіргі заманғы парадигмасы.
Студенттердің кез келген ғылымды оқуы бір ғана мақсатқа бағынады, бұл өмірлік құбылыстарға, практикалық міндеттерге ғылыми тұрғыдан келуге үйрену, яғни жан-жақты игерілген білім тұрғысынан қарастыру. Психологияға қатысты алынатын болса, демек бұл студенттің оны адам психологиясына ғылыми бағдарлану мақсатында оқу, яғни нақты адамдардың әрекет үстінде, қылықтарында оның көрінуін түсіну және түсіндіре алу үшін, осының негізінде олармен күнделікті тәжіріибеде дұрыс өзара әрекеттесуге үйрену үшін оқу.
Бұл мақсат жалы әрі кез келген ғылымды оқуға қатысты болғанымен, ол тек студент іс-әрекетіне ғана қатысты: тек студент қана оны игеруге талпынуы қажет. Ал оқытушының іс-әрекенті студент іс-әрекетінен өзгеше мақсатты көздейді. Студенттің мақсаты – ғылымды игеру болса, оқытушының мақсаты оны студенттің бойына сіңіру. Осы мақсаттар түбінде бірігеді. Бірақ мәселені қойған кезде олар әр түрлі: студент оқытушыдан «білімді алуды», ал оқытушы қажетті білімді «беруді» және оларды қолдануға үйретуге көздейді.
Психологияны оқуда кез келген студент болашақ мамандығына қарамастан адам әрекетімен қылықтарын талдауға, тұлғаның мінез ерекшеліктерін және қабілетін, темпераментін және басқа да тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға, қоғамдағы, ұжымдағы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы әлеуметтік психологиялық құбылыстарды және т.б. ашуда психологиялық ойлануды үйренуі қажет.
Демек, студенттің психологияны игеру мен оқытушының психологияны оқыту мақсаты осы процестің нәтижесінде студентте басқа адамдармен шынай өзара әрекет кезінде ғылыми психологиялық білімді тәжірибеде басшылыққа ала білу іскерлігін қалыптастыруда бір бірімен ұштасады. Бұл өз кезегінде жоғары да айтылған мақсат студентте психологиялық ойлау іскерлігін қалыптастыруды көздейді.
Қандайда бір тақырыпты немесе тарауды оқыту мақсатын қоя отырып оқытушы әр түрлі саланың өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет.
Мәселен, теориялық (жалпы) психологияны түсірндіруші, ал қолданбалы психологияны – осы теорияға қосымша деп атау қабылданған. Әйтседе қолданбалы психология да түсіндіреді, бірақ ол шындықтағы психикалық өмірдің нақты фактілерін түсіндіреді; әлеуметтік психология – қоғамдық өмір құбылыстарын, топтық мінез-құлық фактілерін; инженерлік психология – адамның техникамен өзараәрекетінің ерекшеліктерін; педагогикалық психология – оқыту мен тәрбиелеудің тиімді тәсілдерімен байланысты фактілерді; медициналық психология- денсаулықтың жақсару немесе нашарлауының психологиялық себептерін; әскери психология — соғыстың қауіпті жағдайындағы адамның мінез-құлық ерекшеліктерін және т.б. түсіндіреді.
Ал психологиялық білімдерді тәжірибеде қолдануға байланысты қарастырылатын болса, онда теориялық психология да, қолданбалы психология да фактілерді түсіндіруден тұрады, бір жағдайда – жалпы теориялық психология тұрғысынан, басқа жағдайда – білімнің едәуір тар саласы тұрғысынан – қолданбалы психологияның нақты теориясы тұрғысынан түсіндіріледі. Мысалы, кез келген адамның мінез-құлық мотивтерін жалпы психологиялық теория негізінде мотивтердің қажеттілктен туатынымен байланыстырып түсіндіруге болатынын айтсақ, ала ұшқыш-сынаушының тәуекелшіл әрекетінің мотивін авиациалық психология тұрғысынан түсіндіру қажет, себебі, мұндағы қажеттіліктердің нақты әрі өзіндік ерекшеліктері бар.
Психологиялық теорияларды басқа аралас немесе аралас емес ғылымдардың теориялық зерттеу міндеттерінде практикалық қолдану психология теорисын тәжірибеде қолданудың екі түрінің бір болып табылады.
Бірін — психикалық құбылыстарды түсіндіру үшін қолдану деп атауға болады. Екіншісін- психологиялық фактілерді жаңарту үшін, оларды өзгерту үшін, оларды түзету үшін қолдану деп атуға болады. Бұл ғылыми атауы психотехника деп аталатын практикалық психологтың міндетіне кіреді.
