Қолжазбаларды палеографиялық жағынан сипаттау

 

  1. Қолжазбаның жазылған уақыты, аты, мекен-жайы.
  2. Көне жазбаның мазмұны. Жазу материалы, көлемі мен форматы.
  3. Түпнұсқалылығы, басты сипаты.

Орыс қолжазбаларының басым көпшілігі пергамент пен қағазда жазылған. Тұрмыста мұның үстіне кайың кабығы да қолданылды.

Пергаментті жасап шығару үшін төлдің (бұзаудың, қозының т. б.) терісін алды да, оны мұқият өңдеп шықты. Сөйтіп, жазу үшін әдемі мықты және қолайлы, бірақ төтенше қымбат мате­риал алынды. Бір теріден 2—3 парақ пергамент жасап шығаруға болатын еді. XI—XII ғасырлардағы орыс қолжазбалары Византиядан, Батыс Европаның басқа елдерінен әкелінген пергаментке жазылатын-ды: XIII ғасырдан бастап, тұрмыста жергілікті пергамент қолданыла бастады.

Пергаменттің қымбаттылығынан бір кезде жазылған тексті қырып тастау немесе жуып тастау жиі кездескен, ал содан соң оның орнына жаңасын жазған. Мұндай қолжазбалар палимп-сестер деп аталды. Бұндай қолжазбалардың жаңа тексі ғана емес, сондай-ақ ескі тексі де бағалы, өйткені химия реактивтері мен түсті бөліп көрсететін фотографияның көмегімен оны оқуға болатын еді.

Күнделікті тұрмыстық сипаттағы жазбалар үшін XI—XV ғасырларда ежелгі Русьте өңделген қайың қабығын қолданған, демек оның ішкі ылғал бетіне үшкір таяқшамен (сүйек немесе ме­талл) текстер тырналып түсірілген. Қайың қабығы — өте нәзік материал. Бірақ оның дымқыл жерде жақсы сақталатындығы мүлдем кездейсоқ жағдайда белгілі болған. Сондықтан да 500-ге жуық қайың қабығы грамоталары бізге дейін жетіп отыр, бірақ олардың саны әрине бұдан әлдеқайда көп болған ғой.

XIV ғасырдың бірінші жартысында жазу материалы ретінде қағаз пайдаланыла басталды. ;Қағазға жазылған ең ежелгі документтер: Семен Гордыйдың ағалы-інілі Иван және Андреймен жасасқан шарты (1341), Ярославск Спасск монастырына (1345 жылдар шамасы) Нижегород князі Василий Давыдовичтің жолдаған сыйлық грамотасы. XV ғасырдағы қолжазбалардың көп бөлігі қағазға жазылған ал XVI ғасырда сирек жағдайда ғана қолданылады.

Алғашқы кездерде Россияда шетел өндірісінің қағаздары пай-даланылды: XIV—XV ғасырларда — итальян, XV ғасырда — негізінен француз, сонан соң неміс, XVI ғасырда поляк, ал XVII ғасырда голланд қағаздары пайдаланылды, XVI—XVII ғасырда Россияда өз қағаз өндірісін жолға қоюға әрекет жасалды. Бірақ тек XVIII ғасырдың бірінші ширегінде ғана бұны жүзеге асыруға қол жетті. Біршама арзан жазу материалын — қағазды қолдану — Россияның экономикалық және мәдени дамуының қажеттеріне сай келді, өз кезегінде бұл одан арғы ғылыми-техникалық прогреске (мысалы, кітап басуға) жол ашты.

Қағаз жасап шығарғанда сұйық масса рамаға керілген сым тордың үстіне құйылды. Бұл масса кепкеннен кейін, рамадан енді дайын қағаз алынды. Мұның бетінде сымның таптары— жарыққа ұстағанда көрінетін мөлдір сызықтар болды. Фирма мен қағаз сортын таңбалау үшін фабриканттар торға ерекше сым суреттерді өрді, бұлардың табы судағы таңба немесе филиграндар деп аталады. Судағы таңбалар осы қағаздың шыққан уақыты мен жерін анықтауға мүмкіндік беретіндіктен (ал осы таңбалар бойынша қолжазбаны да) ғалымдар XVIII ғасырдың өзінде-ақ датасы қойылған судағы таңбалардың альбомдарын құрастыра бастады. Қазіргі кезде тарихшылар К.Я.Тромониннін, Н.П.Лихачевтін, Ш.Брикенін атластарын, М.В. Кукушкинаның, С. А. Клепиковтың т. б. анықтағыштарын пайдаланады.

Қолжазбаларда ұшырайтын толып жатқан судағы таңбалардың арасында ең көп тарағандары мыналар: XIV ғасырда — сызықтармен қиылған, крестпен бітетін екі шеңбер, безендірілмеген құмыра, шағын кеме, айбалта, қашып бара жатқан бұғы, XV ғасырда — үш тау, (ортаңғысында крест бар) қаз, қайшы, тиардағы папа, екі кілт, әтеш, ит, вепрь, әйел фигурасы, жүзім бұтағы, тәж, тәжі астындағы жұлдыз, якорь, дельфин, готикалық әріптер М мен Р, аңшылық керней үш лилиялы герб. XVI ғасырда — биялай, әр түрлі кұмыралар, француз фабриканттарының есімдері бар таңбалар, шошқалар, тиарлар, поляк гербтері, бұқа бастары, француз қалаларының гербтері. XVII ғасырда — тіске ұқсас ирек жағалы куақы адамның басы, Амстердам қаласының гербі, бүркіт, сыбызғы, патша тәжі, «Рro Patria» таңбасы (арыстанды ұрысқа итермелеген әйелдіқ аллегориялық бейнесі); XVIII ғасырда — қос басты бүркіт (мемлекеттік герб), Георгий Победоносецтің суреті салынған Москва гербі, якорь, біріктірілген төрт якорь, айбалталы аю, қағаз жасалып шыққан кәсіпорындары иелерінің герб таңбалары мен монограммалары, оның жасалынған датасы, судағы таңбалар мына кітапта неғүрлым толық айтылған; Л. В. Черепнин. Русская палеография. М., 1956, 224—229, 335—340, 466-беттер. Мүнда кейбір филиграньдардың бейнелері / берілген. Оларды ғасырларға қарай бөлу өте шартты екендігін ескерген жөн. Көптеген филиграньдар бір ғасырдан екіншісіне ауысып отырды, кейбіреулері өте қысқа уақыт қана сақталды.

Пергамент пен қағазға текстер сиялармен жазылды, бұлар темірден, тері илейтін заттардан, шие желімінен және басқа материалдардан жасалып шығарылды. Бұлар өте тұрақты болды да, ғасырлар бойы сақталды. Қолжазбаларда немесе кітаптарда тақырыптар немесе бас әріптер сырмен, көбіне қызыл сырмен жазылған (осыдан барып орыстың «красная строка» деген сөзі — «жаңа жолдан» бастау келіп шыққан). Ерекше кітаптар мен ма-ңызды грамоталар желімге езілген алтын түсті немесе күміс түсті бояумен жазылды.

Алғашқы кездерде қаздың қауырсыны (бұлар XIX ғасырдың ортасына дейін) қолданылды, аққу мен «түйе құстың» қауырсыны да сирек те болса қолданылды. XVI ғасырда әуелі контурлар­ды суреттерді жиектеу үшін, ал XVII ғасырдың аяғынан бастап жазу үшін де қарындаштар пайдаланыла бастайды. XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап болат қаламұштар пайдаланыла бастайды.

 

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Беклемишев А.В. Меры и единицы физических величин. М, 1954
  2. Бурнашева Г.З. Монетный материал в городище Отрар Тобе. А, 1974
  3. Введение в специальные исторические дисциплиныМ, 1990

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *