Психология курындағы оқу тапсырмаларының токсономиясы

 

1.Оқу тапсырмалары оқытудың мақсаттарын нақтылаушы ретінде.

2.Оқу тапсырмалары, олардың функциялары мен психологияны оқыту үрдісінде қолданылу ерекшеліктері.

3.Оқу тапсырмаларының  токсономиясы.

4.Психологияны оқытудың пәндік мазмұны мен мақсаттарына сәйкес токсономияны кеңейту және тапсырмаларды енгізу.

 

Білім берудің тиімділігін арттыру жағдайында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін оқу үрдісінде құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқу тапсырмалары жүйесін қолдану маңызды. Ал әрбір пән бойынша білімдер жүйесін қалыптастыру мұғалім мен оқушының өзара біріккен іс-әрекетінің күрделі де ұзақ үрдісі болып табылады. Тапсырмалар мұғалім мен оқушының өзара біріккен іс-әрекетін дәнекерлеуші құрал ретінде және мұғалімнің білім мен іс-әрекетті меңгерту үдерісін басқаруда, сол білім мен білікті оқушының меңгеруінде, яғни оқу-танымдық іс-әрекетін жүзеге асыруда көрініс табады. Білім мен білікті меңгеру сапасы мұғалім мен оқушының өзара бірлесіп ұйымдастырылған іс-әрекетіне және тапсырмалар жүйесін дұрыс құрастырып, оқу-танымдық іс-әрекетіне сәтті енуімен байланысты.

Оқу тапсырмалары сабақтың белгіленген мақсаты мен күтілетін нәтижесіне жетудің негізгі құралы ретінде көп қызмет атқарады. Оқу тапсырмаларының қызметі сабақтың мақсатына қарай пайдалану кезеңдеріне тәуелді болады. Әрине пәннің ерекшелігіне қарай тапсырмалар мазмұндық негізімен, түрімен, сабақта қолдану амал-тәсілімен де ажыратылады. Шын мәнінде оқу үрдісі тек білімді меңгерумен ғана емес, сонымен қатар оқушылардың әртүрлі тапсырмаларды орындауымен де ерекшеленеді. Сонымен, егер де оқу тапсырмалары болмаса, онда оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері де жүзеге аспайды, яғни оқыту үдерісі де болмайды деген сөз.

И.Я.Лернер, оқушылар жаңа оқу материалын оқуда білім беру мазмұнын меңгерудің үш деңгейінен өтеді деп есептейді: 1) қабылдау және еске сақтау; 2) репродуктивті; 3) шығармашылық. Бұл деңгейлердің әрқайсысын меңгеру үшін оқу тапсырмаларының арнайы түрлері қажет. И.Я.Лернер тапсырмалар түрін анықтауда оларды орындауға қажетті «іс-әрекет түрі» белгісін пайдаланған. Тапсырмалар орындалатын іс-әрекеттер бойынша келесі түрлерге бөлінеді: 1) білімді меңгеруге бағытталған рецептивті сипаттағы тапсырмалар; 2) білімді үлгі бойынша немесе таныс жағдайда пайдалануға бағытталған репродуктивті сипаттағы тапсырмалар; 3) білімді таныс емес жағдайда пайдалануға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.

Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады.

Оқу тапсырмасын – оқушылардың әртүрлі оқу іс-әрекетін орындауға және оқу материалдарын меңгерту үрдісін ұйымдастыруға бағытталған оқу құралы деп қарастыруымыз керек.

 

Негізгі ұғымдар: Оқу тапсырмалары, оқу тапсырмалары функциялары, оқу тапсырмаларының  токосномиясы, токосномияны кеңейту және тапсырмаларды енгізу (Д.А. Толлингерова, В.Я. Ляудис).

 

Бақылау сұрақтары:

1.Оқу тапсырмалары оқытудың мақсаттарын нақтылаушы ретінде.

2.Оқу тапсырмалары, олардың функциялары мен психологияны оқыту үрдісінде қолданылу ерекшеліктері.

3.Оқу тапсырмаларының  токосномиясы.

4.Психологияны оқытудың пәндік мазмұны мен мақсаттарына сәйкес токосномияны кеңейту және тапсырмаларды енгізу.

 

Әдебиеттер:

1.Бадмаев Б.Ц Методика преподавания психологии.-М.,2004.

2.Бапаева М.К Психологияны оқыту әдістемесі.-Алматы.,2006.

3.Жарықбаев Қ.Б  Беріков Н.Б Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері.-Алматы.,1987.

4.Герасимова В.С Методика преподавания психологии.-м.,2007.

5.Карандашев В.Н Методика преподавания психологии.-Спб.,2006.

6.Попова М.В Психология как учебный предмет в школе.-М.,2000.

7.Подвойская М.А Уроки психологии в школе.Конспекты занятий и дневник практического психолога.-М.,1993.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *