- Эпиграфика ұғымы, дамуы, негізгі мақсаттары мен міндеттері. Басқа ғылымдармен байланысы. Эпиграфикалық ескерткіштердің жазу тарихындағы маңызы.
- Эпиграфикалық ескерткіштер тарихы
- Қазақсатандағы ежелгі заманның эпиграфикалық ескерткіштері
- Петроглифтердегі антроморфтық бейнелер.
- Орта ғасыр петроглифтері, таңбалы тастар. Ғалымдардың зерттеулері. Қазақстан территориясындағы архитектуралық ғимараттар мен күмбездегі таңбалр, ою-өрнек, жазулар.
- Эпиграфикалық ескерткіштердің маңызы. Барельефтер мен ескерткіш тақталар.
Археологиялық ескерткіштерден сақ тайпаларының обалары мен қоныстары белгілі. Обалардың сыртқы көріністері әр облыста әрқалай болған. Мәселен, Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда сақ тайпаларының обалары өте биік, аумағы кең болып келеді. Ең биік обалар 20-30 м., аумағы 60-90 м., кейде 120 метрге дейін жетеді. Ондай обалар Іле өзенінің аңғарларында кездеседі. Археология ғылымында ондай обалар «патша» обалары деп аталады. Обаларды тарих ғылымдарының докторы, археолог К. Ақышев зерттеген. Сақ ескерткіштерінің ең атақтысы – Есік обасы. Ол Алматының шығысында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайында 1969-1970 жылдары табылған. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабір – орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабір тоналған, ал бүйірдегісі аман қалған. Бұл қабірге басын батысқа беріп, шалқасынан жатқан 17-18 жастағы сақ жауынгері жерленген. Ол басына 200-ден астам алтын әшекеймен безендірілген шошақ төбелі биік (65-70 см) тымақ киген. Мәдениеттің бірі саналатын — әйгілі үлкен күміс табақтағы 26 таңбадан тұратын екі жол жазу. Бұл ғылымда «Есік жазуы» деген атпен белгілі болды. Таңбалы жазудың құпиясы ғылымға әлі де белгісіз. Орталық Қазақстандағы Тасмола деген жердің атына байланысты – Тасмола мәдениеті аталған ескерткіш табылды. Бұл ескерткіштің өзіне тән ерекшелігі – «мұртты обалар». Мұртты обалар деп басты адам жерленген обаның екі жағынан адамның «мұрты» тәрізді ұзындығы 60-70 м. тастан қоршаулар жасалған. «Мұрттың» біткен жеріне екі жағынан да, орталық қорғаннан онша үлкен емес кішілеу екі оба тұрғызылған. Оларға жүргізілген қазба жұмысына қарағанда, адам жерленбеген, жылқының сүйектері және көзелер табылған. Ғалым археолог М.К. Қадырбаевтың зерттеуі бойынша, Тасмола мәдениетінің ескерткіштері және «мұртты» обалар темір ғасырының ҮІІ-ІІІ ғғ. жатады.Сақтар «нүктелі техника» деп аталатын суретшілік әдісі арқылы өздері мекендеген жердегі жартастарға аңшылық, малшылық тұрмысты бейнелейтін, жабайы хайуандар мен табиғаткүштерін «кие» табынатын діни ұғымдарды білдіретін суреттер салған. Бұл бейнелеу шығармалары шартты түрде «аң стилі» деп аталды. Оның негізгі тақырыбы – аңдарды, хайуандарды және аңыздардағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Б.з.б ІІІ-ІІ ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырап, аң стилі ою-өрнекке айналды. Оның орнына түрлі-түсті тастармен көз салып безендіру техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылған полихромдық деп аталатын стиль келді. Тері, киіз, ағаш, жүн маталары тез шіритіндіктен болғандықтан бұл өнер мұралары көп сақталмаған.Қазақстан аумағындағы жаппай таралған петроглифтер – жартастағы суреттер де сақтардың бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылды. Әдетте, олар күнге күйіп, бетін қоңыр тат басқан жартастарға үшкір металл құралдармен қашап салған
Шығыс славяндарда жазу-сызудың тууы таптық қоғамның қалыптасу кезеңіне жатады. Әуел баста қарапайым бейнелер мен ұғымдарды білдіру үшін пиктографиялық таңбалар-символдар, соның ішінде көптеген халықтарда: күнді-шеңбермен, отты-крестпен, суды-ирек сызықпен таңбалау т.б. кеңінен таралды.
Суретпен таңбаланатын бірте-бірте жазу-сызу орнына буындық жазу, ал содан соң дыбыстық (фонетикалық) жазу келеді.
Бізге дейін келіп жеткен жазу-сызудың ежелгі ескерткіштерінің саны аз болғандықтан, шыңыс славяндарда фонетикалық жазудың пайда болу тарихы әлі де болса жеткілікті анықталмаған. Алайда бұның христиан дінін қабылдаудан бұрын-ақ қалыптасқандығы және елдің қоғамдық-саяси дамуының қажеттерінен туғандығы анықталды. Сол кездің өзінде-ақ, Қара теңіз маңы мен шығыс славян халықтарының жазу-сызу дәстүрлерінің негізінде, жазу-сызудың ең ежелгі таңбалары- «сызықша» мен «кесінді» таібаларын жетілдіре түсуі жолымен ежелгі славян әліппесі пайда болды. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл глаголица еді. Бұл бірте-бірте неғұрлым жетілдірілген-кириллицамен алмастырылды. Мұны жасауда Византия миссионерлері Кирилл мен Мефодийдің сіңірген еңбегі аз болмады. Екінші бір зерттеушілер кириллицалардың анағұрлым ертеде шыққандығын мойындайды, ал глаголицаның пайда болуы кейініректегі уақытқа жатқызылады да, мұны шығыс славяндар үшін өздері әліппе ойлап тапқаннан кейін Кирилл мен Мефодийге қудалау жасалғандығымен байланыстырады.
Д.С.Лихачевтің пікірі бойынша шығыс славяндарда христиан діні қабылданғанға дейін бірнеше алфавиттер болған да, тек бұлардың біреуі-кириллица ғана бірте-бірте орныққан. Жазудың бұл жүйесін жетілдірген Кирилл: Бұл жайында Л.В.Черепниннің Москвада 1956 ж. шыққан «Русская палеография» деген кітабының 75-111-беттерінде «Славян жазу-сызуының шығуы тыралы» деген тарауында толық айтылады.
ХІІ ғасырда жалпы құрып кеткен глаголдік жазу ескерткіштері негізінен алғанда Х-ХІ ғасырларда аздап сақталған. Тарихшылар іс жүзінде бұларды еш жерден таба алмайды деуге болады.
Қазіргі орыс алфавитінің негізіне қарапайымырақ кириллица алынған. Әуел баста бұл 43 таңбадан тұрған. Біздің бұдан әрі көрсететініміздей, кирилл әліппесінің көп бөлігі біздің заманымызға дейін ежелгі дыбысталуы мен жазылуын сақтап қалған. Текст тұтас жол бойына, әріпке әріп қосылып жазылды. Бірак кейбір жағдайларда қағазды үнемдеу үшін әріптерді, негізінен алғанда дауысты әріптерді немесе сөздерді жол үстіне шығаруға немесе жиі қолданылатын сөздер-дің жеке әріптері мен буындарын тастап кетуге жол берілді. Мүндай жағдайларда қысқартылған сөз үстіне сызық және жартылай дөңгелек түрінде ерекше таңба — титло қойылды.
XVI ғасырдан бастап-ақ және одан соңғы жерде әріптерді біріктіріп жазу соның ішінде жолдағы әріптерді жол үстіндегі таңбамен қосу (шалып алу) барған сайын айқынырақ байқалады, көбіне титлосыз және қысқартуларсыз жазылатын анық әріптер саны көбейе түседі.
Көрсетілген белгілердің дамуы песірлердің жеке ерекшеліктеріне жол ашып, XVII ғасырда жедел жазудың оқылуын қиындата түсті: Сондықтан да бұл кездегі жеке әріптердің жазылу ерекшеліктерін мұқият зерттеу қажет болады. Бұлардың сипаттамасы: М. Н. Тихомиров пен А. В. Муравьев. Русская палеография (М., 1966, 35—36-бет) оқу құралында берілген. Осында XVI—XVII ғасырлар жедел жазуына тән болып келетін әріпті жол үстіне шығару мен қосып жазу тәсілдері келтірілген.
1710 жылы азаматтық шрифтерді енгізу орыс жедел жазуын дамытуда жаңа кезеңнің негізін қалады, бұның өзі осы заманғы жазуға барған сайын жақындай түсті. Бұл жазуға тән белгілер — жеке әріптердің жазылуын унификациялап, оңайлату, қысқарту, ал XVIII ғасырдың аяғынан бастап, шалып жазылатын әріптердің жойылуы сөздерді байланыстырып жазу, тексті қатаң ереже бойынша, сөздер мен сөз тіркестеріне бөлу және бас әріптерді қолдану (XVIII—XIX ғасырлардағы жедел жазу графикасы қосымшаның 5-таблицасында келтірілген.)
Ұлы Октябрь социалистік революциясы орыс графикасын дамытуда жаңа кезең ашты. Қалың халық бұқарасының сауат ашуға тілек-талабына жауап бере отырып Совет үкіметі, 1918 жылдың өзінде-ақ, орыс жазу ережесінің кең реформасын жүргізді. Алфавиттен көптен бері-ақ дербес маңызынан айрылған і, ь, о (фита), v (ижица) әріптері алынып тасталды. Бірқатар әріптердің жазылуында күш пен уақытты үнемдеу мақсаты байқалды. Бұл әріптерді қолбыратқан және олардыц оқылуын қиындатқан барлық артық элементтерді жоюдан көрінеді.
Жоғарыда көрсетілген тенденциялардың бәрі осы заманғы жедел жазуда онан әрі дамытыла түсті. Егер де бұл кезеңде графика оңайлай түссе, оның есесіне қол жазуының жеке түрлері саналуан да күрделі бола түседі. Мұның үстіне тексті бейнелеудің жаңа тәсілдері — стенография, машинаға басу түрлері пайда болды. Бұлар негізделген принциптерді оқып үйрену біздің ғылыми пәніміздің міндетіне кіреді.
Россияда стенографиялық жазбалар жүргізудің алғашқы әрекеттері XVIII ғасырдың аяғында-ақ жасалды. Сөздерді, баяндамаларды т. б. дәл жазып алуға қажеттіктің өсуімен байланысты капитализм заманында стенография кең өріс алды. Қазіргі кезде 120-ға таяу стенографиялық жүйе бар. Бұлардың негізінде екі принцип: 1) талшық сызықтардың көмегімен қосылатын кәдуілгі жазу элементтерінен тұратын сопақша болып келіп, оның бөліктері тік сызықпен ұштасқан курсивтік (графикалық) және 2) геометриялық фигуралардан тұратын (дөңгелек пен оның бөліктерінің әр түрлі көлбеулердің тікшесімен қосылуы) және қосқыш талшық сызықтары жоқ геометриялық принциптен тұрады. Стенография сиетемасымен танысу үшін мына кітап ең жақсы құрал болып саналады: Н. Н. Соколов. Теоретические основы, государственной единой системы стенографии. М., 1949.
Стенографиялық жазба ажыратылып оқылғаннан кейін және тексті автор түзеткеннен кейін дұрыс деп табылады. Стенография мен оны ажырату методтары туралы мына кітапта толық айтылады: С. А. Рейсер. Палеография и текстология нового времени. М., 1970, 43—54-беттер.
Алғашқы жазу машиналары Россияда XIX ғасырдың 70-жылдарында пайда болды, бірақ ол кезде кеңінен тарамаған еді. Іс жүзінде, олар XX ғасырдың басынан қолданыла бастады.
Жазу машиналарында басылған текстерді зерттей отырып, мұны автордың өзі жазған ба немесе машинистка жазған ба, осыны алдын ала анықтау қажет. Егер автордың түзетулері болса онда бұларды оның қашан жасағанын анықтау қажет. Автор түзетіп, қол қойған, машинкаға басылған текст автограф болып саналады. Бұл арада әр түрлі машинкаларда басылған айнымаған бірдей екі текстің болмайтындығын еске алған жөн. Осыдан келіп тексті жасаған орын мен уақытты, автордың аты-жөнін, басқа мәселелерді де анықтап алу үшін кең мүмкіндіктер ашылады.
Қолданылатын әдебиеттер:
- С. А. Рейсер.. Палеография и текстология нового времени. М., 1970, 39—43-Сеттер.
- М. Н. Тихомиров пен А. В. Муравьев. Русская палеография (М., 1966, 35—36-бет)
- Н. Н. Соколов. Теоретические основы, государственной единой системы стенографии. М., 1949.
- С. А. Рейсер. Палеография и текстология нового времени. М., 1970, 43—54-беттер.