Егер ЖОО-дағы психология оқытушысы студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуға қам жесе және оған арнайы интеллектуалдық жаттығулар арқылы ықпал етіп отырса, онда ол тек теориялық психологияны оқытумен ғана емес, сондай-ақ практикалық психологиямен, психотехникамен де айналысады деген сөз, себебі ол теориялық психология материалдарын сүйене отырып ойлау дағдысын шынайы қалыптастыруға, ақыл-ой міндеттерін шешуге қабілеттілікті шынайы дамытуға күш жұмсайды.
Сөйтіп, психологияны оқытудың жалпы мақсаты студенттерде психиканың құбылыстары мен фактілерін ғылыми түсіндіру үшін, сонымен қатар тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға байланысты адам психикасын өзгерту үшін өзінің психологиялық білімдерін қолдана отырып психологиялық ойлау іскерлігін қалыптастыру болып табылады.
Жас және педагогикалық психология. Психологияның осы екі қолданбалы салаларын бір оқу пәні ретінде бірге қарастырылатын болса, онда жалпы психологиялық теорияларды балалық шақтың жас дамуын және адамды оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігінің психологиялық шарттарын түсіндіру үшін қолдануды көздейді.
Осы ғылымдарды оқу студенттер, мұғалімдер мен ата-аналар, тіпті кез келген адам үшін тәжірибелік мәні бар.
Кез келген кәсіби бағыттағы студентке осы салалар бойынша алған білімді әр түрлі жастағы адамдардың психологиялық ерекшеліктерін ажырата білу үшін және оларға ойын, оқу әрекетін ұйымдастырғанда әсенр ете білу, сондай-ақ іс-әрекетте тұлғаның жақсы бітістерін дамыту үшін болашақ практикалық әрекеттерінде қолдана білуі керек.
Мұғалімге онтогенездегі адамның жасқа байланысты психологиялық даму заңдылықтарын білу оқушыны қалыптастыру бағытындағы педагогикалық жұмысын мақсатты түрде ұйымдастыруына, оларды ғылымилық деңгейге жеткізуге, кездейсаоқ пайда болатын көптеген поцестерді басқарылатын процестерге аударуға мүмкіндік береді. Мұндай білім кез келген ата-ана үшін де маңызды.
Психологияның осы екі саласы бір немесе екі дербес пән бола алады. Оқыту әдістемесі бұл салалар бір пән не екі пән ретінде оқылатындығына байланысты.
Егер бұл салалар бір пән ретінде оқылса, онда әдістеме оқыту және тәрбиелеу процесі мен психиканың дамуы процесі арасындағы өзара байланысты көрсетуден тұрады.
Егер оқыту бөлек жүрсе, онда жас ерекшелік психологиясы адамның балалық шағы ғана туралы айтылмайды, сондай-ақ жастық, ересектік, қарттық жас кезеңдері туралы ғылым ретінде тұтас әрі толық баяндалады.
Жас және педагогикалық психологияны оқыту барысында оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық аспектілеріне баса назар аударып, олардың педагогикалқы аспектілерден айырмашылығын көрсете білген маңызды.
Психология ғылыми және оқыту пәні ретінде оқытуда ғылым біріншіден білім өндіруші іс-әрекет және екіншіден, білімді жүйелендіруші форма ретінде анықталады.
Оқу пәні біріншіден білім жүйесі, ал екіншіден осы білімдерді меңгеру бойынша оқу-танымдық іс-әрекет түрінің жүйесі ретінде анықталады.
Осылайша бұл екі түсінік бір жерде қиылысады, бұл – білімді жүйелендіру.
Оқу пәні В.И.Гинецинскийдің анықтамасы бойынша сәйкес ғылыми пән негізгі дидактикалық жүйеленген түрде түсіндіру болып табылады.
Оқу пәнінің дәстүрлі түсінігі ортағасырлық университеттерден бастау алады. Оқу пәні пәндік білімнің барлық қасиеттерін сипаттап, жүйелік және құрылымдық функцияны атқарады. Осы кезде сапалық деңгейлік ерекшеліктер ескерілмеді.
Жаңа уақытта ғылыми және оқу пәнін ажырату басталды. Оқу пәні көбіне оқу – танымдық іс-әрекет әртүрлі жүйелері ретінде қарастырылады.
Оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнын анықтауда келесі сұрақтар туындайды:
- Оқу пәні осыған сәйкес ғылым саласымен бірдей болуы тиіс пе?
- Оқу пәні ретіндегі психологияның ғылым ретіндегі психологиядан айырмашылығы неде?
- Психология бойынша оқу бағдарламасында жиналған психологиялық білім қоры қандай деңгейде бейнеленуі тиіс?
- Оқу бағдарламасына енетін білімдер мен іскерліктерді іріктеу принциптері мен критерийлері қандай?
Осылайша ғылыми пән – бұл зерттеушілерге бағытталған білімдер жүйесі, ал оқу пәні – оқушыларға бағытталған білімдер жүйесі.
Оқу пәнінің құрамына екі компонент кіреді:
- білімдер жүйесі;
- меңгерілуге бағытталған оқу -танымдық іс-әрекет жүйесі.
Оқу пәнінің екі құраушысын өңдеуде де келесі факторлар ескеріледі. Оларды толығырақ қарастыра кетейік:
1) Психологиялық білімнің жүйелену деңгейі. Білімдер неғұрлым жүйеленген болса, соғұрлым ғылыми пән оқу пәні болуға мүмкіндігі бар.
2) Әдіснамалық позиция, қызығушылықтар, оқытушылардың көзқарасы. Оқу пәні шеңберінде оқытушы барлық теорияларды, концепцияларды, көзқарастар мен түсініктерді түсіндіріп, олардың мағынасын ашуы тиіс. Оқытушы белгілі бір әдіснамалық позицияны ұстануға, белгілі бір көзқарастарға сенуіне құқығы бар.
3) Психология оқылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі типі және мақсаттары. Оқу пәніне кірген білімдер жүйесі және меңгерілуге бағытталатын оқу танымдық іс-әрекет жүйесі келесілерге сәйкес әртүрлі болуы тиіс: 3.1. Бұл пән бастауыш, негізгі, орта не жоғары мектепте беріліп отыр ма; 3.2. Бұл пән жалпы білім беретін немесе кәсіби білім беру мекемелерінде оқытыла ма; 3.3. Ол болашақ психологтарға, педагогтарға, дәрігерлерге беріліп отыр ма.
4) Оқушылар мен студенттердің жас ерекшелігімен, даму деңгейі, индивидуалды психологиялық ерекшеліктері шартталған белгілі бір тақырыптарға, мәселелер, фактілерге және түсініктерге деген қызығушылық.
5) Оқушылар мен студенттердің білімі мен қабілеттері. Оқытушы оқу пәнін оқушылар мен студенттерде бар білімін негізге ала отырып құруы тиіс. Оқу пәні оқушылардың белгілі бір тақырыпты, фактілерді, түсініктерді меңгеру қабілетіне қарай, түрліше құрылады.
6) Белгілі бір психологиялық білімдер мен іскерліктерді меңгеру процесінде атқаратын оқушының түрлі белсенділік формалары, функциялары. Оқу пәнін меңгеру дәріс, семинар, тәжірбиелік, өзіндік жұмыс түрінде берілуіне қарай сәтті немесе сәтсіз болуы мүмкін.
7) Дидактикалық материалдық қоры. Оқу пәнінің дидактикалық өңделу дәрежесі түрлі болуы мүмкін. Жекелеп айтқанда сабақтың нақты бағдарламасы, нақты тапсырмалар, көрнекі материалдар, бақылау сұрақтары болуы мүмкін.
Сабақ беру әдістемесі жеке дидактика, яғни, белгілі бір оқу пәнін оқыту теориясы ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес, жеке әдістеменің объектісі қандай да бір пәнді оқыту процесі болса, пәні ретінде нақты бір пәнге оқыту процесі мен мұғалімнің дәріс беру арасындағы өзара әрекет, байланыс қарастырылады.
Кез келген жеке әдістемені өңдеудің негізгі факторы ретінде оқыту мақсаттары болады. Бұл мақсаттар бағдарламалар мен оқулықтарға шыңдалған білім беру мазмұнында өздерінің нақты көріністерін табады.
Негізгі ұғымдар: Психология ғылым, Психология бойынша оқу пәндері, қазіргі заман парадигмасы, оқытудың гуманистік парадигмасы, базалық психологиялық категориялар, психологияны оқытудың альтернативті бағдарламалары.
Бақылау сұрақтары:
1.Психология ғылыми және оқу пәні ретінде.
2.Психология салалары оқу пәні ретінде.
3.Психология бойынша оқу пәндері.
4.Психологияны оқу пәнінің пәндік мазмұнының құрастырылу міндеттері.
5.Психологияның оқу курсының тұжырымдамасының құрастырылуы мен ғылымның қазіргі заманғы парадигмасы.
Әдебиеттер:
1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.
2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.
3.Жарықбаев Қ.Б Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.
4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.
5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.
6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.